Клиникаға кіріспе



бет6/61
Дата23.09.2023
өлшемі227,6 Kb.
#109897
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

  1. Ауыр науқаста стационарлы ем кезінде ауыз қуысында тағам қабылдағанда дамитын ауырсыну, сілекей ағу, дене қызуы 38,2 С дейін көтерілуі орын алды. Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз қандай? Әрі қарай не істейсіз?

  2. Көзі ауыратын науқасқа дәрігер 30% сульфацилнатрий ер-н әр көзіне 2 тамшыдан тағайындады. Осы процедураны қалай жасайсыз? Науқасты қалай күтесіз?

  3. Төсекте ұзақ жатқан науқаста құлақтың шуылдауы, бітелуі, ауыр естуі дамыды. Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз қандай? Әрі қарай не істейсіз? Қандай процедура қолданасыз? Ол қалай жасалады?

  4. Стационарлы емде жүрегі ауыратын науқас емделуде. Ауыз қуысын қалай күтесіз?

13. Сабақты қорытындылау: 4 мин (4%)
оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
14. Үйге тапсырма беру: 4 мин (4%)
2– сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: 5 Бөлім. Науқастарды тамақтандыру.
5.1. Тақырыбы. Емдік тамақтанудың негізгі принциптері.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі: практика
4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: тамақтануды ұйымдастыру және науқастарды тамақтандыру. Жасанды тамақтандыру.

  • тәрбиелік: ауыр науқастарды тамақтандыру кезінде этика және деонтология нормаларын ұстануға тәрбиелеу.

  • дамыту: науқастарды тамақтандыру туралы түсінікті және бөлімдегі тағамдарды сақтау ережелерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу, аудиториялық.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет