Көптеген ғылыми еңбектерде ғалам бейнесі (картина мира) ғаламның тілдік бейнесінің (языковая картина мира) орнына (мүмкін үнемдеу үшін) қолданыла береді
Көптеген ғылыми еңбектерде ғалам бейнесі (картина мира) ғаламның тілдік бейнесінің (языковая картина мира) орнына (мүмкін үнемдеу үшін) қолданыла береді. Мәні бойынша бұл екі ұғым екі немесе бірнеше болғандықтан ажыратып қолдану қажет. «Ғаламның тілдік бейнесі термині философия мен логика аспектісінде Л.Витгенштейннің ұсынуымен қолданылған.
Когнитивизм – адам санасын, ойлау қабілетін, сонымен байланысты ментальды процесс пен құрылымын зерттеп-зерделейтін ғылыми бағыт. Маслова біліммен, ақпаратпен байланысты процестердің барлығын когнитив немесе когниция деп атайды. Когнитивизм ілімі бойынша, адам ақпаратты қайта өңдеп шығарушы қызметін атқарса, ал тәртібі – ішкі жағдайдың деңгейімен сипатталып түсіндіріледі. Ақпаратты санаға дұрыс қабылдап, интерпретация жасап, өңдеп, жеткізу кезінде ғана адамның бұндай қызметі көрініп, тәжірибе жүзінде дәлелденеді. Интерпретация деп отырғанымыз ақпаратты қабылдау, түйсіну, түсіну, зерттеу, зерделеу, өңдеу т.б. сияқты қызметтерімен ерекшеленеді. Осындай мәселелерді шешуде тілдің маңызы зор болғандықтан, ғалымдар басты құрал ретінде қарастырады.
Әртүрлі бағытта келетін ақпараттыадам санасында өңдеп оқыту процесі;
Әлемнің ментальды модельдерін құру;
Құрылымдық жүйені когнитивтік актілердің әртүрлілігімен қамтамасыз ету;
Туған тілде берілген қалыптасу мен түсіну қызметтері адам ойының компьютерлік бағдарламасы арқылы жүзеге асады; компьютерлік бағдарламаның модельдерін құру, мәтінді түсіну мен зерделеудің нышаны бола алады;
Ойлау актілерінің психикалық процестерінің кең көлемде қолданылуы.