Сабақ №27 Пән : коррекциялық сабақ Күні : Сабақтың тақырыбы : Жақсы қасиеттер Сабақтың мақсаты



Дата15.03.2023
өлшемі16,72 Kb.
#74459
түріСабақ

Сабақ № 27
Пән: коррекциялық сабақ
Күні :
Сабақтың тақырыбы : Жақсы қасиеттер
Сабақтың мақсаты :
1 . Оқушы бойындағы мінез –құлық ерекшелігі туралы түсінігін кеңейту .
2 . Өзіңнің тұлғалық қабілеттеріне дұрыс қарым – қатынасты дамыту.
3 . Өзін – өзі дамыта білу қабілетін тәрбиелеу .
Сабақтың түрі : аралас
Сабақ әдісі : түсіндіру , әңгімелесу , мәтін оқу
Сабақтың барысы :
І . Ұйымдастыру кезеңі . Оқушымен амандасу . Сабаққа керекті заттарды дайындап . Оқушының зейінін сабаққа аудару .
ІІ . Жаңа тақырып :
Сабақтың басында тақырып өткізіледі .
«Адамгершілік» сөзіне ассоциялар
1 . _____________________________________________________
2 . _____________________________________________________
3 . _____________________________________________________
4 . _____________________________________________________
5 . _____________________________________________________
6 . _____________________________________________________
1 . «Мінез –құлықты тәрбиелеу» атты әңгіме оқу.
Бір кезде жаман мінезді бала өмір сүріпті . Бір күні әкесі оған шегеге толы дорбаша беріп . Егер , шыдамдылығын таусалса немесе біреумен араздасып қалған кезде бақшадағы ағашқа бір – бірден шеге қағып отырасың деді . Бірінші күні бала ағашқа 37 шеге қақты . Келесі күндері өзін – өзі қолға алып , кез – келген істі сабырлықпен істеуге тырысты . Сол себептен қағылған шеге саны азайды . Ол осыдан түсінгені : шеге қаққанша , өзіңді бақылай білу керек екендігі .
Әйтеуір , ағашқа бірде бір шеге қақпағанкүн де келді . Қуанышы қойнына сыймай бала жүгіріп әкесіне барады . Барып , бірде – бір шеге қақпағаны туралы айтты . Сонда әкесі оған айтқаны : - Енді , ешкімге ренжімеген , араздаспаған күні бір – бір шегеден жұлып алып тастап отыр . Күндер өте келе , бала өз әкесіне барлық шегелерді жұлдым деп айта алды .
Сонда әкесі баласын ағаштың қасына ертіп келіп :

  • Балам , сенің тәртібің жақсы болды , бірақ ағашқа қарашы шегелерден кейін тесіктер қалып қалыпты . Ағаш енді бұрынғыдай емес . Сен біреумен араздассаң , ренжітсең жүрегінде осындай жара қалдырасың .

Оқушымен бірге талқыланады : - Мына әңгімеден не түсіндің ? Неге үйретеді ?
2 . Оқушыға адам мінезінің атаулары беріледі . Оқушы соларды оқып , әр адамға ең қажеттісін , керектісін жазады .
3 . Сен өзіне сын көзбен қарай аласың ба ?

  • Қандай қасиетің сені өзгелерден ерекшелендіреді деп ойлайсың ?

  • Сен өз кемшіліктеріңді түзету үшін не істейсің ?

ІҮ . Сабақты пысықтау :
Біздің өміріміз ол туралы біздің не ойлайтындығымыз екендігін естен шығармай , өз ақыл – ойыңызды тыныш өмір , өмір , үміт, денсаулық туралы ойлармен толықтырыңыз .
Ешқашан да өзгелерден кек алуға тырыспаңыз ,себебі сіз олардан гөрі өзіңізге зиян келтіріңіз .
Ү . Үй тапсырмасы : өз бойындағы ұнайтын қасиеттерді жазу .
Коррекциялық сабақтан күтілетін нәтиже .
Бала тапсырмаларды қызыға орындауын , жақсы көңіл күйде болуын қамтамасыз ету . Сабақ барысында жақсы қарым – қатынас орнатуға қызығушылығын тудыру . Балада өзіне сеніммен , сүйіспеншілікпен қарауға , сонымен қатар , мейірімділік , сенім құрмет сияқтя жағымды қасиеттерін дамыту .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет