Қостанай обылысы Ұзынкөл ауданы
Федоров орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет
Пәнінің мұғалімі Оспанова Сабира Мұқашқызы
Мақсаты:
Білімділік - «Аяз би» ертегісі бойынша
алған білімдерін тексеру,
қорытындылау;
Дамытушылық – логикалық ойын дамыту, тапқырлық,
ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру;
Тәрбиелік – адамгершілік, инабаттылыққа, үлкенді сыйлауға, сөз
қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.
қорытынды сабақ
ассоциация құру, араласқан жоспар, сұрақ-жауап.
оқушылардың таным қабілеттерінің даму
деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті
тақтада слайдтар.
Бәйге
БІЛУ. Ұжымдық тапсырма (ауызша) 5 минут
«Бәйге» ойын стратегиясы. /диалог/
1.Ертеде кім деген хан болыпты?
2.Хан уәзірлеріне қандай тапсырма беріпті?
3.Хан оларды табуға қанша уақыт берді?
4.Тастың ішінде қандай неше құрт бар?
5.Уәлидің қызы кім?
6.Қыздың жасы нешеде?
7.Хан Жаманды қайда жұмсады?
8.Жаман не үшін «Аяз би» деп аталды?
9.Ханның неше уәзірі болыпты?
10.Хан Жаманға қандай тағам бергізді?
11.Жаманның жасы нешеде еді?
12.Жаман тұлпардың неге шатыс екенін
айтты?
13.Қандай тастың қасиеті неше жылдан соң
бітеді?
14.Ханның шешесі неше жаста?
15.Байлығы мен елдігі ханға парапар кім?
16.Қырық уәзір Жаманды неше күншілік
жолға шығарып салды?
1-топ.
Шығарма мазмұнына сай құрылған жоспар тараулары
араластырылып жіберіледі. Оқушылар жоспар тарауларын дұрыс
орналастыру керек.
1. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.
2. Жаманның сертке берік болуы.
3. Жаманның Барсакелмеске баруы.
4. Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін
жұмсауы.
5. Хан тағына отырған Жаман.
6. Ханның Жаманды уәзір етуі.
7. Меңдінің Жаманды таңдауы.
8. 40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы.
9. Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі.
10. Ханның Жаманды сағынуы.
1-диалог. Хан мен Жаман.
1. Жаман тұлпарды қалай сынады?
2.Жаман Маданның наубайшының баласы екендігін
қалай білді?
1- топ.
Нақыштап оқу, рөлмен оқу.