Шо
қ
ан У
ә
лиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын
есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 — 1865)
— қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың
екінші жартысында Қазақстанда туған
демократтық, ағартушылық
мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі,
шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы,
этнограф, географ, ағартушы. Әжесі
бала күнінде «Шоқаным» деп
еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып
кеткен.
Өмірбаяны
Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай
облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға
сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс
Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға
сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан
кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта
жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан
оның шөбересі.
Өмірбаяны
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып
есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады.
Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің
зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин:
«Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ
назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет
сала білетін», дейді.
Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал
губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады.
Өмірбаяны
Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын
басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады.
Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы
мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.
1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл
экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Әлем ғалымдары
арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның
ертегісі" жырын жазып алады.
Өмірбаяны
Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар
туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл
сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы»
атты еңбектерін жазуға пайдаланады.
1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық
Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл
сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-
әңгімелері мен жырларын жазып алды.
1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс
географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды.
Өмірбаяны
1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты.
1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де
жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады.
Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі
әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді.
1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери
экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың
жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан
өз еркімен кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |