Сынып жетекшіcінің қиын балалармен жүргізілетін жұмыстары Қиын балалармен жұмыс істеу:
1) балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
2) oның жағымды қасиеттеріне сүйену;
3) оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену сияқты өте биязылықпен жеке-дара қатынасты қажет етеді.
Педагогикалық жағынана алғанда, бетімен жіберілген балалармен – тәртіп бұзушы жетекшілермен тәрбие жұмысын жүргізу мейлінше күрделі. Бұл жетекшілерге көбіне ырықсыз мінез – құлық, жеке бас құрылымының бұзылуы, айқын көрінген әлеуметтік жат, оның ішінде жасына лайық есем қажеттіліктердің болуы, немденуге бағдарланған қалыптан тыс, «тікелей» тілектердің болуы, достық, жолдастық, парыз, ар-намыс туралы теріс түсінікке алып келетін қарым – қатынастағы қажеттіліліктің бұрмаланған бағыттылығы тән. Тәртіп бұзушы жеткіншектерде рухани, танымдық, эстетикалық қажеттіліктер деформацияланған. Атап айтқанда, оқуға деген ынта жойылған. Сонымен бірге тәртіп бұзушы жеткіншектер, зерттеулер көрсеткеніндей, қалыпты интеллектуалдық мүмкіндіктерді игереді, сондықтан көп салалы іс-әрекеттің берілген жүйесіне оларды мақсатты түрде тартып отыру интеллектуалдық жүгенсіздік пен енжарлықты жоюға көмектеседі.
21. Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы. Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы Тәрбиенің ең негізгі құралы мектеп ұжым, ол - ортақ мақсатпен, іс - әрекетпен, гуманистік қарым - қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы.Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. Ол заңдылықтар адамның шынқарыштап дамуының бірден — бір көзі — адамдар арасындағы өзара қатынастарды ұжым негізінде құру болады деген дұрыс ұғымға негізделген.
Ұжым проблемасын бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеуміттік ғылымдар саласында "ұжым" ұғымы ең бір маңызды категория болып есептеледі. Әлеуметтік психология адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасының барысын анықтайды. Сонымен қатар педагогиканың негізгі категориясы — тәрбиленуші ұжым, ол ұжымның ерекше типі - өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан ұжым және оның проблемасы, әлеуметтік, күрделі әрі маңызды проблема болған және болып келеді.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тимді құралы. Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді. ВА.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым - қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым - қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым - қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Тәрбие үдерісі (бұдан әрі – ТҮ) – бұл тұлғаның тәрбиелілік деңгейі, ол оқушының
қоршаған әлеуметтік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен
сипатталады. Осы дайындықты анықтау және айқындау үшін диагностика – оқушының
даму үдерісі мен нәтижелеріне талдау жүргізіледі. Сапалы жұмысты қамтамасыз ету
мақсатында мынадай іс-шаралар өткізіледі: біртұтас тәрбие және оқу үдерісін құру және
ұйымдастыру; мониторинг, нәтижелерді бағалау; педагогикалық қызмет профилактикасы
және түзету. Заманауи педагогикалық іс-тәжірибеде оқушылар тәрбие, өзіндік тәрбие мен
өзіндік даму субъектісі болып табылады. Диагностика - оқушының даму үрдісі мен нәтижесін талдау
Психологиялық-педагогикалық диагностика – бұл оқу-тәрбие жұмысын
оңтайландыру мақсатында оқушының жеке-психологиялық ерекшелігін және балалар
ұжымының әлеуметтік-психологиялық мінездемесін зерттеуге бағытталған бағалау
тәжірибесі.
Адамды барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек.
Сынып жетекшісінен өз оқушыларын және сынып ұжымын жүйелі түрде зерттеп
білу талап етіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ең алдымен оқушылардың жас және дербес
ерекшеліктеріне назар аудара отырып, сыныптағы балалар құрамын мұқиат тани білгені
жөн.
Сынып жетекшілері жаңа оқу жылының басында немесе тоқсан соңында оқушылар мен бірге атқарылған жұмыстарына талдау жасайды және ары қарай не істеу керектігін ойластырады. Олар күнделікті балалармен қарым –қатынас жасай отырып оқушыларымды жақсы білеміз деп есептейді. Дегенмен, бұл үнемі ойлаған мен жанаса бермейді.
Мұғалімге балалармен қатынасы жақсы, олар барлығын дұрыс орындайтын сиақты
болып көрінеді, ал оқушылдардың мұғалімдер мен қарым –қатынасқа көңілдері толмайды,
олар өздерін тереңірек түсінуді, олармен санасуды, сабақтарды басқаша формада өткізуді,
мұғалімдермен өзара қатынасқа өзгеріс еңгізуді қажет етеді. Сабақтағы қателіктер және
тәрбие жұмысындағы сәтсіздіктердің көпшілігі мұғалімнің өз оқушыларын жетік
білмеуінен болатыны белгілі жайт, демек, бұл сынып жетекшісі жұмысының
диагностикалық маңызын арттырды.
Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика (тұтас топты және оқушыларды кешенді зерттеу) -бұл педагогикалық диагностиканың жаңа бағыты. Педагогикалық
диагностика оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зерттеу.