Тірек-қимыл жүйесі – адамның қимыл-қозғалысын қамтамасыз ететін, жердің тартылу күшіне қарсы (гравитацияға қарсы) қызмет атқаратын жүйе, сондықтан оны антигравитация аппараты деп атайды.
Ми бағаны – адам денесінің кеңістіктегі дұрыс қозғалысын мойын және лаберинттік рефлекстер қатысымен орындалуын және бұлшықет тонусының қалыпты реттелуін қамтамасыз етеді.
Мишық – қимылдың дәлме-дәл, үйлесімді орындалуына қажетті қимыл күшпен қамтамасыз етеді.
Ми қыртысы мен базальды түйіндер – ерікті қозғалыстардың координациясын реттейді.
Қаңқа еттері қозғалтқыш жүйке талшықтарымен жүйкеленеді. Қозғалыс талшықтары деп – ет талшықтарының тобын нервтейтін, мотонейронның өсінділерін айтады. Ет талшықтарын нервтейтін мотонейрон және оның талшықтары тобын – қозғалыс (моторлық) бірлігі дейді.
Ет талшықтары
Экстрафузальдық ет талшықтары – еттің жиырылуының барлық жұмыстарын атқарады.
Интрафузальдық ет талшықтар. Бұлшық еттің ішкі қабатында орналасқан шағын сопақша құрылымды бұлшықет ұршығы деп атайды. Ет ұршығының ішкі қабатында бұлшықет талшықтары шоғыры – интрафузальдық ет талшықтары (3-12 дана) орналасады. Олар бұлшықет ширығуын анықтайтын арнайы ет талшықтары болып саналады.