Гомеопатиялық технологияның міндеті жас өсімдіктен алынатын сөл сығындысы максимальды болуы. Эссенция белгілі өсімдік сөлі құрамын есептей отырып дайындалады. В. Швабе жетекшілігі немесе ФМ 3 әдісі бойынша сөлді 86% этанолмен (масса бойынша) (90% ) араластырады. Кейбір жағдайда эссенция алу үшін этанолдың әртүрлі концентрациясы пайдалануы мүмкін. Эссенция 1:2 қатынаста, 1:3 қатынаста алынады.
Эссенция дайындау технологиясы. Бірнеше әдістермен алынады.
1 әдіс бойынша - өсімдік құрамында сөл 70 % -тен жоғары болса және өсімдік шикізатында эфир майлар, шайырлар, шырыштар болмаса;
2 әдіс өсімдік шикізат құрамында сөл 70 %-тен аз болса, кептіру кезінде ылғал шығыны 60 % -тен көп болса және өсімдік шикізатында эфир майлар, шайырлар, шырыштар болмаса;
кептіру кезінде ылғал шығыны 60 % -тен көп болса және шикізат құрамында эфир майлар, шайырлар, шырыштар болған жағдайда.
Кептірілген шикізаттан бастапқы тұндырма дайындау
Құрғақ өсімдік және жануар шикізатынан бастапқы тұндырмалар 1:10 қатынаста дайындайды.
1 – тәсіл.
Кептірілген өсімдік шикізатынан 1 бөлік ірі ұнтақты МФ ХI. 2. басылым 17 бет немесе мұқият ұнтақталынған ботқа тәрізді жануар шикізатына 10 бөлік спирт қосады.
Күнделікті араластыру арқылы 8 тәулік мацерациялайды (тұндырады).
Құяды.
Преспен сығады.
8 тәулік бойы 20 0 С температурада жақсы жабылған ыдыста қалдырады.
Тұндырманың 10 бөлігін алу үшін жылдамдығы 20 тамшы / мин осындай этанол мөлшерімен перколяторға ауыстырып, перколяциялайды (сүзеді).
8 тәулік бойы 20 0С температурада жақсы жабылған ыдыста қалдырады.
Құяды.
Жануар шикізатынан бастапқы тұндырма дайындау
Мысал ретінде арадан алынған тұндырма дайындауды келтіруге болады. Құтыға тірі араны салады, салмағына екі еселенген мөлшердегі 62 % этанолмен өңдейді, сосын фарфор келіде ысқылайды, тағы сегіз салмақтық бөлікте 62 % этанол қосады, оны 14 күнге қалдырады, күнсайын күніне үш рет шайқайды. Алынған тұндырманы сықпай фильтрлейді. Екіншілік және үшіншілік ондық сұйылтуларды 62 % этанолды қолдана отырып дайындайды, ал жоғары сұйылтуларды алу үшін оның 43 % ерітіндісі қолданылады.
Қорытынды
Гомеопатия ғылыми сала ретінде біршама жақында зерттеле бастады, сол себепті бүгінгі таңда гомеопатиялық тұрғыдан бірыңғай тиімді жіктемесі жоқ. Дегенмен гомеопатияда қолданылатын дәрілік түрлердің біршама көп иөлшері оларды алдын ала жүйелеу қажеттілігі туралы айтады.
Пайдаланылған әдебиеттер
ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968 г.
Государственная Фармакопея Республики Казахстан – изд. первое. - Астана – 2008 г.
Технология лекарственных форм (Под ред. Т.С. Кондратьевой) Москва «Медицина». – 1991 г. с. 474-488.
Гомеопатические лекарственные средства «Руководство по описанию и изготовлению». Д-р Вильмар Швабе «Руководство по изготовлению гомеопатических лекарств». (перевод с немецкого - Под ред. В.И. Рыбака). - М. - 1967 г. стр. 224.
Практикум по технологии гомеопатических препаратов (под редакцией академика АНТК Украины А.И.Тихонова) – Харьков, «Оригинал» - 2006
Фармацевтическая технология. Технология лекарственных фор: учебник; под ред. И.И.Краснюка, Г.В.Михайловой. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011. -30 экз.