Кіріспе Тасымалдау құбылысының жалпы теңдеуі Жылу өткізгіштік. Дифузия. Ішкі үйкеліс (тұтқырлық)



бет7/8
Дата06.01.2022
өлшемі73,07 Kb.
#12208
1   2   3   4   5   6   7   8
Қорытынды

Қалыпты жағдайда газдың қысымы мен температурасы қарасгырып отырған көлемнің барлық жерінде бірдей болады. Осыған сәйкес қалыпты жағдайда: осы көлемде газ молекулалары бірыңғай орналасады, яғни молекулалар саны қарастырылып отырған көлемнің барлық жерінде бірдей болады, сол сияқты молекулалардың орташа кинетикалык энергиясы да бірдей. Бірақ мұндай орналасу кейбір сыртқы себептерден өзгеріске ұшырайды. Атап айтқанда молекулалардың жылулық қозғалысының және сол қозғалыс кезінде молекулаларды бір жерден екінші жерге көшіріп отырудың салдарынан, олар бастапқы күйіне қайта оралуы мүмкін. Осындай қозғалыстың салдарынан молекулалар бір-бірімен соқтығысып, өздерінің жылдамдықтарының бағыты мен шамасын өзгертеді. Сөйтіп молекулалар үздіксіз бірімен-бірі араласып және соның салдарынан газ күйін сипаттайтын параметрлер өзара теңесіп отырады.

Статистикалық физика денелердің тепе-тең күйлерін қарастырады. Ал тепе-теңдік күйден ауытқығаи кезде пайда болатын құбылыстарды зерттейтін сала — физикалық кинетика.

Сонымен қарастырып отырған көлемдегі газ молекулалары бір орыннан екінші орынға диффузия, ішкі үйкеліс және жылу өткізгіштік құбылыстары арқылы тасымалдануы мүмкін. Берілген көлемде екі түрлі газ немесе молекулаларының саны әр түрлі біртекті газ болсын. Олар молекулалардың жылулық қозғалысының әсерінен бір-бірімен араласып, соңында екі газдағы молекулалар саны теңеседі. Яғни, газ молекулалары ретсіз қозғалып отырады, осыдан барып тиісіп тұрған әр текті екі газ бір-бірімен араласады, яғни диффузияланады. Сөйтіп диффузия құбылысы пайда болады.

Ал кейбір газдар бір-бірінен молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы немесе температурасының өзгешелігінен екі түрлі болуы мүмкін. Егер осы газ молекулаларының бір бөлігін басқа жаққа тасымалдайтын болсақ, онда олардың температуралары барлық жерде бірдей болады. Сөйтіп температура алмасуының әсерінен жылу өткізгіштік құбылысы пайда болады.

Ең соңында газдық қабаттар әр түрлі жылдамдықпен қозғалғанда олардың арасында күш пайда болады. Жылдамырақ қозғалатын қабат баяу қозғалатын кабатты езімен ілестіріп шапшаңдатады және керісінше, баяу қозғалатын қабат жылдам қозғалатын қабатқа бөгет жасайды. Сөйтіп, газ қабаттары арасында үйкеліс күші пайда болады. Бұл үйкеліс күші газ кабаттарына жанама бағытпен әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет