Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
49. Оқыту əдiстерiн жетiлдiру жəне мұғалiмнiң сабақтар жүйесiнде оларды таңдай бiлуi. Ұжымға педагогикалық жетекшiлiк.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру – күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді.
1. Оқыту әдістерін оның мақсат–міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің еркшеліктеріне сай қолдану.
2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескерту.
3. Мектептің географиялық орналасуын ескерту. Мысалы, оқытудың қала мектептерінде оқушылардың өндіріс орынддарында экскурсия жасау мүмкіндігімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы участкелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.
4. Мұғалімнің іс–тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық – мақсаттың жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ен алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс. Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті қосымша материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақгы тұжырымдап берді: ұжым – басқа ұжыммен органикатық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы. Ұжымға педагогиалық басшылық бірыңғай талаптар қою, ұжым жұмысының басты бағытын анықтап, бірлескен істі тәртіпке келтіруге, қоғамдық дұрыс пікір туғызуға көмек көрсету жолымен жүзеге асырылады. Бұл басшылық дербестікті дамытумен, олардың пайдалы бастамаларын, әрекеттерін мадақтаумен ұштастырып отыру керек.Мектеп директоры мұғалімдердің күш жігерін ұжымдық ой үшін біріктіре алатындай болғанда ғана, оны шығармашылық жұмыста дамытудың жолын тауып көрсете білгенде ғана, ең бастысы мұғалімдермен бірлесе отырып оқу тәрбие процесінің байлықтарын жинақтай білгенде ғана педагогикалық ұжымның ұйымдастырушысына, қамқоршысына , жетекшісіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |