Кәсіпорынның еңбек құралдарын пайдаланумен тиімділігін талдау



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі76,35 Kb.
#13609
1   2   3   4   5   6   7
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2.1 Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы
Еңбек ресурсы ұғымы экономика саласындағы, өңіріндегі, мемлекет деңгейінде немесе кәсіпорында еңбекке қабілетті халыққа сипаттама беру ішін қолданылады. Ал жеке кәсіпорын шеңберінде анағұрлым жақын қолданылатын термин – персонал, яғни жұмыс жасайтын меншік иелері мен барлық жалдамалы жұмысшыларды қосқандағы кәсіпорынның жеке құрамы.

Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы болып жұмысшылардың саны мен құрылымы саналады.

Кәсіпорынның персонал саны оның өндірістік және басқару процесінің сипатына, күрделілігіне, еңбек сыйымдылығына, сондай-ақ, механизациялау, автоматизациялау, компьютеризациялау дәрежесіне байланысты болады. Бұл факторлар оның нормативтік (жоспарлық) мағынасын анықтайды. Персоналдың объективті сипаты болып тізімдік (іс жүзіндегі) саны, яғни сол кезеңде кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылар саны жатады.

Кәсіпорынның персонал құрылымы – жұмысшылардың бірқатар белгілері мен категориялары бойынша біріккен жеке топтарының жиынтығы. Олар, өндіріс процесіне қатысуына байланысты: өнеркәсіптік-өндірістік персонал – өндіріспен тікелей байланысты жұмысшылар және өнеркәсіптік емес персонал - өндіріспен және оған қызмет көрсетумен тікелей байланысы жоқ, әлеуметтік инфрақұрылымдағы (кәсіпорын балансындағы балалар бақшасындағы және медицина мекемелеріндегі жұмыскерлер) жатады.

Еңбек функциясының сипатына байланысты өнеркәсіптік-өндірістік персонал мынадай категорияларға жіктеледі:

- жұмысшылар – бұл өндірістік және транспорттық қызмет көрсетумен немесе материалдық құндылықтың пайда болуымен тікелей байланысты жұмысшылар. Жұмысшылар негізгі (өнім өндірісімен тікелей байланысты) және көмекші (өндіріске қызмет көрсетумен байланысты) деп екіге жіктеледі;

- мамандар - экономикалық, инженерлі-техникалық, заңдылық, әкімшілік және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға: экономистер, инженерлер, технологтар, заңгерлер, кадр жөніндегі инспекторлар, бухгалтерлер және т.б. жатады.

- қызметкерлер (техникалық атқарушылар) – қаржылық-есептік функцияларды, құжаттарды дайындау мен толтыратын, шаруашылық қызмет көрсететін және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға хатшылар, табельщиктер, кассирлер, экспедиторлар және т.б. жатады.

- басшылар – кәсіпорынды басқару функцияларын жүзеге асыру. Басшыларды мынадай деңгейге бөлеміз: жоғарғы деңгей (жалпы кәсіпорын – басшы, жоғарғы басшы, басқарушы және оның орынбасарлары); орташа (негізгі құрылымдық бөлімшелердің басшылар – цехтардың, бөлімдердің басшылары, сондай-ақ, бас мамандар) және төменгі (арқарушы жұмысын орындаушылар – бюро, сектор, мастерлер басшысы).

Кәсіпорын персоналын осылайша категорияларға жіктеу нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

Қазір біздің қоғамымыздың дамуына байланысты басшылар лауазымына менеджер лауазымы жатқызылады. Менеджер кәсіпорын қызметін (жоғарғы деңгей), оның құрылымдық бөлімшелерін (орта деңгей) немесе бизнес аясында белгілі-бір қызметті (төменгі деңгей) басқаруды жүзеге асырады. Төменгі деңгейдегі менеджерлер шағын және орта кәсіпкерліктің даму жағдайында осы қызметті ұйымдастырушылар болып табылады.

Кәсіпорын персоналының жыныстық-жасының құрылымы – персоналдың жынысы мен жасының топтарының арақатынасы арқылы анықталады. Жасының құрылымы персоналдардың жалпы санындағы сәйкес жастағы тұлғалардың үлесімен сипатталады.

Персоналды жасының құрамы бойынша жіктегенде, мынадай топтаулар қолданылады: 15-24, 25-54, 55-64, 65 жас және одан асқандар.

Білімнің деңгейі бойынша персоналдар мынадай топтарға: жоғарғы білімді, аяқталмаған жоғары, орта мамандандырылған және жалпы орта білімді жұмысшыларға біріктіріледі.

Стажы бойынша персонал құрылымы жалпы еңбек стажы және сол кәсіпорында атқарған өтілі бойынша қарастырылады.

Кәсіпорын персоналының кәсіби құрылымы – сол саладағы жұмыс тәжірибесіне және оқудың нәтижесінде алған теориялық және практикалық машықтанған мамандардың (экономистер, бухгалтерлер, жұмысшылар) немесе әртүрлі кәсіби өкілдердің қатынасы.

Персоналдың біліктілік құрылымы – жеке еңбек функциясы үшін қажетті әртүрлі біліктілік деңгейіндегі (кәсіби дайындық дәрежесі) жұмысшылардың қатынасы. Біздің елімізде жұмысшылардың біліктілік деңгейі разрядпен немесе класспен, ал мамандар үшін категориялармен немесе класспен анықталады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет