Өндірістік практика есебі Жоспар



бет1/12
Дата05.05.2023
өлшемі65,16 Kb.
#90238
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Өндірістік практика есебі

Жоспар:

Кіріспе;
I. Бөлім: Кәсіпорын сипаттамасы:

    1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы;

    2. Кәсіпорынның мақсаттары;

    3. Басқару құрылымы;

  1. Бөлім: Практика өту барысы:

1.Практика өту барысында жасалған жұмыстар;
2.Турпакет ұйымдастыру, жолдама сату.
3. Кәсіпорынның қаржылық есебі;

  1. Бөлім: Ұсыныстар

    1. Туризм кластері;

    2. Ұсыныстар мен пікірлер;

    3. Практика өткен екі аптаға көзқарас.


Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе

Мен өз практикамды Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Райс – Cтар» туристік фирмасында өттім. Бұл фирма Қазақстан Республикасының туризм нарығында 2000 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Орналасқан жері: Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 3, №9 офис. Олар элитті турлар, ішкі туризм, сыртқы туризм, ТМД елдері бойынша турлар, ҚХР визаларын жасау, шоп-турлар ұйымдастыру, брондау және т.б. қызметтермен айналысады. Практика барысында мен бұл фирма жайлы көптеген ақпараттар алдым, басқару құрылымымен, кәсіпорынның қаржылық есебімен, кәсіпорын қызметкерлерімен таныстым. Туристерге телефон арқылы ақпараттар бердім, яғни жолдамалардың қанша тұратындығы, қандай қызметтер ұсынылатындығы, жол ақысы қанша екендігі, офистің қайда орналасқандығы жайлы айттым. Туристерге ұсынылатын брошюралар, каталогтар, буклеттер, журналдар, дискілермен таныстым. Туристік фирма көптеген басқа туристік фирмалармен ынтымақтастық келісім-шартта тұрады екен. Сол келісім-шарттармен де таныстым. Интернет арқылы жұмыс істеуді үйреніп, тапсырыстар қабылдап, бірнеше жолдамалар жасадым. Кәсіпорынның туристерге баруға ұсынатын жерлер жайлы көптеген ақпараттар алдым, көп нәрсені үйрендім. Қайда баратындығын білмейтін туристерге бағыт-бағдар беріп, қайда демалуға болатындығын айтып, демалыс үйлері жайлы толық ақпараттар бердім.


Өндірістік практикам үш бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы үшке бөлінген. Осы екі апталық өндірістік практикама толығырақ тоқталып өтелік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет