Кәсіпкерлік: МӘНІ, мазмұны және қалыптасу шарттары кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, негізгі функциялары


Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері, жүзеге асыру шарттары



бет4/4
Дата14.03.2023
өлшемі45 Kb.
#74372
1   2   3   4
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері, жүзеге асыру шарттары
Кәсіпкерлік субъектілер азаматтар (жеке тұлғалар) мен заңды тұлғалар болып табылады.
Азаматтар заңды түлға кұрмай-ақ, қызмет ететін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ретінде, сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерді құруға тікелей қатысатын жеке түлғалар ретінде де кәсіпкерлік қызметке қатысушылар бола алады. Кәсіпкер болып Қазақетан Республикасының әрекет ету- де қабілеттілігі бар кез келген азамат бола алады. Азаматтардың құқық қабілеттерінің мазмұны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен бекітілген:

  • белгілі бір меншікті иелене алады, мүлікті мүрагерлікке алады және мүлікті мүрагерлікке қалдыра алады;

  • кәсіпкерлік қызметпен немесе заңмен тыйым салынбаган басқа да қызметпен айналыса алады;

  • өз бетінше немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен біріге отырып заңды тұлғаларды құра алады;

  • заңға қайшы келмейтін кез келген мэмілені жасай алады және міндеттемелерді орындауға қатыса алады;

  • түрғылықты орнын өз бетінше таңдай алады;

  • ғылым, әдебиет және өнер туындыларының, сонымен қатар басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалды меншік нәтижелерінің авторы қүқығын иелене алады;

  • басқа да мүліктік және жеке мүліктік емес қүқықтарға ие бола алады.

Осылайша, әрекет етуғе қабілеттілігі бар азаматтарға кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін заңмен қүқықтар берілген, сонымен қатар заңмен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін таңдауына мүмкіндігі бар.
Бірқатар заңнамалық актілерде кейбір қызметкерлерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған. Мыса- лы, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларына томендегідей қызметпен айналысуга болмайды:

  • оз бетінше кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

  • өз меншігінде кәсіпорынға ие болуға;

  • шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамның жалпы жиналысында шешім қабылдау барысында өз бетінше немесе окілдері арқылы оларға тиесілі болатын акңиялармен, салым- дармен, пайлармен, үлестермен дауыс беруғе;

  • шаруашылық жүргізу субъектісінің басқару органдарын- да белгілі бір лауазымға ие болуға.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға адамдардың, поли- ңия, салық органдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтардың кейбір басқа да қызмет категориялары бойынша қүқықтары жоқ. Әрекет етуге қабілеттілігі бар деп танылған тұлғалар белгілі бір тәртіпте, заңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкерлікпен айна- лыса алады. Сонымен қатар осы мақсатпен заңды тұлғаларды өз бетінше немесе басқа азаматтармен және тұлғалармен біріге отырып құра алады. Заңды тұлға құрмай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін азамат белгіленген тәртіп бойынша - дара кәсіпкер куәлігін алуы, ал сауда жасау үшін - патент алуы керек. Кәсіпкерлік нарықтық экономикада жалпыэкономикалық және элеуметтік-экономикалық үрдістердің айнымас болігі ретінде сипатталады.
Кез келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда кәсіп- керлік үрдістіц негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады. Бірақ, кәсіпкер - жалғыз субъект ғана емес. Бұл категорияға тұтынушы (негізгі контрагент ретінде), мемлекет, сонымен қатар жалдамалы қызметкерлер мен бизнес жүйесіндегі әріптестер де жатқызылады.
Кәсіпкер мен тұтынушының өзара қарым-қатынастарында алғашқысы белсенді субъект категориясына, ал тұтынушы пассивті рөл атқарады. Тұтынушы кәсіпкерлік үрдістің индикаторы рөлін орын- дайды. Оның себебі, кәсіпкер қызметінің нәтижесі, тек дайын онімді сатып алатын нақты тұтынушының оң сараптамалық (эксперттік) бағалауынан кейін ғана жүзеге асырылады. Өз қызметін жоспарлау және ұйымдастыру барысында кәсіпкер тұтынушының көңіл-күйін, қалауларын, мүдделерін, күтетін нэтижелерін ескеруі керек. Нарықтық жүйе қатынастары жағдайында кәсіпкер үшін тұтынушы мүдделеріне қарай қызмет етуден басқа жол жоқ. Бірақ, мұндай жағдай кәсіпкер тұтынушының мүдделерін ғана ескеріп қатаң түрде солармен жүруі керек дегенді білдірмейді. Тұтынушының езі тұтынушы сұранысын қалыптастырып, жаңа сатып алушылық қабілеттерін дамыту қажет. Демек, кәсіпкердің негізгі мақсаты болып озіндік тұтынушылар ортасын құру, тұтынушыны «жаулап алу» қажеттілігі болып табылады.
Егер қоғамдық өндіріс тұрғысынан қарағанда белсенді субъект рөліне кәсіпкер шығатын болса, кәсіпкерлік үрдіске деген көзқарас жағынан, оның мазмұны мен тиімділігіне тұтынушы белсенді рөл атқарады, сондықтан да кәсіпкер осы жағдайды ескеруі керек. Кәсіпкерлік үрдістің субъектісі ретінде мемлекеттің рөлі іскерлік белсенділік аясында қалыптасқан, нақты жағдайға және мемлекеттің алдына қойылған мақсаттарға байланысты алуан түрлі болуы мүмкін. Осы түрғыдан алғанда мемлекет:

  • кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайсыз жағдайды қалып- тастыратын жағдайда, кәсіпкерлік дамуының тежеуіші болуы мүмкін

  • кәсіпкерліктің дамуына қарсы болмаса және оның даму- ына септігін тигізбесе сырттай бақылаушы ретінде болады;

  • кәсіпкерліктің «жандануына» әкелетін, жаңа агенттерді кәсіпкерлік үрдіске тартуға жұмысталған шараларды түрақты және белсенді іздеп, жүзеге асыратын жағдайда, кәсіпкерлік үрдісті жеделдетуші болады.

Кәсіпкерлік үрдістің жеделдетушісі ретінде мемлекет келесі функңияларды атқарады:



  • кәсіпкерлік жүйесінің кадрларын кэсіби түрғьщан даяр- лау мен тәрбиелеу аясы бойынша білім беру;

  • іскерлік белсенділік аясында жаңадан қосылған кәсіпкерлерді қаржылық тұрғыдан қолдау;

  • кәсіпкерлер үшін жобаларды тиімді жүзеге асыруға қажетті қызметтерді көрсете алатын кәсіпкерлік инфра- құрылымды құру функңияларын атқарады.

Жалдамалы қызметкер, кәсіпкер идеясын жүзеғе асырушы ретінде кәсіпкерлік үрдіс субъектілерінің тобына жатқызылады. Кәсіпкерлік идеяны жүзеге асырудың сапасы мен тиімділігі жал- дамалы қызметкерге байланысты. Кәсіпкерлердің жоспарлары мен қызметкерлердің мүдделері сэйкес болуы керек. Нәтижесін- де, пайда жоғары болған сайын, жалақы мен әлеуметтік төлемдер де жоғары болады. Жалдамалы қызметкерді кәсіпорынның коммерциялық мүддесіне тарту барысында қызметкер тек өзінің жеке нэтижелерімен қатар, ұжымдық қызмет нэтижелеріне де мүдделі болатын жағдайды қалыптастыру керек. Қызметкердің мұндай екі жақты мүддесін материалдық және моральдық тұрғыдан ынталылығын үйлестіре отырып жүргізуғе болады.
Қазіргі кезде, әрбір кәсіпкер еңбек бөлінісі нэтижесінде пайда болған, өндірістің жеткілікті түрде терең мамандануы жағдайында қызмет етеді. Нэтижесінде кез-келген кәсіпкер өзара тиімді әріптестік байланыстарды қажет етеді. Тек осы жагдайда ғана ол біртұтас өндірістік үрдістің белгілі бір сегментінің шектерінде ғана іс-әрекет ете алады.
Кәсіпкерлік қызметтің объектілері ретінде адамдар өзінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктерді айтуға болады. Игіліктер ретінде материалдық заттар мен объектілер (оларды материалдық игіліктер деп те атайды), со- нымен қатар белгілі бір түлғаның қажеттілігін орындау үшін атқарылатын жұмыстары мен қызметтерін (оларды материалдық емес игіліктер деп те атайды) айтуға болады. Материалдық игіліктер әрқашанда заттық (нысандық) түрде болады және адамның сезім мүшелеріне эсері арқылы байқа- лады. Олардың қатарына ауа, су, тамақ, киім, тұрғын үй, басқа да заттар мен нысандарды жатқызуға болады. Адамдар өмір сүру барысында қолданылатын материалдық игіліктер, өзара алуан түрлі белгілері бойынша ерекшеленеді. Төмендегідей материалдық игілік түрлерін атап көрсетуге болады:

  • табиғи және адамдардың іс-әрекетімен өндірілген;

  • тұтынушылық және инвестиңиялық;

  • жеке және қоғамдық;

  • ұдайы өндірілетін және ұдайы өндірілмейтін (ерекше).

Табиғаттың дамуынан ауа, су, жер пайда болды. Бұл -адамдардың өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ететін табиғи материалдық игіліктер. Оларсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Бірақ, адам табиғат туындатқан заттарды (шикізатты) өңдеу барысында өзіне қажетті нақты заттарға айналдыра ала- ды. Олар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болғандықтан сәйкесінше өндірілген материалдық игіліктер деп аталады.


Жеке, жанұялық, топтық, ассоңиацияланған тұтынушыларға арналған табиғи немесе ондірілген материалдық игіліктер тұтынушылық игіліктер деп аталады. Оларға тұрмыстық техни- ка, жиһаз, киім, азық-түлік тағамдары және т.б. жатады. Инвестициялық материалдық игіліктерге басқа да мате- риалдық игіліктерді өндіру, қызмет көрсету және жұмысгарды орындау үшін қажетті шикізат, машиналар, құрал-жабдықтар жатады. Мысалы, шикізатты немесе дайын өнімді тасы- малдау үшін қажетті автокөлік күралдарын инвестициялық материалдық игіліктерге, ал жанүялық тұрмыста қолданылатын - тұтынушылық игіліктерге жатқызуга болады.
Материалдық игіліктердің иесінің сипатына байланысты, материалдық игіліктер жеке және қоғамдық деп екі түрге бөлі- неді. Мысалы, жеңіл автомобиль - бұл жеке игілік. Ал азамат- тарды тасымалдауға арналған автопарктің көліктері қоғамдық игілік болып табылады. Материалдық игіліктер үнемі өндіріліп келе жатқан және ерекше өнім түрінде де болуы мүмкін. Ерекше материалдық игілік оның техникалық ерекшеліктеріне, күрделілігіне бай- ланысты. Ал үнемі өндірілген игіліктер оны өндіруге қажетті тетіктердің, жағдайлардың қалыптасуы мен дамуынан туын- дайды.
Материалдық емес игіліктердің заттық нысаны жоқ. Олар адам үшін көрсетілген пайдалы қызмет немесе орындалған жұмыс нәтижесінің тиімділігіне байланысты.
Қызмет көрсету аясы білім беру, медицина, спорт, мэдениет, демалыс және т.б. сияқты қоғамдық өмір сүру аяларының негізін құрайды. Сонымен қатар, қызмет көрсету жүйесі басқа да са- лаларда (техникалық сервистік қызмет көрсету, бағдарламалық қамсыздандыруды енгізу қызметтері) жүргізіледі.
Жұмыстарды орындау процедуралары кез келген объек- тілердің құрылысы (құрылыс жұмыстары), жөндеу (жөндеу жұмыстары) үрдістерінде және т.б. жұмыстарда кездеседі.
Қажеттіліктердің игіліктерге сэйкестік критерийі бойынша еркін және шектеулі игіліктер деп екіге бөліп көрсетуге болады. Еркін немесе үнемі қолжетімді игіліктер болып әрқашан сұранысты қанағаттандыруға мүмкін болатын игіліктерді ай- тады. Оларға күнделікті жағдайларда қолданылатын кейбір табиғи материалдық игіліктер (мысалы, ауа сияқты табиғи игілік) жатады. Сонымен қатар материалдық және материалдық емес игіліктер еалыстырмалы шектеулі немесе абсолюттік шектеулі болып бөлінеді. Бұл жағдайда, оларға деген қажеттілік көлемдері ұсыныстан артады деғен соз. Игіліктердің шектеулігі, аталған игіліктердің мазмұнының шектеулігінде емес (мысалға, сүттің нашар дэмі немесе кинотуындының қызығушылық тудырмай- тын сюжеті), қажеттілігі айқын игіліктерді адамдардың қолдану мүмкіндігінің шектеулігінде.
Салыстырмалы немесе абсолюттік шектеулі материалдық және материалдық емес игіліктердің болуы, адам қоғамында осы шектеуліліктің орнын толтырудың (жеңудің) объективті негізі болып табылады. Сондықтан да өнім өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау аясында адамдардың қызметі негізінде басқа адамдар үшін де және өзінің де қажетті игілік- терге қол жеткізу мақсатына байланысты жүргізіледі. Демек салыстырмалы немесе абсолюттік шектеулі игіліктерге адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерінің маңызды кэсіби функциясы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет