“Кіріспе. Неврология ғылымы. Оның басқа клиникалық пәндер қатарындағы орыны. Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі



бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124025
1   2   3

Сезімталдық түрлері: Жалпы сезімталдық қарапайым беткей (экстероцептивті) – ауырсыну, температуралық, тактильді терең (проприоцептивті) – бұлшықет-буын сезімі, вибрациалық сезім, қысым сезімі, салмақ сезімі интероцептивті – хемо- және барорецепция Күрделі екіөлшемді кеңістік сезімі, орналасу сезімі, дискриминация сезімі, стереогноз Арнайы сезімталдық көру есту иіс сезу дәм сезу

Терең және беткей сезімталдық жолдары

Ұзын жолдардың орталықтан шеткей орналасуы

Ауырсынудың түрлері:

  • Жергілікті – ауырсыну тітіркенгіші орналасқан аймақта кездеседі
  • Проекциалық – ауырсыну тітіркендіргіш аймағына сай емес
  • Иррадиациалық – ауырсыну патологиялық процесс орналасқан бір нерв тармағынан басталып басқа нерв тармағына беріледі
  • Шағылысқан – ішкі ағзалар ауруларында кездеседі

Перифериялық нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауырсыну көбіне активті қимыл-қозғалыс кезінде байқалады-бұл нерв бағандарының созылуы кезінде болады, оны тартылу симптомы деп атайды, олардың түрлері: Нери симптомы–науқастың басын алдыға қарай еңкейткен кезде бел аймағында ауырсыну Ласег симптомы – Ұзыннан созылған аяқты жамбас-сан буынында бүккенде бел мен санның және балтырдың артқы бетінде ауырсынудың пайда болуы (бірінші фаза), ал тізе буынында бүккенде ауырсыну қайтады және ары қарай аяқты көтеруге мүмкіндік туады (екінші фаза).

Симптом Вассермана – аяқты жоғары көтерген кезде санның алдыңғы беткейі мен шап аймағында ауырсынудың пайда болуы. Симптом Мацкевича - дәл сондай ауырсыну аяқты тізе буынында бүккен кезде пайда болады Симптом Сикара – аяқ бүкіл буындарда жазылған кезде және аяқ басын жазып бүккен кезде тізе астында пайда болатын ауырсыну. Симптом Дежерина – жөтелгенде, түшкіргенде, күшенген кезде бел аймағында пайда болатын ауырсыну

Сезімталдықтың зықымдалу түрлері: Парестезия - денеде өздігімен бірнәрсе өрмелегендей, ұйу сезімінің пайда болуы Анестезия – Сезімталдықтың жоқтығы. Гипестезия – Сезімталдықтың төмендеуі. Гиперестезия – берілетін тітіркенгіш өте қатты сезіледі. Дизестезия – сезімтал стимулдарды бұрмаланған түрде қабылдау: укол суық сезімі тәрізді қабылданады Аллохейрия – ауырсыну тітіркендіргіш орналасқан жерде емес оған қарама-қарсы симметриялық аймақта орналасады Полиэстезия –бір тітіркенудің көп болып сезінуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет