Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
7.О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай
көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық,
әңгіме құрастырып жазу
Білім алушы
• Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін ажыратады
• Тілдік құралдарды ажыратады
• Шағын мақала, нұсқаулық,
әңгіме құрастырып жазады
• Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады
Білу және түсіну Қолдану
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, төменде берілген кестені үлгі ретінде пайдаланып, өзіндік талдау жасаңыз.
Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласында скиф-
сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер)
скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Еуразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы тайпалар бірлестіктері Қазақстан
территориясын жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады. Бұлардың ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі. Ал аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықты жазылған. Ең бір көне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы – Авестада көрініс береді.
Сонымен бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен көшпелі тайпа «тұрларды» да атап өтеді. Ал осы «тұрларды» ежелгі гректер массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан түркі
тектес халықтардың, дәлірек негіздесек, қазақ халқының арғы ата-бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағын танып білеміз. Массагеттер мен тұрлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Геродот та жазып кеткен.
Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым көрші патшалықтармен қарым-қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды.
Көшпенді де еркін, ержүрек халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей, қайта өздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын