7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика пәндерінің республикалық жасөспірімдер олимпиадасы мектепішілік кезеңі Физика, 7 сынып
Жұмыс уақыты – 120 минут 1 Есеп Турист жүрілген жолдың үштен бір бөлігін, бірқалыпты қозғалып
1сағат ішінде өтті. Сонан соң шаршап екінші үштен бір бөлігін де бірқалыпты қозғалып 2 сағат жүрді. Үшінші жол бөлігінде одан гөрі шаршап оныда бірқалыпты қозғалып үш сағат бойы жүріп өтті. Бірінші жол бөлігіндегі орташа жылдамдығы екінші жол бөлігіндегі жылдамдығынан неше есе артық?
8 ұпай 2 Есеп Қола (бронза) жасауүшін мыс пен қалайының қорытпасын алады. Егер қорытпаны жасау үшін металдардың басында бірдей көлемдерін араластырса, ал сонан соң бірдей салмакпен алса, қорыптаның тығыздығы неге тең болады. Мыс тығыздығы 8930 кг/м3 қалайы–7280 кг/м3 Қорытпа көлемі металдар көлемдерінің қосындысына тең.
7 ұпай
3 Есеп Массасы 1800кг ғарыштық кеменің жерге қонушы аппарат тежеуші парашюттардың ашылуынан соң бірқалыпты қозғалады. Егер еркін түсу үдеуін 10 теңдеп алса, ауаның кедергі күші неге тең болады.
5 ұпай
7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика пәндерінің республикалық жасөспірімдер олимпиадасы мектепішілік кезеңі
Физика, 8 сынып
Жұмыс уақыты – 120 минут 1 Есеп Ұзындығы 200м жауынгерлер легі (Колонна) жорықта жол бойымен
3,6 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Соңында жүруші офицер хабар тасушыны қысқа хатпен легі алдындағы командирге жібереді. Жауынгер 7м/с жылдамдықпен жүгіріп, тапсырманы орындап болған соң соңында жүрушіге сол жылдамдықпен қайта оралады. Тапсырманы алғаннан соң қай уақыт ішінде жауынгер қайта оралды?
(8 ұпай) 2 Есеп Ұзындықтары бірдей, бірақ қалындығы әртүрлі екі болат сымды басында ток көзіне параллель, сонан соң тізбектей қосады. «күштірек» және «нашарлау» ұғымдарды пайдаланып сымдар осы екі жағдайда қалай қыздырылатындығын жазып беріңіз. Жауабын математикалық түрде негіздендер.
(5 ұпай) 3 Есеп Калориметр ішінде t1=22˚C бөлме температурада m1=100 г суға массасы m2=50 г , t2=100˚C қа дейін қыздырылған мыс кесегін және массасы m3=70 г , t3=90˚C қа дейін қыздырылған темір кесегін салады. Температурасы орнықтылған соң калориметрдегі температурасын табыңдар. Судың меншікті жылусыйымдылығы cв=4,18Дж/гК; мыстың меншікті жылусыйымдылығы см=0,39Дж/гК; темірдің меншікті жылусыйымдылығы сж=0,46 Дж/г К.
(7 ұпай)