Кіріспе. Мәдениет морфологиясы



бет25/40
Дата02.12.2023
өлшемі419,89 Kb.
#132467
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда (ескіше 1 қараша) Торғай облысында Арақарағай болысында туған. 1857 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын ме­дальмен бітірді. Мектепте басқа пәндермен қатар орыс, араб, татар және парсы тілдерінен үздік нәтиже көрсетті.
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-демократ, ғалым, ойшыл, қоғам қайраткері, жазушы, ғалым-этнограф, «Қазақ хрестоматиясы» (1879; 2 басы­лым, 1906), «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (1879) қазақ тіліндегі оқулықтар авторы, мысалдар мен әңгімелердің, сондай-ақ Л.Н.Толстой, И.А.Крылов аудармаларының авторы болып табылады. Ол қазақ мәтіндері үшін орыс жазуы негізінде төл әліпби нұсқаларын жасады. Алтынсарин қазақ халқының зайырлы білім алуына жол ашты. Біреуі қолөнер, екіншісі әйелдерге арналған төрт екі сыныптық орталық орыс-қазақ училищелерін, бес болыс мектептерін, орыс тұрғындарының балаларына арнап екі училище ашты. Сондай-ақ Троицкіден, кейіннен Орынборға (Вики­педия) көшірілген мұғалімдер мектебін ашты.
Ы. Алтынсарин адамгершілік тәрбиенің маңызды көзі ретінде қазақ халқының өмірі мен тұрмысын, ұлтжандылық, салт-дәстүрді бейнелейтін халық ауыз әдебиетіне ерекше көңіл бөлді. Бұл ретте нақты адамгершілік-этикалық тәрбиелік мазмұндағы ертегілерден, қиссалардан, мақалдардан, ғибратты мақалалардан тұратын «Қазақ хрестома­тиясы» айғақтайды. Адамдардың кісілігінің қалыптасуының негізгі шарты ретінде Ы.Алтынсарин қалың жұртшылық арасында сауаттылықпен ғылыми көзқарастардың таралуын бірінші орынға қояды. Адамгершіліктің негізі – білім мен тәрбие. Ы.Алтынсарин өзінің шығармасында әлемді үйлестіре алатын қандай да бір ғажайып рухтың бар екенін мақұлдады. Алтынсарин діндар адамдарға «дұрыс білім алу оларға жақсылық пен зұлымдықты ажыратуларына мүмкіндік беретінін» түсіндіреді. Ағартушылық идеялармен шабыттанған ол ауылдарға барып, тұрғындарға зайырлы білімнің мәнін түсіндірді.
Ол қазақ даласындағы әйелдер білімінің негізін қалаушы болып табыла­ды. Оның бұл саладағы жетістігі ретінде Ырғыз қаласындағы қазақ қыздарына арналған мектеп-интернаттың ашылуы болды. Ағартушы сонымен қатар бастау­ыш мектеп мұғалімдерін даярлауға арналған оқу мекемесін ұйымдастыру ісімен де айналысты. Троицкіде ашылған, кейіннен Орынборға көшірілген мұғалімдер мектебі өз заманының алдыңғы қатарлы оқу мекемесі болды. Алтынсарин орыстың демократиялық оқу жүйесінің тәжірибесін кеңінен қолданды: өз мектептерінде Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармаковскийдің, ұлы жазушы Лев Толстойдың педагогикалық мұрасын енгізді. Ыбырай Алтынсарин жаңашыл пе­дагог және ағартушы ғана емес, қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы ретінде белгілі. Оны халық тарихы да қызықтырды. Өз шығармаларында ол оның тәрбиелік мәніне де көңіл бөлді. «Қыпшақ Сейітқұл» деген белгілі әңгімесінде ол егіншілікпен айналысатын қазақтар өміріндегі өзгерістерді құптап, әрқашанда қазақ егін шаруашылығы дамуын қолдады. «Таланттың пайдасы», «Байлық неде?» шығармаларында адам өмірі жайлы өз арманын, қазақ халқының жарқын болашағы жайлы үмітін білдірді.
Ы.Алтынсарин есімі қазақ халқының ұлттық мақтанышын құрайтын тарихи қайраткерлердің есімдері қатарында құрметті орын алды. Ұлы ағартушы-педагог, ірі жазушы, талантты ақын өзінің барлық саналы өмірін халқының оның бақыты үшін күреске арнады. Ы.Алтынсаринның барлық сан қырлы шығармашылық және қоғамдық қызметі – қазақ халқының озық әлемдік мәдениетке қосылуы, халықтар арасындағы достықтың нығаюы міндеттеріне бағышталды.
Ұлы ағартушы өмірден өтерінде өзіне тиесілі жерлерді Торғайдың ауылшаруашылық мектебіне пайдалануға беруді өсиет етіп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет