Кіріспе 1 Цех және зауыт зертханасындағы қауіпсіздік ережелері


Өнім даярлаудағы өндірістік-санитарлық бақылау



бет4/5
Дата07.01.2022
өлшемі36,75 Kb.
#19808
1   2   3   4   5
1.3. Өнім даярлаудағы өндірістік-санитарлық бақылау.

1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісі - объектінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретін құжат;

2) адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар - тіршілік ету ортасы факторларының адамға зиянды ықпалы жоқ кездегі жай-күйі;

3) зиянды өндірістік фактор - әсері белгілі бір жағдайда жұмыс істеушінің еңбекке қабілеттілігінің кәсіби тұрғыда, уақытша немесе тұрақты түрде төмендеуін тудыруы, соматикалық және жұқпалы аурулардың жиілігін арттыруы, денсаулығының бұзылуына әкелуі мүмкін ортаның және еңбек процесінің факторы;

4) адамға зиянды әсер - тіршілік ету ортасының адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін әсері;

5) гигиеналық норматив - тіршілік ету ортасының белгілі бір факторын адам үшін қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштің зерттеулер арқылы белгіленген шекті мөлшердегі ең көп немесе ең аз сандық және (немесе) сапалық мәні;

6) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау – халықтың денсаулығын сақтау мен тіршілік ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөніндегі қызметі;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;

7) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың үй-жайларында және аумақтарда жүйелі түрде жүргізілетін, жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын, тұрмыстағы жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға бағытталған шаралар кешені;

8) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсету - дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен препараттарын дайындауға, өндіруге, өңдеуге және көтерме саудада сатуға байланысты қызмет, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсету түрлері;

9) халықтың декреттелген тобы - қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін, айналасындағы адамдарға жұқпалы және паразиттік аурулар жұқтыру қаупін көбірек төндіретін адамдар;

10) жұқпалы және паразиттік аурулар - тіршілік ету ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуі себепті туындайтын және таралатын адам аурулары;

11) жеке медициналық кітапша - міндетті медициналық қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат;

12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілері - жеке және заңды тұлғалар, қызметі, қолданылуы мен пайдалануға берілуі адам денсаулығының жай-күйіне және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін ғимараттар, құрылыстар, өнімдер және өзге де объектілер;

13) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин - жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және шаруашылық пен өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шаралар;

14) улану - тіршілік ету ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының қатты немесе созылмалы әсер етуі кезінде туындайтын адам аурулары;

2006.07.07. № 171-Ш ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) тәуекелді бағалау - жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштар мен жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қолданылуы мүмкін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) шараларды және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарды есепке ала отырып, санитарлық- эпидемиологиялық қызмет жүргізетін, химиялық, микробиологиялық, радиологиялық ластануға байланысты халықтың денсаулығына қауіп төндіретін тауарларды өндіру мен әкелуге ғылыми негізделген баға беру:

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

15) мерзімді медициналық қарау - денсаулықтың жай-күйін ширақ қадағалауды қамтамасыз ету, аурудың бастапқы белгілерін дер кезінде анықтау, жалпы, кәсіби, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімде жүргізілетін халықтың денсаулығын қарау;

16) қауіптілігі ықтимал химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы адамның немесе адамдардың келешек ұрпақтарына зиянды әсерін тигізуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы санитарлық ережелермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;

17) алдын ала медициналық қарау - жұмысқа алынатын және оқуға түсетін адамдар денсаулығының жай-күйін анықтау, жазатайым оқиғалардың, жалпы, кәсіби, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында қарау;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

18) халықтың денсаулығына қауіп төндіретін өнім - халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген, оларды қолдану немесе пайдалану кезінде адамның денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін өнімнің түрлері;

19) азық-түлік шикізаты - тамақ өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан алынатын, микробиологиялық, минералды және жасанды түрдегі шикізат;

20) санитарлық паспорт - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектінің, көлік құралының халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін растайтын және оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретін құжат;

21) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау - санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы ережелер мен нормативтерді әзірлеу, жүйелеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі;

22) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі санитарлық ережелер) - сақталмауы адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызатын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (соның ішінде тіршілік ету ортасы факторларының адам үшін қауіпсіздік және (немесе) зиянсыздық белгілерін) белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;

23) санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар - тіршілік ету ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, жұқпалы, паразиттік аурулардың пайда болуына және таралуына, жаппай улануды болдырмауға және оларды жоюға бағытталған шаралар;

24) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы - тіршілік ету ортасының адамға зиянды әсер ету факторлары жоқ және оның тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі;

25) санитарлық-эпидемиологиялық жағдай - белгілі бір уақытта белгілі бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен тіршілік ету ортасының жай-күйі;

26) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - жобалық құжаттаманың, тіршілік ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат;

27) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг - халық денсаулығы мен тіршілік ету ортасының жай-күйін қадағалаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйі мен тіршілік ету ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланысты айқындаудың мемлекеттік жүйесі;

2006.07.07. № 171-Ш ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.

қара)


28) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама - органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдері кешені, сондай-ақ өнімдер жобаларының, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық және өзге қызмет объектілерінің санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында жобаларды сараптау;

29) санитарлық-карантиндік бақылау - ел аумағына жұқпалы және паразиттік ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына қауіптілігі ықтимал заттар мен өнімді кіргізуге жол бермеу мақсатында өткізілетін, адамдар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы өтуін бақылау;

30) әлеуметтік-гигиеналық мониторинг - халық денсаулығының жай-күйі мен қоршаған орта объектілерін бақылаудың, олардың арасындағы себеп- салдарлық байланысты анықтаудың, оларды бағалау мен болжаудың мемлекеттік жүйесі;

31) адамның тіршілік ету ортасы (бұдан әрі - тіршілік ету ортасы) - табиғи, антропогендік және әлеуметтік факторлардың, адамның тіршілік ету жағдайын белгілейтін ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда

32) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызмет сапасын бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

33) тіршілік ету ортасының факторлары - тіршілік ету ортасының адамға және (немесе) келешек ұрпақ денсаулығының жай-күйіне әсер ететін немесе әсер ете алатын биологиялық, химиялық, физикалық, әлеуметтік және өзге де факторлары;

34) індет - жұқпалы аурулардың әдетте тіркелетін науқастану деңгейінен айтарлықтай жоғары жаппай таралуы;

35) эпидемиологиялық маңызды объектілер - шығаратын өнімі және (немесе) қызметі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда халық арасында тамақтан уланулардың және жұқпалы аурулар таралуының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін объектілер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет