Іс-қимыл алгоритмі: Центрифугалық сынауыққа магний сульфаты реактивтері ішінен біреудің немесе ЭДТА ерітіндінің 25мкл. Панченков аппаратынан капиллярмен құйыңыз
Осы сынауыққа «К» белгісіне дейін дәл сол Панченков капиллярмен алынған қанды құйыңыз
Сынауықтағы қоспаны араластырыңыз және жіңішке сүртінділерді дайындаңыз
Сүртіндінің фиксациясын өткізіңіз және Романовский-Гимзе бойынша бояңыздар
1000 эритроцитке иммерсиялық жүйесімен шектелген көру аумағында тромбоциттер санын санаңыз
Тромбоциттер санын есептеңіз: тромбоциттердің абсолюттық санын біліп, қанның 1000 эритроцитіне көбейтіп, қанның 1 мкл-да қан пластинкалардың санын есептеңіз
1 л-да тромбоциттердің құрамын анықтаңыз, бұл үшін мыңда тромбоциттер санын 109 көбейтіңіз.
Ескерту:пайдалану кезінде магний сульфаттың реактивін стабилизациялау үшін бояу ұзақтығы 2-3 сағат құрайды, ЭДТА пайдаланғанда 30-45 минут құрайды.
ҚАН ҰЮ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ
Мақсат:капиллярлы қанда ұю уақыттың анықтауын меңгеру және өткізу.
Зерттеу әдісі: Сухарев әдісі. Принципі: капиллярлы қанда ұйыған қанның құрылу жылдамдығын анықтау
Материалдық ресурстар: Панченков капиллярлары
Скарификатор-инелер
Секундомер
Басқа пайдаланатын материал: Медициналық қолғаптар
Қорғаныс көзілдіріктер
Фартук
Стерильды құрғақ тампондар
Тоқымалы емес материалдан жасалған спирт салфеткалары