Кіші «Балапан» тобының 2018 - 2019 оқу жылының маусым айының перспективтік жоспары Өтпелі тақырып «Қош келдің, жайдарлы жаз»
Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты түсінік бере отырып, жаз мезгілінде күн ысып, күн ұзарып, кештің жай бататындығы жайлы білімдерін кеңейту.
Денсаулық 2 Дене шынықтыру 2
Коммуникация 1 Сөйлеуді дамыту 0,5
Көркем әдебиет 0,5
Шығармашылық 1,5 Сурет салу 0,5
Мүсіндеу 0,5
Музыка 1
І апта
Дене шынықтыру Шеңбер бойымен жүру, жүгіру,екіге бөлініп сап түзеу.
Шеңбер бойымен жүру ережелерін сақтай отырып, «тоқта» бұйрығына тоқтап тұрып қос аяқтап секіруге үйрету.
Ойын: «Торғайлар мен мысық»
Гимнастика сатысыны өрмелеу. Сатыға өрмелеуге үйрете отырып, биіктіктен қорықпауға баулу.
Ойын: «Кім допты алысқа лақтырады»
Көркем әдебиет Ертегі: «Лақ пен бұлақ». Мақсаты: Ертегіні тыңдай отырып, ертегінің мазмұнын түсінуге баулу. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Ертегіні мұқият назар қойып тыңдауға үйрету.
Сурет салу Тақырыбы:«Күн» Мақсаты: Саусақпен сурет салу техникасын жалғастыра отырып. Сұқ саусақты бояуға батырып күннің шуақтарын сала білуге үйрету. Топтасып жұмыс жасауға баулу.
Музыка Тақырыбы:««Төлдер» Түрлі қарқындағы музыканы тыңдап ажыратуды, әнді сөздерін анық,бір қарқынмен айтуға, шеңбер бойымен қозғалуға үйрету.