Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс



бет11/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Нақиб ал-джейш - әскерді қараушы. Сұлтанға қажетті әмірлер мен қатардағы мәмлүктерді алдына апаратын қызмет атқарған.

Силахдар – сұлтан қару-жарақтарын тасушылардың басшысы.

Хаджиб – камергер. Бұлар сұлтанға әмірлер және басқалардың рұқсатсыз кірмеуін қадағалайды.

Аталған мансаптармен қатар Бейбарыстың уәзірі болған. Уәзір мансаптық саты бойынша сұлтан наибы және атабектен кейін тұрған. Олар негізінен салық, қаражат, т.б. мемлекеттік басқару істерін атқаратын. Бейбарыс өз кезінде Баһауддин бин Ханнаны уәзір етіп тағайындайды, оған ерекше сенім білдірген. Онымен мемлекет істері бойынша кеңесіп отырған. Ол сұлтан мен бұқара халық арасында дәнекер қызметін атқарған.

Ал, сұлтанның Каир қаласы бойынша уәлиі Саримуддин Қаймаз қала ішіндегі тәртіп үшін де жауап беретін. Уәли қала әкімі және полиция бастығы қызметін қоса атқарған.

Сұлтан Бейбарыстың шейхі Қызыр бин Аби Бакр бин Мұса әл-Адауи – Бейбарыстың пір тұтқан атақты шейхі. Ол көп істері бойынша шейхпен ақылдасатын. Оны жанынан қалдырмай әскери жорықтарда да ертіп жүреді. Шейх Бейбарысқа болатын нәрсені алдын-ала болжап, көріпкелдік жасайтын. Оның айтқандары дәл келеді екен. Бейбарысқа көріпкелдік жасайтын. Оның айтқандары дәл келеді екен. Бейбарыс оның айтқандарын тыңдамаған кездерінде әйтеуір бір қырсыққа ұшырап қалады екен. Кейін арандатушылар кесірінен шейхқа көзқарасы өзгеріп, оны зынданға тастатады. Шейхтің ең соңғы сөзі “Сен де менен көп ұзамай өлетін боласың” – дейді. Шейхтің соңғы көріпкелі де келеді. Бейбарыс шейхтен көп ұзамай қайтыс болады.

Хасақтар немесе хасакилер. қыпшақ сұлтандары кезінде билеушінің қасында жүретін нөкерлерінен бөлек “хасак” деп аталатын өте сенімді мәмлүктер тобы болған. Бейбарыстың басты хасакы әмір Шамсуддин Байсары Бейбарыстың емшектес бауыры, оның ең қадірлі әмірлерінің бірі болған. Ержүрек, мырза, белсенді болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет