Кіріспе: "Миға шабуыл" әдісімен "Ұлы билер” "Кім жылдам?" ойыны



бет2/2
Дата19.09.2023
өлшемі68,57 Kb.
#108670
түріСабақ
1   2
І
"Кім жылдам?" Сұрақ-жауап беріледі, қай топ бірінші болып қол көтереді сол топ жауабын айтады. 
1. Төле би неше жасында дүниеден озды? (93 жасында) 
2. Болмас іске қарыспа, 
Біреуге ор қазыспа 
Жауыздық іске барыспа. Кімнің нақыл сөзі? (Төле би) 
3. Қазыбек би өзінің мәмілегерлік қызметін неше жасынан бастады? (18 жасынан) 
4. "Жеті жарғыда" қарастырылған мәселелер? 
5. "Құн" деген не? 
6. Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, 
Батыр болсаң болсаң жауға найзаң тисін-деген нақыл сөз кімдікі? (Әйтеке би) 


"Мені түсін" ойыны. 
Тақтада бүгінгі сабақтың мәтінін толық аша алатын, үлкен мағана беретін 8 сөз жазылған, оқушылар кезектесіп жазылған сөздер төңірегінде қысқа да нақты жауап қайтаруы тиіс. 
1 КӨСЕМ 
2. ШЕШЕН 
3.ЗАҢГЕР 
4. ЕЛШІ 
5. БАТЫР 
6. САЯСАТКЕР 
7. ОЙШЫЛ, ҒАЛЫМ 
8. МӘМІЛЕГЕР 
Ертедегі ауыл балаларының бір әдеті ауылға атақты кісілер келсе қонаққа көтерілген қазан түсіріліп, ет тартылатын кезді андып жүріп «бәленшекімнің қолынан ет асаймыз» дәл есік алдына жиналады екен. Балалардың көбірек күтіп қалғанын байқаған біреуі:
«Мына сорлыларға ет асатсаңдаршы» — депті. Балалардың біреуі аузын ашып, біреуі қолын жайып, сыбағаларын алып жатады. Кезек Мәтжанға келгенде:
— Мен асамаймын,— депті.
— Неге? — Сорлы деді.
— Оу, өзің пәлесін, ғой, атың кім?
— Атым жылқыда.
— Кімнің баласысың?
— Оны шешемнен сұраңыз — деп жауап беріпті. Сонда төрде отырған ақсақал: — Апырым­ай, мынау болайын деп тұрған бала ғой, байқай көрің, көз сала жүрің,— деген екен.
2. Мәтжанға ең алғаш би атағын алып берген өзінің жақын аталастарына тән жағымсыз қылықтарын дәл танып, сынай айтқан сөзі екен дейді. Бірде қарасақалдар мен ақсақалдардың молырақ жиналған жиынында ас соңында «батаны сіз беріңіз, сіз беріңіз…» деп үлкендер біраз отырып қалса керек. Соны пайдаланған жас бала Мәтжан тізерлеп отыра қалып, қолын жайып жіберіп, даусын қоюлата:
— Тастемірдің айналып соқпасынан, Шотанның қасармасынан, Құдайбергеннің сағырынан, Майланның құмарпаздығынан сақта,— деп бетін сипапты. Үй ішіндегілер де «батаң қабыл болсын» деп бет сипап қостаған екен. Мәтжан Ермембет биді қатты құрметтеп өтіпті. Алқалы жиында келесі сөзді бастарда әуелі: Ермембет би айтқан екен деп, бір­екі ауыз сөзбен беташар жасап алып, содан соң барып өз арнасына ауысады екен. Мәтжан: «Менің көже­қарнымды тойдырған бір жер бар, ол— Бесқаланың ойы, Әмударияның бойы; көңіл қарнымды тойғызған бір адам бар, ол — тіл дарияның көзі, Ермембет бидің өзі» — дейді екен.
7. Бірде бір үлкен жиында Мәтжаннан: «Сізді де сөзден жеңген адам болды ма?» — деп сұрапты. Сонда Мәтекең: «Неге болмасын, сөздің парқын түсінбейтіндер мені күнде жеңеді» — депті.
8. Алғырлығымен жасынан көзге түскен Мәтжан 18 жасында болыс сайланыпты. Бірнеше жыл болыс болған ол, келесі сайлауда ез еркімен болыстықтан босатуын өтініпті. Бұл хабарды естіген замандастары Иса, Тілеген, Ермембет: Бұның не? Өз басыңа қонған бақытты өзің тепкенің қалай?—дегенде Мәтжан: «Еліме пайдам тие ме деп болыс болып едім. Олай болмады. Қарғаменен жолдас болсаң, шұқығаның боқ болар, бүркітпенен жолдас болсаң, тамағың тоқ болар, аққуменен жолдас болсаң, денең пәк болар. Ұлықтардың ортасынан аққу таптырмады» — деген екен.

«
Зерде» интеллектуал мектебі




Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Интеллектуалды тәрбие ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. Төле бидің 360 жылдығы, сайыс сабақ
Сынып жетекші: Байназарова Ұлдана
Сынып: 1 “Д”
Күні: 18.09.2023
Қызылорда қ, 2023ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет