39. Оқу түрлері. Ынталандыру əдістері 1. Оқудың түрлері.
Әдебиеттік оқудың екі түрі бар. Олар: дауыстап оқу және іштей оқу. Оқудың бұл екеуі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады. Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу іске асырылады. Ол 1-2-сынып оқушыларына тән. Іштен оқу да қолданылады. Бірақ іштен оқу 1-сынып оқушыларының оқу деңгейін тексеруге, олардың жіберген қателерін түзетуге мүмкіндік бермейді. Ал дауыстап оқыту арқылы олардың оқу сапаларын байқауға болады. Сондықтан сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу қолданылады.
Әліппеден кейінгі кезеңде іштен оқуға дағдыландыра бастау қажет. Іштен оқуға үйрету маңызды. Себебі, дауыстап қана оқып үйренген бала орта буынға көшкен кезде қиыншылыққа ұшырайды:
1. Ол оқуы үшін жеке өзі ғана болуды қажет етеді. Дауыстап оқыса, басқаларға кедергі жасайды.Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі.
2. Оқу шапшаңдығы дамымайды. Себебі оқу жылдамдығы іштен оқу барысында қалыптасады. Мысалы: 2-сыныпта оқу жылдамдығы дауыстап оқуда минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда 60-75 сөз болса, іштен оқығанда 80-100 сөз болады.
2,3,4-сыныптарда оқудың екі түрі де қатар қолданылады. Ал 3,4-сыныптарда көбіне іштен оқуға көңіл бөлінуі қажет. Мұғалім оқудың екі түрін де іске асыру барысында оқу сапаларына да баса назар аударуы қажет.
Ынталандыру әдісі Мақтау - әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап етеді жазалау - қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс Тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады.
белгілі бір құқынан айыру немесе уақытша рұқсат етпеу;
моральдық кемшілігін таныту.
40. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама Оқытудағы басқару және көшбасшылық – бұл
эмоционалды-адамгершілік сауаттылық, эмоционалды-позитивті оқыту және оқушының жан-жақты дамуы.
Элмор Жауапкершілік саясаты күшті мектеп жүйесінде көшбасшылық тәжірибені жетілдірудің құралы болып табылады дейді.
Оқытуға бағытталған көшбасшылық оқытудың жоғары сапасына қол жеткізу мақсатында оқыту үдерістері мен оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағытталған. Көшбасшы мұғалімдер сынып пен бүкіл мектеп жағдайында болып жатқан процестерді бақылайды; нәтижелерді қолдана отырып, оқыту мен оқу процестерін бақылай отырып, мұғалімдердің күшті жақтары мен даму қажеттіліктерін анықтайды; топ оқушылары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды анықтайды.
Мұндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, өйткені мектепте көшбасшылық идеясын жүзеге асырудың маңыздылығын мойындай отырып, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату мен дамытуға артықшылық беру керек.
Тәрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқа-ларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тәуелді:
- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);
- тәрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;
- педагогтың ықпал жасау тәсілі: тікелей, жанама;
- нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжжасау тәсілі: тікелей, жанама;
- нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мәнді өнім;
- қатысушылар саны: жеке – дара (тәрбиеші – тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші – оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тәрбиеші – бірнеше топ) формалары