Кіріспе Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі



бет8/14
Дата21.10.2023
өлшемі332 Kb.
#120280
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Қас қақпайды ағалар.
Балбыраймыз төсекте
Біз – алаңсыз балалар, –
деген бір шумақ өлеңде үш сөздің мағынасын ажырата алмады.(қарамен жазылған).
Ал екінші берілген тапсырма бойынша балалардың өздері білетін ертегілерін әңгімелету кезіндегі қолданған сөздердің саны өте аз 45 – 55 сөздің шамасында. Оның есесіне сөз мағыналарын түгелдей дұрыс түсінетіндерін көрсетті.
Осы тапсырма бойынша бір-екі өлең, бір-екі ертегі білетін, бірақ білгендерін толық айтып бере алмайтын оқушылар саны – 12. Бұл балалардың тіліндегі негізгі кемшіліктер – сөздік қорларындағы жиі хқолданылатынсөздердің мүлде аздығы, ауызекі сөйлеу мен үй ішіндегі жергілікті сөздещръдің кездесетіндігі.
Енді өлең-ертегілер білмейтін және айтуға тырыспайтын оқушылар санын сараптасақ,бұл оқушылар саны – 7. Бұл оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары қалыптаспаған, бойларында белсенділік жетіспейді. Олардың сөздік қорының мөлшерін жеке әңгімелесу кезінде анықтадық.
Балаларға сөз беріп сөйлем құрату (қарағай, өмір, шағала, дос, керемет, кітап).Балалардың берген жауаптары төмендегідей;

  1. Берілген алты сөзге де сөйлем құраған, яғни 10-15 сөз қолдана отырып, әр сөзге 3-4 сөйлем құрастырған оқушы саны – 4.

  2. 8-10 сөз қолданып, 4-5 сөзге сөйлем құрастырған оқушының

саны - 11.

  1. 5-7 сөз қолданып, 3-4 сөзге сөйлем құраған оқушы саны – 8.

  2. 3-6 сөз қолданып, 2-3 сөзге сөйлем құрастырған оқушы саны – 5.

Мұндағы басты себеп оқулықтардағы берілген материалдардың бірқатарын бала ұғынбай, құр оқиды, жаттайды, өйткені ондағы көптеген сөздердің мағынасын балалардың тожлық түсінбеуінде. Бұл әрине мұғалімдер мен әдіскерлещрді ойландыруға тиіс.
Оқушылар біршама жеткілікті сөздік қор жинау үшін, күніне барлық сабақта 20-30 жаңа сөз үйренуі тиіс.
Сөздік қорды байытудың негізгі көзі, әрине көркем шығарма.Оқулықтардағы мәтіндер балаларға, бір жағынан, бірнеше жаңа сөздер үйрету; екінші жағынан, сөз тіркестерін үйрету;үшінші жағынан, сол сөздер мен тіркестердің мағыналарын тереңірек ұғындыра түсу т.с.с. мақсаттарды көздей отырып, таңдалған. Осыған орай, авторлар, мүмкіндігінше, ұлы А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Торайғыров т.б. сынды сөз шеберлерінің шығармалары мен халықтың сөз қазынасы – ауыз әдебиеті үлгілерінен қысқартып, икемдеп болса да, үзінділерберуге тырысқан.Соның арқасында оқушылар ана тілін жоғары дәрежедегі әдеби үлгілердің өзін оқу арқылы үйренеді.
Сөздік жұмысы сабақ барысында жүргізіледі. Мәтінді, ондағы жаңа сөздерді дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмысын жүргізбейінше, мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы шаңырақ, ақ алтын, көкжиек сөздерін дұрыс түсінбесе, дұрыс қабылдай алмайды,оларда елес тумайды.
Түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:

  • Мәтінді оқуға дайындық кезеңі;

  • Мәтінді оқу барысында;

  • Оқып шыққаннан кейін.

Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Мұнда тағы бір есте болатын жағдай – шығарманы оқымас бұрын онда кездесетін, мағынасы ауырлық келтіреді-ау деген сөздердің барлығын тізіп алып, шетінен түсіндіру керек деген ой тумасқа тиіс. Кейбір сөздердің мағынасы контекске қарай өзінен-өзі түсінікті болатынын ескеру қажет және оқылмас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады.
Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқаша ғана түсіндірілетін сөздер немесе синоним арқылы түсіндірілетін сөздер іріктеліп алынады ( мысалы, лашық – кішкентай үй немесе отаршылар – қанаушылар, т.с.с.). Алайда оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруді өте байқампаздықпен жүргізу талабы қойылады. Өйткені оқып келе жатқан материалдарды үзіп тастап, сөзді түсіндіруге кірісу – оқушының зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де, балалардың бір қатары онан әрі оқылатын материалды тыңдамайды. Мысалы, жоғарыда келтірілген сөздердің өзін алсақ, «отаршылар – қанаушылар» дегенде, балалардың бұрыннан дайындығы болмаса, қанаушының өзіне түсінбей қалуы мүмкін. Ендеше оны «біреудің еңбегін пайдаланушы» сияқты көбірек сөзбен дайындық кезеңінде түсіндіруге тура келеді.
Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді (онда сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болған соң жүргізіледі). Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.
Шығарманың мазмұнын оқушылар тереңірек ұғыну үшін немесе олардың сөздік қорын молайта түсу мақсатындағы сөздік жұмысы мәтін оқылғаннан кейін, яғни шығарманың мазмұнын талдау барысында түсіндіріледі.
Сөздер мен бейнелі ұғымдарды түсіндіруде, мысалы, батырақ сөзін қалай түсінетініндерін білу үшін, «Батырақ» деген не? деп сұрап, өте шығуға болмайды. Мұғалім мәтінде кездесетін мұндай сөздерді өзі әңгіме айтқанда, әңгімесінің ішінде, ал балалардың әңгімесін тыңдағанда, оларға қоятын сұрақтарының ішіне кірістіріп отыруға тиіс.
Cөздік жұмысын жүргізгенде, мұғалімнің есінде болатын жағдай – сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде, оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мұғалім затты немесе оның суретін көрсетеді, оған анық сипаттама береді. Психологтардың айтуы бойынша, сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап – сөз бен балалар санасындағы бейнелі түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бейнесі бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.
Оқушыларға жаңа сөздердің мағыналарын меңгертудің тәжірибеде сыналған мынадай тәсілдері бар:

  1. Бастауыш сынып оқушыларына жаңа сөздің мағынасын түсіндірудің ең қарапайым тәсілдердің бірі – сол сөз бейнелейтін заттың не құбылыстың өзін көрсету.

  2. Зат не құбылыстың суретін, макетін, қатырылған сұлбасын көрсету тәсілі.

  3. Берілген сөз мағынасын синонимдер арқылы анықтау тәсілі. Жаңа сөздердің мағыналарын оқушыларға айқын танытудың тиімді тәсілдерінің бірі - мағынасы түсініксіз сөзді оның синонимдерімен ашу және салыстыру. Мұғалімнің көмегімен оқушылар бейтаныс сөздің мағынасын өздеріне бұрыннан таныс сөздер арқылы анықтайды. Мысалы: (2-сынып ана тілі). Әкесіне тартқан қағілез, ақсұр бала (Б.Соқпақбаев). Бұл сөйлемдегі қағілез сөзінің мағынасын нәзік, жұқа, тілалғыш, пысық деген синонимдер арқылы танытуға болады.

Оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында қолданылатын бұл әдістің есте ұстайтын тағы бір ерекшелігі бар. Синонимдік қатарда кез келген сөздің өзіне тән реңкі болатыны белгілі. Демек олардың мағыналары қанша жақын болғанымен, бір-бірін дәл қайталай алмайды. Сондықтан кездескен жаңа сөздің мағынасын оның синонимдері аоқылы түсіндіргенде, мұғалімнің қосымша анықтама бере кетуіне де тура келеді. Мұндай анықтама беру кезінде мұғалім мағынасы түсіндіріліп отырған сөздің мағыналық бояуына, көркемдік қолданысына оқушылардың назарын аударып өткен жөн.
Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын пән оқулықтарында тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Сабақ барысында мұндай фразеологизмдерді де синоним сөздер арқылы түсіндіріліп, конттекстік мағынасын игерту мақсатында сөйлемдер құралады. Мысалы, көзді ашып жұмғанша – тез, лезде; көзі ілінді – ұйықтады; өлейін деп тұрмын – қатты шаршау; су жүрек – қорқақ; жүрек жұтқан – батыр,ер т.б. Тұрақты сөз тіркестерін парафразамен де түсіндіруге, мағынасын ашуға болады. Мысалы, Астана - әсем қала, Қазақстан Республикасының астанасы - әсем қала. Тоқтар Әубәкіровпен мектеп оқушылары кездесу өткізді. Қазақтың тұңғыш ғарышкерімен мектеп оқушылары кездесу өткізді.

  1. Сөздің морфологиялық құрамын талдау тәсілі. Кейбір жаңа сөздердің мағынасын морфологиялық құрамын талдау арқылы түсіндіруге де болады. Бұл тәсілдің артықшылығы морфологиялық талдау арқылы оқушы жаңа сөз жасау жолдарына қаныға түседі.

  2. Оқушылардың жаңа сөз мағынасын меңгертудің тағы бір тәсілі – логикалық анықтама беру. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстар негізгі және негізгі емес белгілерден тұрады. Қай нәрсеге болмасын анықтама беру деген сөз оның барлық қасиеттерін санап көрсету не қамту деген сөз емес. Сондықтан заттарға не құбылыстарға анықтама бергенде олардың басты белгілерін қамтудың өзі де жеткілікті болады.

Мысалы, адам екі аяқты, екі қолды, тік жүретін деп анықтама берсек дұрыс болмас еді. Ал адамның негізгі белгісі оның саналылығы мен бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайтындығында. Бұларсыз адамға толыққанды анықтама беру жеткіліксіз.Мұғалім белгілі бір сөзге (ұғымға) логикалық анықтама бергенде осы мәселені естен шығармағаны дұрыс. Мысалы, схна, саябақ, еңбекақы, шаңырақ т.б. Мұғалім бұл сөздерге логикалық анықтаманы былайша беруіне болады. Сахна - әртістер мен әншілердің өнер көрсететін орны. Шаңырақ – уықтар бекітілетін киіз үйдің дөңгелек шеңберлі төбесі.

  1. Жаңа сөзді сөйлем ішінде пайдалану тәсілі. Кейбір жаңа сөздердің мағынасы сөйлем ішінде пайдалану арқылы да түсіндіріледі.

  2. Сөз мағынасын олардың антонимдерімен түсіндіру тәсілі. Жаңа сөздің мағынасын түсіндіру тәсілдерінің бірі – сөздерді антонимдерімен салыстыру. Түсіндіргелі отырған жаңа сөздің антонимі оқушыларға бұрыннан белгілі сөздер болуы тиіс.Сөздердің мағынасын антонимдері арқылы түсіндіру әлдеқайда тиімді. Мысалы, ирек-түзу, баяу-тез, жылдам; кішіпейіл-менмен, дөрекі, қатігез-мейірімді, қоян жүрек-батыр. Сөздерді антонимдерімен салыстырып қана қою жеткіліксіз, сонымен бірге бұл сөздермен сөйлем құрап түсіндірілсе, оқушылардың есінде ұзақ сақталады.

  3. Абстракт мағыналы сөздерді өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндіру тәсілі. Мысалы,батыр, батыл, ержүрек сөздерінің мағынасын М.Мәмбетова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы сияқты аға ұрпақтың ерлік істері арқылы ашу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет