Когнитивтің бүгінгі таңда меже тұтатын мәселесі тіл мен таным сабақтастығы. Тілдің субъективті логикалық сапасының өзі объективтік дүниені танып білуші, оны тілдік тұлға
(сөз, сөз тіркесі, сөйлем формалары) арқылы санада таңбалаушы, оның репрезентациясын (ішкі формаларын) көрсетуші, белгілі бір кезеңдегі, уақыттағы адамдар қауымдастығының шынайы өмір тәжірибесінен алынған танымдық кешендерінің қабылдаушысы ретінде сараланып жүргені белгілі.
Тіл мен танымның осындай өзіндік ерекшеліктері когнитивтік тізбектегі тәуелділік пен арақатынастарды орнату мәселелеріне орай «ақыл-ой (сана) тіл ішкі таным (репрезентация) концептілеу категориялау – қабылдау сияқты ұғымдар жүйесімен анықталады.
Когниция – когнитивтік ғылымның тірек сөзі; ол латын тілінің (cognitio – cognitatio / «таным», «тану») екі терминінің мағынасынан құралады және «ойлау» термині де кіреді. Көп жағдайда ол таным үрдісі немесе психикалық (ментальдылық, ой ұшқырлылық) үрдісті әлемді тану үрдісімен анықталады. Когниция қызметін, ортамен арақатынасын, өмір сүруге деген бағытын, еңбекке икемділігін, әлемді тану үрдістерін анық бейнелейді. Когниция – санасезімі дамымаған, еңбекке жарамсыз адамдардың өзін-өзі тануы, бағалауы, қоршаған ортаны, әлемді суреттеуі адам санасы мен мінез-құлқының негізгі нышанын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |