Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет155/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   163
Ас қорыту жүйесі. Қармалауыштардың ортасыда орналасқан ауыз тесігі қысқа жұтқыншаққа және жіңішке келген ұзын өңешке жалғасады. Өңеш V-тәрізді бүгілген үлкен көлемді қарынның бір тармағына ашылады, ал қарынның екінші тармағынан алға қарай бағытталған ортаңғы ішек, артқы ішекке айналып, қармалауыштарың артында аналь тесігімен бітеді. Сөйтіп аналь тесігі ауыз тесігінің жанында орналасады. Ішек қабырғасында сақиналы және тегіс салалы бұлшықет талшықтары бар. Ішек сыртынан перитонеальді эпителимен қапталған және қарынның түбінен перитонеальді эпителий шашырап немесе жіпше түрінде артқа қарай созылып, сыртқы перитонеум қабатына өтеді Сондай - ақ қарынның бүгілген жеріне мықты бұлшықет - ретрактор бекінеді.
Мшанкалалардың қорегі - ұсақ организмдер: бір клеткалы балдырлар, қарапайымдылар, коловраткалар және детрит.
Қармалауыштары арқылы ұсталынған қоректік заттар сонда қозғалғыш кірпікшелерінің көмегімен аузына әкелінеді. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ кірпікшелерінің қозғалысы және өңеш тез арада жиырылуы нәтижесінде ас өте маңызды бөліміне - қарынға түсіп, сонда қорытылады. Қарынның ацилофильді клеткалары майларды, протейндерді және экскреторлы гранулаларды өзіне сіңіреді .
Зәр шығару жүйесі дамыған. Зат алмасу процесі барысында пайда болған ыдырау өнімдері фагоцит клеткалары арқылы организмнен қармалауыштар қабырғасы немесе ішек арқылы сыртқы шығарылады. Кейбір түрлерінде, мысалы, жабықауыздаларда түрі өзгерген екі целомодукталары болады. Олар оймыш тәрізді бір ұшымен лифофора қуысына, екіншісімен сыртқы ортаға ашылады. Кірпікшелі түтікшелері несеп затқа толған амебоцит клеткаларын сыртқа шығарады.
Тыныс алу және қан айналу жүйесі жоқ. Газ алмасу роцесі қармалауыштары және бүкіл денесі арқылы өтеді. Қан айналу қызметін целом қуысындағы сұйықтық атқарады.
Нерв жүйесі нашар дамыған. Жұтқыншақ пен артқы ішектің аралығында жалғыз ғана жұтқыншақ үсті ганглиясы бар. Одан бүкіл денесіне перифериялық жүйке тамырлары - лофофораға, қармалауыштарына, ас қорыту, жыныс жүйесіне тарайды. Тұщы су мшанкаларының өзгешелігі - эмбриогенездің соңғы кезеңінде эктодерманың бір бөлігі эктодермадан бөлініп, дененің ішіне қарай батып, оның шеттері жиырылып бір-біріне қосылады , сөйтіп ол жұтқыншақ үсті ганглиясына айналады. Оның және лофофора нерв тармақтарының айналасында арнайы целом қуысы пайда болады.
Сезім мүшелерінің қызметін қармалауыштарының сыртқы жағында орналасқан сезгіш талшықтары ғана атқарады.
Жыныс жүйесі өте қарапайым құрылысты . Мшанкалар гермафродиттер. Аналық пен аталық бездері ғана дамыған. Олар дене қуысының перитонеальді эпилидің астында, қабырғасыда немесе жіпшесінде жетіледі: аналық бездері денесінің жоғарғы бөлігінде, аталық - төменгі жағында және перитонеальді жіпшесінде. Жұмыртқаның ұрықтануы іштей өтеді. Бір колонияның жылжымалы сперматазойдтары басқа колонияның пісіп детілген аналық жыныс клеткларын ұрықтандырады. Жыныс клеткларының сыртқы ортаға шығуы - бір түрлерінде қармалауыштар мен ауыз тесігінің арасындағы целомды саңылауы арқылы жүрсе, басұаларында қармалауыштар арасындағы кірпікшелі өзек арқылы өтеді. Кейбіеулерінде ұрықтанған жұмыртқалары амеба тәрізді жылжып аналық особьтің денесін тесіп шығады да, әрі қарай суда дамиды . Мшанкалардың көпшілігінде ұрықтанған жұмыртқалары денесінде немесе арнайы оэция және генозойд деп аталатын түзілістерде қалып дамиды.
Жұмыртқаның бөлшектенуі толық және біркелкі. Табақшапішінді бластуланың үстіңгі клетклары ішіне қарай ойыстанып, энтодерма және мезодерма ұрық жапырақшаларына бастама береді. Эмбриогенездің соңғы кезеңінде цифонаут деп аталатын личинка түзіледі . Ол жұмыртқаны жарып шығып, суда еркін планктонды өмір сүреді. Денесі қосжақтаулы бақалшақпен қапталған және ішегі, ауыз тесігінің алдыңғы жағында орналақан алмұрт тәрізді сезім мүшесі, құрсағындағы сорғышы, төбелік тақтасы және кваторлық полюсінде бір қатар орналасқан кірпікшелі белдеуі жақсы дамыған.
Кірпікшелерінің көмегімен цифонаут біраз уақыт суда жүзіп жүреді де, кейін су түбіне шөгіп, сорғышы арқылы субстратқа бекініп метаморфозға ұшырайды, яғни амеба тәрізді фагоцит клеткаларының ірекетінен личинкалық мүшелері түгелімен ыдырап , жаңадан ересек түрінің мүшелері салынады. Осыдан, дене пішіні қапқа ұқсас - табанымен субстратқа бекінген цистид түзіледі. Оның жоғарғы жағындағы эктодерма клеткалары ішіне қарай ойысы, перитонеум немесе алғашқы полипид бастамасын түзейді. Сөйтіп, жаңа осбь - зоойд пайда болады. Зоойд әрі қарай жыныссыз жолмен, яғни бүршіктену арқылы көбейіп колония түзейді.
Дамуы. Мшанканың көпшілігіне ұрықтанған жұмыртқаның дамуы оэция немесе гонозойд деп аталатын арнайы түзілістерде өтеді. Бұл жағдайды ұрық пен аналық қауымының арасында ұрықты қоректік заттармен қамтамасыз ететін байланыс "шу" түзіледі.
Кейбір тірідей туатын тұщы су мшанкаларының дамуы айтарлықтай өзгерген. Бұлардың ұрықтанған жұмыртқалары анасының денесіне дамиды. Бұл жағдайда личинкалық сатысы түзілмей, эктодерма мен мезодерма жапырақшары бар қос қанатты ұрық пайда болады да, ол цистид пен екі полипидтен тұратын жас колонияға бастама айналады.
Жалаңашауыздылар класс тармағының өкілдерінде полиэмбриония дамуы байқалады. Бұл жағдайда, гонозойдтың ішінде дамитын ұрықтанған жұмыртқадан, толық және біркелкі емес бөлшектену нәтижесінде, алдымен, ірі бірінші ұрық түзіледі, ал одан көптеген кішілеу ұрықтар бөлінеді. Осылайша, бір жұмыртқадан өз алдына дамитын көптеген ұрықтар пайда болады. Олардан жетіліп шыққан, еркін жүзетін әр түрлі формалы личинкалары жалпы алғанда цифонаутқа ұқсас болып келеді.
Мшанкалардың жыныссыз көбеюі - бүршіктену арқылы жүреді. Бүршіктер дененің белгілі бір бөлігінде пайда болып, дененден үзілей, аналықпен қарым-қатынасын сақтап - колония төзеді. Колонияның әрбір бүршігі зоойд деп аталады. Жоғарыда айтылғандай зоойд екі бөлімнен: жоғарғы - полипид, төменгі цистидтен құрылған және олар колонияның барлық тіршілік қызметтерін атқаруға бейімделген. Ал, зооидтерден басқа колонияның құрамында ерекше бүршіктер де бар : оэциялар, гонозоидтар авикуляриялар, вибракулалар. Оэциялар мен гонозоидтердің ішінде ұрықтанған жұмыртқалардың дамуы өтетіндігігі жоғарыда айтылған. Жабықауыздылардың (Phylactolaematada) оэциялары алғашында жабынның ішке қарай ойысқан кеңістік түрінде болады да, ұрықтанған жұмыртқаны қабылдағаннан кейін қапшық түріне айналады . Ал, жалағашауыздылардың (Gymnolaematada) оэциялары сыртқы бүршік түрінде өсіп, ұрық сол қуыстың ішінде дамиды. Гонозоидтардың құрылысы оэцияларға ұқсас, тек бүршігі құмыра тәрізді және үлкен мөлшерде болады . Сонымен, оэциялар мен гонозоидтерде ұрықтың дамуы өтеді.
Авикулияриялар мен вибракула особьтарының қорғаныш қызметін атқаруына байланысты, құрылысы да ерекше. Авикуляриялар - құстың басына ұқсас ірі бүршіктер. Бүршіктің цистид бөлімі созылып қозғалмайтын өсіндіге айналған, бұл тұмсықтың жоғарғы жағы сияқты болып көрінеді. Ал оның астында қозғалмалы кутикуланың ілмешек орналасқан, ол түрі өзгерген эпистом бөлімі және тұмсықтың төменгі жағына сәйкес болып келеді. Бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты кутикулалы ілмешек үнемі қозғалып тұрады. Осындай ерекше құрылымының арқасынды авикулялар қасына келген жәндіктері ұстап өлтіреді немесе үркітіп жібереді. Қорғаныш қызметін атқаратын особьтарының екінші түріне вибракуалар жатады. Олардың авикуляриялардан айырмашылығы - қозғалмайтын цистидтің өсіндісі жойылған, ал кутикулалы ілмешегі арқандай шұбатылған, үнемі тербеліп тұратын тұмсық түрінде созылып, ұзын талшықтарын ырғалта қимылдатып, бөгде бөлшектері қуалауға бейім болып дамыған. Авикуляриялар мен вибракулалардан басқа жабысқыш тікенектері де болады, олар да қорғаныш қызметін атқарады.
Сыртқы бүршіктенуден басқа мшанкаларда іштей бүршіктену де кездеседі. Ол тұщы суда тіршілік ететін жабықауыздылар класс тармағы өкілдеріне тән. Олар жаз бойы сырттай бүршіктену және жынысты жолмен көбейді. Күзге қарай, қолайсыз жағдайлар түскенде жануардың перитонеальді эпителидің арқаншасының ішінде жасымық тәрізді көпклеткалы денешіктер немесе статобластың бастамасы - мезодермалы клеткалардың шоғыры. Бұларды, дененің үстіңгі жағынан ауысқан бір топ эктодермальді клеткалар қоршайды. Сонымен, статобласт екі қабатты қабықшамен қапталып , олардың аралығында ауасы бар камералар орналасқан. Кейбір түрлерінде статобластыңшетінде ілмешектері бар хитинді сақина түзіледі.
Қыста, қолайсыз жағдайда мшанка өледі де, денесі ыдырап, статобластар судың түбіне шөгіп, өзінің қорғаныш қабықшасының арқасында көктемге дйін сақталады. Содан кейін, қолайлы жағдайда, статобластар қабықшалар аралығындағы ауасы бар камералы арқылы суда жүзіп немесе ілмешектері арқылы жануарларға, өсімдіктерге жабысып таралады да, кейін субстратқа бекініп ішіндегі клетка жиынтығын сыртқа шығарып, бүршіктену арқылы жаңадан қауым жасайды.
Осылайша, тұщы су мшанкаларындағы ішкі бүршіктің, яғни статобластың - түзілуін тұщы су губкаларының геммуласының - түзілуіне ұқсастығын және екеуінің де биологиялық маңызын, жылдың қолайсыз мезгілінде сақтануға бейімделгендігін көреміз. Тұщы су мшанкалардың статобластан басқа түрі өзгерген басқа да ішкі бүршіктері кездеседі, олар: пайптобласт - капсуланың айналасын хитинді қабыршақ қоршақ, ішінде ауа көпіршіктері немесе гидростатикалық , аппараты түзіледі , соның кмегімен флотобласт суда жүзіп, түрдің таралуын қамтамасыз етеді; спинобласт - статобластқа ұқсас, оларда хитинмен қапталған ілмектері бар.
Соңында, жалаңашауыздылар класс тармағының кейбір өкілдерінде қысқа қарай ерекше "қыстық" сыртқы бүршіктер пайда болады. Олар тығыз қабыққа оранған, ішінде ішектің, бұлшықеттерінің, жыныс клеткаларының бастамасы бар жеке цестидтер. Қолайсыз жағдайда мшанка өлген кезде " қыстық" бүршік судың түбіне шөгіп, өзінің қорғаныш тығыз қабықшасының арқасында көктемге дейін сақталып, кейін бүршіктену арқылы жаңадан қауым жасайды.
Экологиясы. Мшанкалардың көп түрі теңіздерде, жағалаудан бастап (Flustrella hispida) үлкен тереңдікте, 8000 метрге дейін (Bugula sp) тіршілік етеді және түрлі температураларға бейімделген. Мысалы Ақ теңізде олардың түр саны 132 болса, Қара теңізде - 30, Азовта - 7, Каспии теңізінде - 6. Тұщы суларда тек жабықауыздылар класс тармағының түрлері кездеседі. Солардың ішіндегі ең көп кездесетіні Plumatella және Cristatella туысының өкілдері. Бұлардың тіршілік мерзімі 5-6 айдан аспайды, ал колонияның жеке особьтарының өмірі одан да аз.
Мшанкалар колония түзіп, су асты өсімдіктерінің сабақтарына, суға батқан бұтақтарға, тастарға , моллюскалардың бақалшақтарына және тағы басқа заттарға бекініп немесе субстрат бетіне төселіп жай жорғалап өте баяу жылжиды. Мысалы, Cristatella-ның қозғалу жылдамдығы күніне 5-15 мм.
Мшанкалар ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Оларды қармалауыштарындағы кірпікшелердің көмегімен ауыз тесігіне сумен бірге түсіреді.
Мшанкалардың адамдарға аса пайдасы жоқ, керісінше су құбырларында көбейіп, зиянды ұсақ организмдердің дамуына жол беріп, суды ластап және құбырларды бітеп тастап үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Көптеген мшанкалар қауымдарының денесіне тығыз хитин және ізбест сіңген, сондықтан олардың ізбест сіңген қаңқалары геологиялық шөгінділерде жақсы сақталып, қазіргі кезде 15000 - дай қазба түрлері белгілі. Мшанкалар палеозой эрасының силур дәуірінде пайда болып ұзақ уақыт бойы теңіздерде өте кең тараған жануарлар тобы еді, әсіресе Trepostomata , Cryptostomata отрядының өкілдері , ал қазіргі жануарлар дүниесінде бұлардың 4000 - нан аспайтын түрлері ғана бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет