Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру


Сақтандыруға жатпайтын тәуекелдер



бет3/4
Дата25.11.2023
өлшемі50,23 Kb.
#126981
1   2   3   4
Сақтандыруға жатпайтын тәуекелдер:

Сақтандыру шартын рәсімдеу:

  • Сақтандыру шарты жазбаша нысанда рәсімделеді.

  • Шарт тек сақтанушымен ғана жасалады.

  • Сақтанушы тәуекелдерді нақты анықтау үшін нақты ақпараттар беруіге міндетті.

  • Сақтандыру шартын рәсімдеу барысында сақтанушы сақтандыру ұйымына тіркеу куәлігін, лицензияларын, патенттерін, басқа да қажетті құжаттарын ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, болжанған табыстар мен шығындар туралы ақпаратты, жасалған келісім шарттар, және басқа да сақтандырылып отырған тәуекелдерге байланысы бар ақпараттарды ұсынуы тиіс.

  • Сақтандыру сомасы екі тараптың келісімі бойынша анықталады, бірақ сақтандыру құнынан аспауы тиіс.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру түрлері:

  • өндірістегі үзілістен сақтандыру;

  • инвестицияны сақтандыру;

  • депозитті сақтандыру;

  • қаржы кепілдіктерін сақтандыру

  • төлем төлеңбеу қатерін сақтандыру,

  • экспорттық несиені сақтандыру т. б.



Өндірістегі үзілістен сақтандыру

Кәсіпорынның өндірістік қызметі төтенше жағдайлардың нәтижесінде кенеттен бұзылуы мүмкін. Өндірісті бұрынғы деңгейіне дейін қалпына келтіру үшін талап етілетін уақыт ішінде кәсіпорын залал келтірілмеген жағдайда алатын кірісінен айырылады. Мұндай жағдайлар үшін кірістен айырылудың орнын толтыратын сақтық қорларын құру іс жүзінде мүмкін емес, және тиімді де емес. Өндірістегі мәжбүрлі үзілістің салдарынан тұрақты шығындар мен табыстан айырылу - сақтандыруға болатын және қажет көптеген кәсіпкерлік тәуекелдердің бірі. Өйткені, өндірістегі үзілістен болатын шығын жиі мүліктің өзінің зақымдануынан немесе жойылуынан болатын шығыннан елеулі жоғары болады. Өндірісті тоқтап қалудан сақтандыру мүлікті сақтандыруға қосымша өтелім болып табылады және кәсіпкерлерге орын алған сақтандыру жағдайының салдарынан кәсіпорынның тоқтап қалуы жағдайындағы тұрақты шығындар мен табыстан айырылудың орнын толтыруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет