Кәсіпкерлік: Бизнесті ашу Негіздері



Pdf көрінісі
бет7/54
Дата05.11.2022
өлшемі2,1 Mb.
#47643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
 

Бизнес-жоспар 
Қ
ысқаша шолу: Аталған тарауда бизнес-жоспардың маңыздылығы
сәйкес келетін бизнес-жоспардың кәсіпкер үшін неге тиімді құрал 
болатыны; дұрыс жоспарды құру үшін жағдайдың болуы түсіндіріледі; 
аталған модульде қатысушылар ұсыныс жасайтын өнеркәсіпті, бәсекені 
(МӘМҚ), өнім және қызметті талдау бойынша қатысушылар үшін 
басқару қағидаттары,сонымен қатар бизнес-жоспарды құру тәсілдері 
көрсетілетін болады. 
Дұрыс бизнес-жоспар құру жаңа іс ашудағы негізгі табыстардың бірі болып 
табылады. Бизнес-жоспар - жаңа кәсіпкер мен оның бизнесіне арналған жол 
картасы. Негізінде бизнес-жоспар 3-5жылға құрылады және компания 
бизнесін дамыту бағыттары анықталады. Бизнес-жоспар мынандай негізгі 
сұраққа жауап береді: нені өндіру керек, қашан өндіру керек, бағаны қалай 
тағайындау керек, қалай жарнамалау және сату керек. Жақсы құрылған 
бизнес-жоспар бизнес үшін құрғыңыз келген негіздеменің беріктігін
қ
арастырады. Бизнес-жоспар табысты кәсіпорынды басқарудың барлық 
элементтерін алдын-ала ескеруді есептетеді. Бұл сізге алғашқы жылдары өз 
табысыңызды бақылауға көмектеседі. Егер сіз өз ісіңіз үшін қаржыландыру 
көздерін іздесеңіз,бизнес-жоспар ажырамас бөлім болып табылады. Ол сіздің 
ә
леуеттік мүмкіншілігіңізді және қаржылық қажеттілігіңізді көрсетеді.
 
Бизнес-жоспардың компоненттері 
Бизнес-жоспар үшін белгіленген үлгі жоқ болса да, ол келесі тараулардан 
тұрады:
1. Қысқаша мәлімет
2. Компания сипаттамасы
3. Нарық сараптамасы (өнеркәсіп, сектор, бәсеке сараптамасына бөлуге 
болады)
4. Ұйымдастыру және басқару
5. Өнім немесе қызмет бағыты
6. Маркетинг және сауда 
7. Қаржыландыруға сұрау жасау
8. Қаржы жағдайының болжамы
9. Қосымша
 
Қ
ысқаша мәлімет
Қ
ысқаша мәлімет бизнес-жоспардың маңызды тарауы болып есептеледі. Бұл тарауда 
сіз оқып танысушыға компанияңыздың қайда орналасқанын, тағы қайда 
орналасқанын қалайтыныңызды және неліктен сіздің бизнес-идеяңыз табысты 
болатынын айтып таныстырасыз. Егер сізге қаржыландыру қажет болса, қысқаша 
мәлімет әлеуетті инвестордың қызығушылығын тудырудың бірінші мүмкіндігі 
болып табылады.
Сіздің бизнесіңіздің кезеңін ескере отырып, «Қысқаша мәлімет» тарауына енгізілуі 
керек кейбір негізгі бөлімдер төменде көрсетілген.


Кәсіпкерлік: Бизнесті бастау-Негіздер, сәуір2013 ж. 
Крис Нгуен 
CMN CONSULTING 
11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет