Швед шыбындары:арпа –Oscinellapusilla Meig., сұлы -O. fritL. (acтық шыбын тұқымдастары-Chloropidae, қос қанаттылар отряды-Diptera). Биологиясы және морфологиясы жағынан айырмашылығы жоқ. Ересек шыбын қара, денесі дөңес болып келеді. Денесінің ұзындығы 1,5-2,0 мм. Дернәсілдері қаралауақшыл, ұзындығы 3-4 мм. Сұлы швед шыбыны сұлыны зақымдайды. Шыбынның ұшуы 1 айға дейін созылады. Сұлы швед шыбыны көбінесе ылғал сүйгіш. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50 пайызға дейін болғанда, шыбындар өле бастайды. Сондықан Солтүстік Қазақстанда арпа швед шыбыны кеңінен таралған. Жоғары жастағы дернәсілдер сабақта қоректенген жерінде жалған пілләда қыстап шығады. Көктемде сол жерде қуыршаққа айналады. Аналықтары жұмыртқаларын колеоптиль үстіне немесе астына, жапырақтың қынабына біреуден немесе екеуден салады. Барлығы орташа есеппен 30 жұмыртқа салады, 3-4 ұрпақ беріп дамиды. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер сабақтың ішіне енеді. Дернәсілдер арпа, бидайдың жас сабақтарына ғана зиян келтіреді. Қара бидай, жүгері, астық тұқымдас шөптер де зақымдануы мүмкін. Сабақ ішінде эмбриональды ұлпалармен қоректенеді, сонымен қатар ортаңғы жапырағы сарғаяды және солып қалады. Зақымдану фазасында 2-4 жапырақтар өсімдіктің өлуіне әкеп соқтырады.
Көп қоректі және маманданған зиянкестер Көпқоректі тур қанаттылар (шекшектер, шілделіктер, бұзаубастар). Көпқоректі тура қанаттылар (үйірлі шегірткелер). Көпқоректі тура қанаттылар (саяқ шегірткелер). Топырақта тіршілік ететін қатты қанаттылар. Шыртылдақ қоңыздар, тақта мұртты қоңыздар, қара денелі қоңыздар. Кӛпқоректі қабыршақ қанаттылар – кеміргіш көбелектер. Көпқоректі қабыршақ қанаттылар – кеміргіш көбелектер. қабыршақ қанаттылар – жапырақ кеміргіш көбелектер.
Маманданған зиянкестер түрі Дәнді дақылдардың сабақ ішіндегі зиянкестері (шведтік шыбындар, гессен шыбыны, тары құмыты). Дәнді дақылдардың сорғыш зиянкестері (астық цикадалар, астық бітелері, бақашық қандалалар және трипстер). Дәнді дақылдардың кеміргіш зиянкестері ( дәннің сұр кӛбелегі, астықтың жолақ бүргесі, сабақ бүргелері, кәдімгі сүлікше қоңыз, астық қоңыздары, астықтың барылдақ қоңызы).Бұл зиянкестер өте қауіпті болып табылады . және олар күресу шараларын толығымен игерген жөн.