«Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қасиеттер» Муратбек Алия



бет8/16
Дата14.02.2023
өлшемі47,92 Kb.
#67637
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
12.Камалтаева Нигина
Эссемді ұлы ұстазым Ахмет Байтұрсунов сөзімен бастайтын болсам: "Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ қана, ал біліктілік дегеніміз білімнің жеткіліктігін ғана емес, сол білімді жүзеге асыра білу. Осы асыл сөздер қоғамдық жаңғарулар тұсында басты мәселеге айналып отырғанын қабылдауымыз керек.
Еліміздің болашағын ойлайтын болсақ қазіргі әр бір маманымыз ең алдымен білімді болуы тиіс. Қазіргі дүние қай салада болмасын қарыштай дамып әр күні бір өзгеріс болып жатыр.
Менің ойымша қазіргі таңда заманауи маманға қажетті қасиеттердің бірі ол қоғамға адал, білімі жоғары және арлы мамандар қажет.Жәнеде әр бір маман өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы тиіс деп санаймын.
Кəсіби білім берудің негізгі міндеті — болашақ кəсіби оқыту педагогының субъект функциясына сəйкес құралдарды жүзеге асыру жəне оларды практикалық іс-əрекетте қолдану іскерлігін қалыптастыру, педагог бойындағы кəсіби іскерлік қасиеттер мен қабілеттерді дамыту.
Болашақ педагогтар кəсіби мамандықты меңгерумен қатар педагогикалық шеберліктің өзіне тəн ерекшеліктерін білуі қажет. Қазіргі таңда жоғары білім беру жүйесінде білім берудің жаңа модулін құру мен сынақтан өткізудің, оны енгізудің жауапкершілікті міндеті тұр.
13.Полат Индира
Қазіргі талапқа сай мамандар өте ұлғайлы түрде көбейіп жатыр. Мысалы: IT, Графикалық дизайнер, Мобилогроф, Таргетолог, SMM және тағы басқалары. Көбейюдің себебі, біздің заманымыз бір орында тоқтап қалмаған, көп деген өзгерістерге ұшыраған, сол өзгерістер бізді ғылыми уақытқа алып келген және сол арқылы біздің мамандықтарымыз өзгеруіне және кәсіби жетілдіруге алып соққан.Бірақ заманның өзгеруіне қарамастан әлі күнге дейін негізгі мамандықтардың бірі болып саналатын, ол әрине мұғалім.
Мұғалімді көбінесе екінші анамыз деп санаймыз.Себебі мектептің ішіне кіргенде барлық проблемамызды және жаңа заттарды түсінбесек түсіндіріп шешіп беретін, ол мұғалім еді.Және де мұғалімнің алдына барлығымыз өткенбіз боксер болсын тіпті суретші болсын. Осыған байланысты мұғалімнің жауапкершілігі ұлғаяды, себебі ол адам баласын тәрбиеге алады. Мысалға мен мұғалімімен жақсы қарым қатынаста болған үшін, оған ұқсап осы мамандықты таңдаған едім. Әрине көп деген факторлар әсер еткен шығар, бірақ мұғалімнің өзі маған кеңес беріп, қолдау көрсеткені жақсы болған еді. Сол үшінде мұғалімнің ең басты қасиеті ол балалармен жақсы тіл табысу, оларды түсіну, қолдау болып есептеледі. Екіншіден мұғалім ақылды және еңбекқор болу керек.Осы екі қасиетті бірге алып жүрсе, күн сайын оқып, өмірге деген көз қарасын өзгертіп, балаларға өз ақылын, дұрыс жолын көрсетіп жеткізе алады.
Қортылай келе мұғалім мамандығы өз жақтарымен қиын болсада, осы қиындықтарға мойынсынбай,қайтаға төзімділікпен сабырлықпен шешілуі тиіс деп ойлаймын, себебі әр мамандықтың оңай жолы бола бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет