Көлік түрлері Өндірістік жарақат алу саны



бет4/5
Дата03.09.2022
өлшемі140,48 Kb.
#38396
1   2   3   4   5
Жиілікке бөлу дегеніміз-сыныптар мен жиіліктерді қолдана отырып, кестелік түрде бастапқы(өңделмеген деректер) деректерді ұйымдастыру



Графиктер деректі ұсыну үшін және аудиторияның назарын аудару үшін өте пайдалы әдіс. Демек, деректерді жинақтау және ұсынудың ең тиімді жолы график немесе диаграмма жасау болып табылады. Статистикадағы графиктердің негізгі мақсаты – аудиторияға деректі кескін түрінде жеткізу.


Гистограмма, жиілік полигоны және кумулятивтік жиілік топтастырылған жиілік деректерінің таралуын сипаттау үшін кеңінен қолданылады. Сандық мәліметтерге арналған ең танымал графикалық көріністер - гистограмма, бағандық диаграмма (орташа мәнді білдіретін баған), баған мен жапырақ графигі және бокс графигі. Сондай-ақ, талдаушы белгілі бір кезең ішінде пайда болатын трендті немесе үлгіні зерттеу үшін уақыт кестесін қолдана алады. Сонымен қатар, сапалық деректер үшін ең танымал графикалық көріністер - Парето диаграммасы және дөңгелек диаграмма.


6-кестеде деректерді ұсыну үшін сипаттамалар немесе әртүрлі диаграммалар мен графиктер көрсетілген. Әр графикалық жиынтық әр түрлі сипаттамаларға ие және тек белгілі бір деректер түрін жалпылау үшін пайдаланады.


6-кесте. Диаграммалар мен графиктер сипаттамалары(Графиктер мен диаграммалар құру/тұрғызу)



Графикалық бейнесі

Сипаттамалары



Гистограмма

  • Сандық деректер үшін

  • Топтастырылған деректердің таралу жиілігін сипаттау/анықтау

  • Деректерді сынып жиілігі арқылы (?classes) әртүрлі биіктіктегі іргелес орналасқан тік жолақтардың көмегімен көрсету



Жиілік полигоны

  • Сандық деректер үшін

  • Топтастырылған деректердің таралу жиілігін сипаттау/анықтау

  • Деректерді сыныптың орташа нүктелері мен жиіліктерінен құралған нүктелер арқылы қосатын сызықтармен көрсету

  • Жиіліктер нүктелердің биіктіктерімен көрсетілген







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет