Кіріспе Жұмыстың өзектілігі


Өсімдіктегі минералды заттардың айналуы (реутилизация)



бет7/8
Дата07.04.2023
өлшемі440,33 Kb.
#80190
1   2   3   4   5   6   7   8
Өсімдіктегі минералды заттардың айналуы (реутилизация). Өсімдіктің ағзасы жануарларға қарағанда қоректік заттарын өте тиімді пайдаланады. Ол өсімдік ағзасының реутилизация қасиеттерімен байланысты екенін көрсетеді. Реутилизация дегеніміз негізгі элементтерді қайтадан пайдалану әсіресе өсімдікте фосфор қосылыстары өте қозғалғыш болады. Зерттеулер бойынша көп элементтер қайтадан пайдалатындығы анықталған. Сонымен қатар кейбір элементтер реутилизацияға ұшырамайды. Оларға мысалы: кальций, бор, темір жатады. Сонымен қоректік заттар тамырдан өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне негізінен ксилема арқылы, ал жапырақтан төмен қарата флоэма арқылы өтеді. Флоэмадан тарамдалған ұлпалар арқылы қоректік заттар қайтадан ксилема түтікшелеріне түсіп, одан жоғары көтерілетін жолмен жас мүшелермен жапырақтарға түседі. Сөйтіп қоректік элементтер өсімдіктің ағзасында айналып отырады.
Өсімдік ағзасында минерал элементтерінің екеуі таралу градиенттерін ажыратады. 1) Қайтадан пайдаланатын элементтерінің градиенті – базипетальдық градиенті. Өсімдіктің жапырағы биік орналасқан сайын, жас болған сайын, оларда қайтадан пайдаланатын элементтер (азот, калий, фосфор) көп болады. Әсіресе осы элементтердің топырақта жетіспеушілік кезеңдерінде байқалады. 2) Акропетиальдық таралу градиенті – бұл қайтадан пайдаланбайтын элементтеріне тән. Мысалы кальций, бор, темір. Өсімдіктің мүшелері үлкен болған сайын оларда осындай элементтер көп болады.Л.П.Курсановтың зерттеу жұмыстары:
Өсімдіктің жапырақтарындағы хлоропластарында синтезделген органикалық заттар, өсімдіктің барлық мүшелеріне, ұлпаларына, клеткаларына тіршілік етуіне қажет. Сондықтан бұндай заттардың таралу жолдары үшеу болады:
1) Клеткалардың ішінде таралуы; 2) Клеткалардың аралығында паренхимдық таралуы; 3) Флоэма арқылы заттардын таралуы.1) Клеткалардың ішінде таралуы. Әр хлоропластарда фотосинтез процесс арқылы пайда болатын органикалық заттардың салмағы хлоропластың салмағынан әлде қайда көп болады. Сондықтан бұл заттардың ассимилянтардың клетканың басқа бөліктеріне таралуының үлкен маңызы бар. Мысалы хлоропластарда пайда болатын ақуыздар аминоқышқылдарына ыдырап хлоропластың мембранасынан өтіп цитоплазмаға ағып түседі.
Жарықта хлоропластың мембранасының өткізгіштігі жоғары болады да органикалық заттарының өтуіне қолайлы болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет