Дене шынықтыру
Допты кеуде түсында ұстап лақтыру.
Допты екі қолмен кеуде тұсының деңгейінде ұстап, еденнен екі айяқпен итеріле отырып, алдыға қарай екі қолын созып, допты лақтыруды қалыптастыру.
Ұзындыққа секіру.
Қос аяқтап ұзындыққа секіруге үйрету, бұйрықты тыңдай отырып, орындауға баулу. Тапсырманы орындауда тепе – теңдік сақтауға үйрету.
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Жақсы мен жаман»
Ертегіні тыңдай отырып, ертегінің мазмұнын түсінуге баулу. Ертегіні өз түсініктері бойынша әңгімелеп беруге баулу. Бойларында адамгершілік қасиетті қалыптастыру. Сөз қорларын байыта отырып, сөйлеу тілдерін дамыту.
|
Мүсіндеу
Тақырыбы:«Қонжыққа арналған жидектер»
Мақсаты: Мүсіндеуге байланысты ермексазды бөліктерге бөлу, алақанға салып мыжу, шиыршықтау, шелпек, домалақ жасау қарапайым тәсілдерін үйрету арқылы жидектер жасату. Өз еңбектерін бағалай білуге баулу.
|