Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ



бет20/23
Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40827
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Тақырыптың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыру, сөздік қорын жетілдіру.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар суреттегі оқиға бойынша әңгіме құрастырды.
Тапсырманың маңызы:Оқушының байқампаздық қабілетін жетілдіріп, олардың қиялын дамыту.
«Сенбілік» тақырыбына әңгіме құрастыру.
Суретке ат қояйық.Болат, Марат, Жанар сенбілікте жүр.
– Қандай мезгіл?
– Болат пен Марат не істеп жүр?
– Жанар ше?
– Үшеуі қанша тал екті?– деген сияқты сұрақтар қою арқылы мұғалім оқушыға әңгіме құрастыруға бағыт береді.
Сенбілік
Көктем мезгілі: Болат пен Марат тал егіп жүр.Ал Жанар талдарға су құйып жүр.Үшеуі жүріп 8 тал екті.Табиғатты көркейтуде.
Мұнда суретке қарап,сұрақ-жауап арқылы диалогтік сөйлем құрастырса,ал диалогтік сөйлемдерді әңгімеге айналдырып, монологтік сөйлемге айналдырдық.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының монологтік сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін оқушыларға бір-біріне тілек, құттықтау сөздерді айтқыздыруға болады. Тілек, құттықтау сөздерді айту арқылы оқушылар өз ойын ашық айтуға, ойын жүйелеуге және өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді.
Мысалы:
Қымбатты, Айнұр!
Туған күніңмен құттықтаймын! Өміріңе сәттілік, бақыт, қуаныш тілеймін!
Арайлап атқан әр таң жақсылық сыйласын! Аялап өсірген ата-анаңның үкілі үмітін ақтауыңа тілектеспін! Саған зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат, сарқылмас ізденіс тілеймін!
Ізгі ниетпен,
досың Жанар
Тапсырма. «Туған жер» атты мәтінді мәнерлеп оқу және мәтіннен диалог құрастыру.
Тапсырманың мақсаты: Монологтік сөйлемді диалогтік сөйлемге айналдырыңдар.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, монологтік сөйлемді диалогтік сөйлемге құрастыруға дағдыланады.
Тапсырманың маңызы: Туған жер сөз тіркесінің мәтінін,мәтіннің мазмұнын түсінеді және оқушылардың логикалық ойлауы дамиды.
Туған жер
Біздің сиырымыз бар еді. Атам оны суық күндері қораға қамап, жылы күндері сыртқа байлап, алдына шөп салып, қоятын. Өзі буаз еді. Бір күні қора сыртында тұрғанда бұзаулапты. Әдемі ақ бас қоңыр бұзау. Енесі оның үсті-басын жалап, жылтылдатып қойыпты. Бұзау болса, орньнан тұрып, енесін емуге әрекет жасап жүр екен. Атам оның енесін де, өзін де жылы қораға кіргізді де, бұзаудан байламай бос қоя берді. Бір айналып келіп қарасақ, қорада бұзау жоқ. Сөйтсек қораның ашық есігінен шығып, өзі туылған жерге барып жатыр екен. «Мал екеш мал да кіндік қаны тамған жерін табады екен-ау», – деді атам.
Туған жер мәтінінен диалог құрастыру. Мысалы:
– «Туған жер» ұғымын қалай түсінесің? (Кең мағыналы ұғым....);

    • Сенің туған жерің қандай? (Туған жерім – әрі кең, әрі ыстық);

    • Мәтіннің мазмұны нені меңзеп тұр? (Туған жердің маңыздылығын меңзеп тұр)

т.б. осындай сұрақтар келеді .
Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыру тапсырмалары оқушыларда мынадай дағдылар мен біліктер қалыптастырды:
1.Өз бетінше ізденушілік қабілеті дамыды.
2.Өз ойларын дәлелдеуге дағдыланды.
3.Диалогтік және монологтік сөйлем құрау дағдылары біршама қалыптасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет