Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



бет7/136
Дата07.01.2023
өлшемі305,85 Kb.
#60581
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   136
13-бап. Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері

3. Салық төлеуші:

6) салықтық тексеруді және (немесе) камералдық бақылауды жүргізу барысында салық органдарының талап етуі бойынша табыс етуге міндетті:
лауазымды тұлғалардың (қызметкерлердің) түсіндірмелері, өнім берушімен мәмілелер (операциялар) жасау кезінде тиісті сақтықты сақтауды растайтын құжаттар, ақпарат;
өнім берушінің тауарларды жеткізу (өндіру), жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарту фактілерінің болуы не болмауы туралы мәліметтер;


7) мұндай салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру және (немесе) камералдық бақылау жүргізілген жағдайда-салық органдарының талап етуі бойынша табыс етуге міндетті:
тауарларды жеткізуді (өндіруді), жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың, қызметкерлердің және өзге де тұлғалардың түсіндірмелері;


01.07.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Кәсіпкер көрсеткен тиісті сақтықты тексеру мүмкіндігі үшін тексерушілердің жаңа құқықтары көзделген.


16-бап

16-бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету

3. Салық төлеуші (салық агенті) салық органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қарым-қатынастарда өз мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі болып танылады.
Салық төлеуші (салық агенті) - жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің уәкілетті өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, нотариат куәландырған немесе оған теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі.
Салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның не оның құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті өкілі құрылтай құжаттары және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет