Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»



бет18/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
педагогика

Оқыту әдістерінің басты қызметі – оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту әдістері:

  1. Ақпарат беру әдісі

  2. Түсіндіру әдісі

  3. Ынталандыру әдісі

  4. Тәжірибелік әдісі

Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҚСАТЫ:
Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
 
МІНДЕТІ:

  • Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау.

  • Дарынды және ерекше қабілетті балалардың ізденуіне жағдай жасау.

  • Оқушының ақыл – ой қабілетін жетілдіру;

  • Шығармашылық жеке дарындылғын арттыру;

  • Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімі мен ой өрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру.

  • Техника саласындағы қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ

  • Оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады;

  • Кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;

  • Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;

  • Сөз бояуын құбылта алады.

  • Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді.

  • Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолданады;

  • Әдеби тілдік нормаларды ұтымды қолданады.

  • Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.


19. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық-іс әрекетінің нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алу. Мұғалімге қойылатын талаптар.
Оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекеті – күрделі процесс. Ол іс – әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу – танымдық іс – әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл- амалдарынан тұрады. Оқу үрдісі оқушылардың оқу- танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу - танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Танымдық белсенділіктің орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүміндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенді танымды іс- әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігі мына үш белгіге тән: · Оқу- танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты; · Оқу- танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты; · Оқу- танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет