Кәсіпорынның еңбек құралдарын пайдаланумен тиімділігін талдау



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі76,35 Kb.
#13609
1   2   3   4   5   6   7
1.2 Еңбек өнімділігін талдау
Еңбек өнімділігін бағалау үшін жалпы, жеке және көмекші көрсеткіштер қолданылады. Жалпылама көрсеткіштерге орташа жылдық, орташа күндік, орташа шығатын еңбек өнімділігі жатады. Жеке көрсеткіштерге белгілі бір түрдегі өнім бірлігінің өндірісінің уақыт шығындары жатады. Көмекші көрсеткіштерге белгілі бір өнім түрін өндіруге кеткен уақыт шығыны жатады.

Еңбек өнімділігінің жалпылама көрсеткіштеріне бір жұмыскердің орташа жылдық өнім өнімділігі жатады. Оның көлемі тек қана жұмысшылар өндірісіне байланысты емес, сондықтан жұмысшылар санына, өнім санына, орындалған күндер және ұзақтығына байланысты.



Кесте-2

Көрсеткіштер

жоспар

нақты

өзгерісі; +; -

1.өнім өндірудің көлемі, млн.тг.

94000

100000

+6000

2.өнеркәсіптік-өндірістік персонал,саны, адам

100

202

+102

2.1.жұмысшылар саны, ЧР

170

165

-5

3.өнер/к-өндір/к перс/л құр/ғы жұмысшылар үлесі,

80

81,68

+1,68

4. бір жылда бір жұмысшының іст.күндер саны, Д

220

180

-40

5.жұмыс күні-ң орт.ұзақт.,сағ П

7,95

6,7

-1,25

6.Істелінген жалпы уақыт










6.1. бір жылда барл.жұмысш-р адам-сағ

140150

320320

+180170

6.2. оның іш/де бір жұмысш-ң адам-сағ

1749

1860

+111

7.орт.жылд.өнімд/к,млн.тг.










7.1.бір жұмыскердің орт.жылд.еңбек өнімдл.ГВ

440

241

-199

7.2.бір жұмысшы-ң орт.жылд.еңб.өнімд.ГВ*

705

502

-203

8.жұмысшы-ң орт.күндік өнімд.ДВ

2,63

3,52

+0,89

9. жұмысшы-ң орт.сағ.өнімд.мың.тг. ЧВ

2,45

1,20

-1,25


Диаграмма-2

Аналитикалық талдау барысында жұмыскердің орташа жылдық еңбек өнімділігі байланысты бір жұмысшының бір жылдағы істеген күндері, жұмыс ұзақтығының күндер бойынша және орташа сағаттық өнімділігі.

Еңбек ресурстарына сәйкес салада білім және еңбек дағдыларына ие қажетті физикалық деректері бар тұрғын халықтың бөлігі кіреді. Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарын жеткілікті қамтамасыз етілуі олардың рационалды пайдаланылуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейлі өнім көлемін арттыру үшін және өндіріс тиімділіктерін арттыру үшін үлкен маңызы бар. Кәсіпорынның еңбек ресурстарын қамтамасыз етілуіне және олардың пайдалану тиімділігіне барлық жұмыстардың көлемімен орындалатын өз уақытылығы, жабдық машина, механиканың пайдалану тиімділігі тәуелді.

Талдау міндеттері.


  • Кәсіпорынның және құрылымдық бөлімшенің еңбек ресурстарын, сондай-ақ олардың категориялары мен кәсіптер бойынша қамтамасыз етілуін зерттеу, бағалау.

  • Кадрлар ағымдағы көрсеткіштерін анықтау мен зерттеу.

  • Еңбек ресурстарының резервтерін анықтау, олардың анағұрлым тиімді пайдалану.

Еңбек бойынша талдауды жүргізу үшін келесі қайнар көздерді пайдаланылады.

  • Еңбек бойынша есеп.

  • Табельдік есепке алумен кадрлар бөлімі деректері.

  • Еңбек ресурстармен кәсіпорынның қамтамасыз етілуі.

  • Жұмыскердің категориялары мен кәсіптері бойынша .

  • Нақты санын оның жоспарлық қажетімен салыстыру бойынша есептейді.

  • Еңбек ресурстарының біліктілігі сапалық құрамында талдау керек.

Кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін онда мына көрсеткіштерді орындау керек.

  1. жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату.

  2. еңбек жағдайын жақсарту және жұмысшылардың денсаулығын жақсарту.

  3. тұрмыстық-техникалық қажеттіліктерді қадағалау.

  4. еңбек ұжымын әлеуметтік қамтамасыз ету.

Кәсіпорындағы жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату жоспарын орындау барысында мына көрсеткіштерді талдайды, жұмысшының жоғары, орта немесе орташа маманданған оқу орындарын қанша пайызы бітіргенін, кадрлар дайындау жүйесінде қанша адам немесе пайыз, квалификациясын жоғарлату нәтижесінде қанша пайыз және квалификацияланбаған қанша пайыз. Жұмысшылар квалификациясын жоғарлату жоспарын орындау еңбек өнімінің көтерілуіне және кәсіпорын жұмысына оң баға беріледі.

Жұмысшылардың денсаулығын жақсартуын қамтамасыз ету мақсатында мына көрсеткіштер қолданылады:



  • жұмысшыларды санитарлық құралдармен қамтамасыз ету.

  • санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту.

  • жұқтырылатын аурумен ауратын адамдардың пайыздық үлесі.

  • денсаулықтарын демалыс орындарда, үйде, тур. саяхаттарда емдеткендер қанша пайыз.

Еңбек ресурстарын пайдалану былайша анықтауға болады, яғни бір жұмысшының істеген күндер мен сағатына байланысты және жұмыс уақыт қорына байланысты. Мұндай талдау әрбір жұмысшының категориясы бойынша, өндіріс бойынша және кәсіпорын бойынша өткізіледі. 

Еңбек ресурстары ғылымның екі саласын — әлеуметтік саясаттың және еңбек үшін экономикалық ресурстар ілімінің негізін құрайды. Еңбек, еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту үшін экономикалық ресурстарды зерделеу мемлекеттік құрылым үлгісімен қарастырылады.

Еліміздің жаһандану жағдайында еңбек ресурстарын дамытудың ерекшеліктері мен қағыдаларының мәнін айқындай отырып, алдымен «адамдық ресурстар» және оның түсінігі «еңбек ресурстарын дамыту» түсініктерін анықтап алу қажет.

Еңбек ресурстарының қалыптасуын сипаттайтын негізгі құрамдас бөлігі – еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық (жұмыс істейтін I-II топтағы мүгедектер мен жеңілдік жағдайымен зейнетақы алатын жұмыс істемейтін азаматтарды есепке алмағанда ұлттық заңнамада еңбекке жарамды деп қабылданған жасы жеткен тұлғалар), еңбекке жарамды жастан жоғары және жасөспірім тұлғалар (еңбекке қабілетті жасқа жетпеген тұлғалар).

Еңбек қатынастарын басқарудың кіші жүйесі: топтық және жеке өзара қарым-қатынастарды, басшылық қарым-қатынастарды талдау және реттеу, өндірістік келіспеушіліктер мен келеңсіздіктерді басқару; әлеуметтік-психологиялық диагностика, өзара қатынастардың этикалық нормаларын сақтауды бақылау, кәсіподақпен өзара қарым-қатынастарды басқару жұмыстарын жүргізеді.

Еңбек етуді қалыпты жағдайлармен қамтамасыз етудің кіші жүйесі келесідей функцияларды орындайды:техникалық эстетиканың талаптарын орындау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, психофизиология және еңбектің эргономикасының талаптарын орындау, ұйымды және жеке лауазымды тұлғаларды әскери қорғау.

Экономикалық тұрғыдан белсенді емес (әрекетсіз) халық – қарастырылатын кезең ағымында жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған болып табылатын экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеуге белгіленген жастағы тұлғалар.

Жұмыспен қамтылған (жұмыс істейтін) халық — өзінің жағдайына қарай жалға немесе жеке өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшылар сәйкес келетін жастағы барлық тұлғалар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет