Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ
Қазақстан Республикасы
Астана қаласы
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ф.ғ.д.,
(kharjaubay@mail.ru)
Орхон мәтіндеріндегі кейбір мәліметтерге жаңа түсініктеме
(Новые интерпретации некоторых данных
Орхонских рунических текстов)
⋈ кескін Орталық және Орта Азиядағы тарихи-рухани құндылықтарда
қола, темір дәуірінен бастап бүгінге дейін түркі халықтардың жадында мәңгі
өшпестей болып берік сақталған.
Бізге жеткен археологиялық ақпаратқа жүгінсек
⋈
кескінді ежелгі
еуразия көшпелілері төмендегі екі үш түрлі қолданыста пайдаланыпты.
Солардың бірлі-жарымын дерек ретінде көрсетсек:
І. Тайпа таңбасының орнына және елтаңба (рәміз) ретінде қолданған
археологиялық деректер:
Тэвш-ула петроглифі. Қола дәуірі. Б.з.б. ІІІ-І мың жылдық [1, с.253-
256].
Батыс Монғолия. Қола, темір дәуірі. Б.з.б. ІІІ – б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ
аралығы [2, с.147-179].
Цахир петроглифі. Темір дәуірі. Б.з.б. Х-І ғғ. [3, с.22, 274-276].
2. Ежелгі түрік бітігінің буын жазуында.
Сарөзен І. ҚХР. Б.з.б. ХІҮ-ҮІІІ ғғ. 3 мәрте [4, 114-б].
Сарөзен ІІ. ҚХР. Б.з.б. ҮІІ-ІҮ ғғ. 2 мәрте [4, 116-117-б].
Этрус жазуында. Б.з. ХІҮ-ҮІІІ ғғ. [4, 125-б].
3. Реформадан (б.з. 552-570 жж) бұрынғы түрік бітігте.
Ақыртас сағанасында (палочка) – 2 мәрте.
Хунну (сюнну) жазуында 1 мәрте [4, 125-б].
Орта Азия бітігтерінде 2 мәрте [4, 125-б].
2
Бұл археологиялық тарихи деректер
⋈
кескін б.з.б. ІІІ-І мыңжылдықтан
бастап арада үзіліссіз түрік бітіг жазуына дейін ежелгі сақ (скиф), түріктердің
қасиетті
рәмізі,
нышаны
(символ),
кейін
логограммалық
және
силлобограммалық жазу ретінде қолданыста болғанына көз жеткіземіз.
Өйтсе, ежелгі сақтардың (скиф) қасиетті символдары ай, күн, тауешкілермен
бірдей деңгейде бұл символды қолданған деп батыл тұжырым жасауға
болады. Оның тағы бір бұлтартпас айғағы Бор-Бургасун (Таулы Алтай
Республикасы, Қош-ағаш ауданы, Шүй бойы) мәтіні қашалған тастың бір
бетіне осындай таңба сызып «tutmys» (тұттым) – «бас идім»,
«табындым» деп қашап қалдырған. Қасиетті
⋈
таңбаға түрік қағанатының
символы (нышаны) болған таутекенің мүйізін сызып қалдырған. таңбаға
қосып қашаған мүйіз – киелікті, тектілікті білдіретін символ. Міне, осы
«мүйіз» символы ғылымға өте көп мәлімет беретін сияқты. Өйткені қасиетті
мүйіз ежелгі сақтардың (скиф), хунну (сюнну)лардың Тәңір текті, Тәңірден
жаратылған элиталардың символы. Оны дәлелдейтін тарихи құжаттар,
археологиялық олжалар жеткілікті. Олар: Күлтегін ұстынындағы Көк түрік
символы – таутеке, мұнда таутекенің мүйізін ерекше асқақтата көрсеткен.
Ноен-Уладағы Хуннудің 6 қорымынан табылған күміс чеканкада – қос
мүйізді бұғы, сарлық [5, с. 119; Табл. ХХХҮІ, 3, ХХХҮІІ, 1, 3, Қараңыз сурет
№2], Царам (РФ, Бурятия) деген жердегі Хуннудің 7-қорымынан табылған
күміс чеканкада – тауешкі [6, 200, рис. 3-5, 6. Қараңыз сурет №3], Ноян-
уланың 20-қорымынан табылған күміс чеканкада – атбасты аша тұяқты бір
мүйізді ат, тауешкі, бір мүйізді қылаң киік [7, c. 244-255. Қараңыз сурет №4],
сақтардың (скиф) Берел қорғанынан (б.з.б. IV-ІII ғғ) табылған бір мүйізді ат
пен мүйізді грифон [8, с.62, 72], еуропаның (сақ-скифтерден қалған)
маңдайында жалғыз мүйізі бар аты [9, c. 357-358. Қараңыз сурет №5].
Бұлардың барлығына тән қасиет төбесіндегі мүйіздері көп буынды. Ежелгі
адамдар үшін мүйіз билік, күш-қуат, құдіреттіліктің және байлық, тектілік
(плодородия), өсіп-өнудің (процветания) символы. Орта және Орталық
Азияның түркілерінде мүйіз – айбынды батырлық рухтың, тамырланып
3
ұрпақ жаюдың, байлықтың символы [10, с.359]. Сақ (скиф), Хунну
элиталарының символы болған қасиетті мүйіз
⋈
таңбамен бірге Бор-
бурғасыннан табылып отыр. Көк түркі дәуірінен бізге жеткен бұл тарихи
дерек
⋈
сақтарға тән екенін дәлелдейді. Осы қасиетті қос символ (мүйіз және
⋈
таңба) арқылы ежелгі сақ (скиф), хуннулар Көк түріктердің арғы бабалары
екенін қоса дәлелдейді. Түріктер жазуына реформа жасаған кезде сақтар
(скиф) мен хуннулардың символы болған осы киелі кескінді мүлде алып
тастамай, қасиеттілігін бағалап дәстүрлі түрде қолданып келген.
ІІ. Байырғы түрік мәтіндерінде ⋈ әріп кескіні төмендегі
ескерткіштерде кездеседі.
Реформадан кейінгі (552-570 жж) жазу мәтіндерінде ⋈ таңба as/ys,
sa/sy деген мағына беретін әріп кескіні ретінде қолданылған. Жуан
айтылатын сөздерде
,
(s¹), жіңішке айтылатын сөздерде
(s²) таңба бола
тұрса да ⋈ әріп кескінін қатар қолданған.
Уюк-Аржан (Е. 2) – 1 мәрте (еr аtym qysqas).
Бай-Булун (Е. 49) – 1 мәрте (er atym qastyq).
Карбан (Таулы Алтай) – 1 мәрте.
Талас ҮІІ – 1 мәрте.
Тұй-ұқұқ мәтінінде (Тұй. 26) – 1 мәрте (ybarys).
Тайхар тасы – 1 мәрте.
Бэгэр мәтіні (Монғолия) – 1 мәрте.
Теркін мәтінінде – 3 мәрте.
Барлығы – 10 мәрте.
Осы кескінді бүгінге дейін ғалымдар төмендегідей оқып келді. Онда:
В.Банг «baš» [11, c.289], С.Е.Малов В.Бангінің оқылымын тура
қабылдады [12, c.70]. Р.Жиро «ča/če» [13, c. 52], Г.И.Рамстедт, Г.Клосон
«lyq» немесе « nyq» [14, c. 55; 15, c.78], И.В.Кормушин Г.Клосонның
ұсынысын тура қабылдады [16, c.172, 258-260), Т.Текин «baš» [17, c.24],
4
А.Аманжолов «-rt» [18, c.81], И.Л.Кызласов «sy/si» [19, c.133-134] деген
оқылымдарды ұсынды. Зерттеушілердің көбі «baš» деген оқылымды
қабылдағанымен оған күдікпен қараушылар, сенбеушілер тобы көбейді.
Н.Р.Кормушин Г.Клосонның «lyq» оқылымын қабылдаса, беделді түрколог
А.М.Щербак бұл оқылымдардың бірде біреуін қабылдай алмады [20, с.127].
Біз аталмыш ғалымдардың ұсыныстарын жоғарыдағы 8 мәтіндегі жекелеген
лексемалардың орнына қоя отырып сараптағанымызда, И.Л.Кызласовтың
оқылымы этнолингвистикалық тұрғыдан да, грамматикалық жағынан да
жақын келгенін мойындауға тура келді. Нәтижесінде И.Л.Кызласовтың
«sа/sу» оқылымын «аs/уs» «sа/sу» деп түркі тілінің үйлесім заңы бойынша тек
қана жуан айтылатын сөздерге ғана қолданған болуы мүмкін деген
тұжырымға келдік. Сөйтіп байырғы түрік
⋈
әріп кескінін «аs/уs» деп
транскрипциялауды жөн көрдік.
1. 753 жылы тұрғызылған Теркін ұстынының 27 жолында
⋈
⋈
«saq
ajbas» – «сақ айбас [тайпасы]» деп қашап жазып қалдырған. Бұдан бұрын
байырғы түрік бітіг жазбаларында кездеспеген дерек. «Saq» ежелгі сақтар.
Қазақ тілінде «saqara» атауы сақталған. Мұндағы «saq+ara» сөзі «saqa» дала,
таудың бөктері, жазық. «Аra» кеңістікті білдіреді. Сондықтан да қазақтар ұлы
даланы «saqara» деп атап, өздерін «сақара халқымыз» дейтін. М.Қашғари
сөздігінде «saqa» дала, кеңістік, жазық (МК.ІІІ.226; Suv.; ДТС.486). Бұл сөз
кейінгі қазақ (қыпшақ) тілінде «saqara» болып қалыптасқан. Екінші бір
мағынасы «әлімсақтан» деген сөз тіркесте сақталған. Мұнда ежелгі сақ
дәуірінен деген мағына береді. Онымен қатар «saqa» сөзі жетілген, толысқан
деген мағына береді. Өйтсе ежелгі сақтар түркі халықтарының жадына
бұрыннан
сақталғандығын
көрсетеді.
Қытай
деректерінің
кітаби
оқылымында «сэ» немесе «сай» деп оқылады [21, c.189. комм. 189].
Қытайдың «Цзюаньду елінің баяны» атты деректе [22, с.19] сақтар туралы
арнайы бөлім арнаған. Сақ (скиф) тайпаларының тұрақты мекендерін
көрсеткен деректер сақталған. Онда Гуй-шуйда (Амударияда) сақтардың
жекелеген тайпалары өмір сүреді деп белгілеген [21, c.189. комм.318; 22, гл.
5
88, с. 20а, 2-4]. Міне, сол сақтардың Айбас тайпасы Біріккен түрік
қағанатының оң қанатына (тардуш) б.з. 753-жылдары еніп, Ұлығ Білге
жабғудың (ябғу) қарамағында болғаны туралы мәтінде жазып қалдырған.
2. Теркін мәтінінің 28-жолында
⋈
«qas qayaš» (Қас қаласы)
[Терк.28]. «qaš» - қас тас (нефрит) [МК.ІІІ.52; ДТС.431]. «Qasy» -
Қашқариядағы жер атауы [МК.ІІІ.224; ДТС.430]. «qajas» - қала. Ерте орта
ғасырда «qara qаjаs» [МК.ІІІ.172; ДТС.424], «saруɣ qаjаs» [МК.ІІІ.172;
ДТС.485] деп аталатын қалалар болған. Қашқар қаласының ежелгі атауы
болуы да мүмкін. Өйткені бүгінге дейін Қашқарияның қас тасы (нефрит)
әлемге белгілі. Бүкіл бүтін нефрит тауынан әлемнің түкпір-түкпірінен келіп
қас тасын алады. Қас тасы шығыс халықтары үшін киелі деп көріп, қас тасын
алған, сақтаған адам бақытқа кенеледі деген түсінікте болған. Қас тасы
(нефрит) – мәңгілік махаббат, адалдық, пәктік пен сабырлылық, ерліктің
символы. Ол ғарыштық (Көк Тәңірдің – С.Қ.) энергиясын, күш-қуатын
адамдарға сыйлайды [10, с.102]. Сондықтан да, ежелгі және ертеорта ғасырда
түріктер киелі қас тасының құдіреттілігін айқындап көрсету үшін «s» әріпінің
арнай таңбасы (
- s¹,
- s²) бола тұра, ежелден қолданып келген киелі ⋈
графикамен белгілеген.
Жоғарыда біз сөз еткен сақ (скиф) атауын және осы Қас қайас қаланың
атын түріктер ежелгі буын жазуының дәуірінде қасиетті деп аталған
⋈
таңбамен белгілеген болуы да мүмкін. Байырғы түрік бітіг жазуына реформа
жасалғанда ежелден елдің елтаңбасы (рәмізі) болған, тайпалар мен тайпалық
одақтың қасиетті таңбасы болған қасиетті әрі киелі таңбаны түрік бітіг
сапынан алып тастай алмаған сияқты. Өйткені ұлттық дәстүрге берік түріктер
бұл таңбаның киесінен қорыққан болар. Бір заманда осы кескінмен бүкіл
бүтін сақтардың атауын белгілеген болуы да әбден мүмкін.
Ал қас тасының қасиетін әлем халқы ерте танып біліп қастерлеп,
қадірлеп, киелі тас ретінде бағалағаны ғылымға ежелден белгілі. Міне, осы
киелі екі атауды «s» әріпінің басқа кескіндері бола тура киелі кескінмен
6
белгілеген. Сөйтіп, жүздеген жылдар бойы сақтармен (скиф) қас тасын
белгілеп келген дәстүрді бұзбай
⋈
таңбаны «аs/sу» мәнді әріп кескінінің
орнына қолданған болуы да мүмкін.
ІІ. Орталық Монғолия Могойн-Шинэ-ус (Моюн-чур) ұстынын қайта
оқығанымызда
(uquruqyn) деген сөз қашалған. «Uquruqyn» сөзін
М.Қашқаридің «Диван-и луғат-ит түрк» сөздігінде «taɣyɣ uquruqyn egmes,
teŋizni qajɣyyqyn bökmes» (Тауды арқанмен (?) идірмес, теңізді қайықпен
бөгемес) (МК.І.100; ІІІ.215, ДТС. 613) деген үлгімен белгіленген. Мұндағы
«uquruqyn» сөзін В. Аталай алғаш рет «арқан» деп аударған. Кейін «Байырғы
түркі сөздігін» (ДТС) құрастырушылар В. Аталай аудармасына сын көзбен
қарай алмаған.
1. «Arqan» сөзінің түбірі «аr». Қараңыз «аr-t» (арту) (МК.І.244), «аr-tуn»
– жүк арту (МК.І.250). Бұл мысалдарда жүкті көліктің үстіне бос қоя
салмайды. Арқанмен байлап бекітеді. Сондықтанда жоғарыдағы екі мысалда
жүкті арқанмен байлап бекіткені туралы ақпарат қоса берілген. Бұл аз десеңіз
қазіргі тірі түркі тілдеріндегі формасын алып қаралық: Arqan – турк. диал.
Амансарыев Емут
227
; Куренов Ставр.ІІ
182
; ктат.; кир.; қаз.; ноғ.; уз.; ккал.;
тат.; баш.; алт.; Р.І
288
(қыр., қаз., қазан., чаг., ктат.); zenker I
28
; arɣan – тур.,
а(r)qan – уйғ.; ajqan – лоб.; аrɣan – уз. диал. Абдуллаев Хор.ІІІ
20
(ЭСТЯ. 1974.
С.175). Осыншама түркі тілдерінде «аrqan/аrɣan» лексикасының сақталуы, әрі
МК-дағы когнативтік формасы «аrqan» сөзі ежелгі және ертеорта ғасырдан
түркі тілдерінде қолданыста болған, қалыптасқан лексикон екенін
дәлелдейді.
2. «uquruq» – түрк. диал. Аразкулыев Дөртгүл
187
, кир.; оquruq – уйг.
Малов УЯ
172
, Меnges G1
764
; oɣuruq – ЯК.; оqruq – Еl-idr.36; uqruq – кум. диал.
Керимов Кайтак.344, Р.І.1659 (бар), ДТС.613, Вrockelmann.231, МК.І.100,
ІІІ.215; ūruq (uɣuruq) – Р.І.1659 (тел); uruq – сюг. Алт. ГАЯ.283, тув., Р.І.1658
(тел., алт., шор., саг., койб., кач.), urux – хак. саг.; уryq – алт. конд.; quruq –
кбал., уйг., Р.ІІ.930 (казан); qoruq – уз.; quruq – баш., quryq – каз., ног., ккал.,
7
тат.; ūrɣа (uɣuruɣa) – монгол [23, c.606] [ЭСТЯ., с.585]. Осыншама түркі
тілдері мен диалектісінде бір ғана «құрық» деген мағына береді.
3. Түркі халықтарының өмір сүрген аймақтарында төмендегідей 3 түрлі
фонологиялық өзгеріске ұшыраған. Онда:
а). uquruq ~ uqruq ~ ūruq ~ uruq ~ urux ~ yryq.
ә). uquruq ~ оquruq ~ оɣuruq ~ uɣuruɣ ~ ūruq ~ ūrɣа.
б). uquruq ~ uqruq ~ quruq ~ quryɣ.
«uquruq» құрық лексиконының ең көне формасы. Бұл нақты деректер
байырғы түркі тіліндегі «uquruq» сөзін «арқан» деп аударуға болмайтынын
тайға таңба басқандай дәлелдеп берді. Өйтсе, мәтіндегі тіркеске оралалық.
«uquruqyn аrtaɣyš» – құрықтап артып… тартынып… (содан соң мәтін
фрагмент болып бұзылып кеткен) деген мағына береді. Бұл арадағы
«құрықтап» деген сөздің когнитивтік мағынасы күшпен басып алып, күшпен
бағындырып, дүние-мүлкін алып, артынып-тартынып кеткенін мәлімдейді.
4. Арқаннан шалма жасайды. Шалма дегеніміз 8-10 м арқан.
Жылқының мойнына түсетін, киілетін ұшы қоқсаланып (доғаланып) тұзақ
жасалынады. Жылқыға шалманы тастаған кезде қоқса жылқының мойнына
ілінеді. Сол кезде аса ілкімді шапшаңдықпен шалмагер арқанның қолындағы
ұшын тартып жылқыны ұстайды.
Құрық дегеніміз 4 м-ден кем емес ұзын сырықтың басына 2-2,5 м
жіптен (өрген арқан) тұзақ жасап қоқсалап байлаған құрал. Жылқыны қуып
барып, мойнына іліп, көз ілеспес шапшаңдықпен құрықты айналдырып
жіберіп буындыра, жылқының сағағының астына сырықтың ұшын кіргізіп
тіреп тұра қалады. Осы кезде жылқы бүк түсіп жатып қалады. Сондықтан
қазақтар: «шалмамен жылқыны ұстайды, құрықпен бүктіреді» деп сөз
саптайды. Өйтсе, жоғарыдағы М. Қашқари сөздігіндегі мәтінді «тауды
құрықпен бүктірмес, теңізді қайықпен бөгемес» деп аудару жөн болар.
Қазақ тіліндегі «құрықтау» деген сөз фразеологияға айналып «басып
алу», «тізе бүктіру», «қолға түсіру» деген ауыспалы мағына береді. Міне, осы
ауыспалы мағынасы қазіргі қазақ тілінде ғана емес осыдан 1200-1500 жыл
8
бұрынғы Орхон жазбаларында дәл сол мағынада қолданыста болғанына куә
боп отырмыз. Өйтсе, осыдан 1200 жыл бұрынғы сөз саптау, сөздің
психикалық ой-орамы, лингвопсихологиялық қолданысы өзгерместен бүгінге
жетіп отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Окладников А.П. Петроглифы Центральной Азии. –Л., 1980.
2.
Дорж Д., Новоградова Э. Петроглифы Монголии. –УБ, 1975.
3.
Цэвэндорж Д., Цэрэндачва Я. ЖавхлантХайрханы хадны зураг //
Айвенхоу майнз Монголиа ИНК. –УБ., 2004.
4.
Сартқожа Қ. Байырғы түрік жазуының генезисі. –Астана, 2007.
5.
Руденко С.И. Культура хуннов и Нойн-улинские курганы. –М., Л.,
1962.
6.
Миняев С.С., Сахаровская Л. Элитный комплекс захоронении сюнну в
пади Царам // Российская археология. –М., 2007. №1, с. 194-201.
7.
Ерөөл – Эрдэнэ Ч. Гол модны 20-р булшнаас олдсон «бэлэгт гөрөөс»-
ийн дүрст хөөмөл мөнгөн зэмсэг // АС., 2007.
8.
Samashev Z.S., Gorbunov A.P., Severskiy E.V. The treasures of frozen
burial mounds of the Kazakh Altai. Almaty, 2005.
9.
Encyclopedie des Symboles. Muenchen. 1989.
10.
Воbk В. Знаки и символы в истории цивилизаций. –М., 2005.
11.
Bang W. Тurсіса // «Міttеіlungen der Vorderasiatische Gesellschaft»
Jg.1916, Leipzig, 1917.
12.
Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и
Киргизии. –М., –Л., 1959.
13.
Giraud R. L'inscription de Baïn Tsokto. Edition critique. Paris. 1961.
14.
Aalto P. Materialen zu den alttürkischen Inscriften der Mongolei. JSFOu.
Helsinki. 1958.
15.
Сlouson G. Тurkish аnd Моngolian studies. London, 1961.
9
16.
Кормушин И.В. Тюркские и енисейские эпитафии (текст и
исследования). –М., 1997.
17.
Теkin Т. А grammar оf Оrkhon Тurks. 1968. S.24.
18.
Аманжолов А. К генезису тюркcких рун // ВТ. №2. 1978. С.81.
19.
Кызласов И.Л. Рунические письменности Евразийских степей. 1994.
С.133-134.
20.
Щербак А.М. Енисейские рунические надписи. К истории открытия и
изучения // ТС. –М., 1970, с. 111-134.
21.
Малявкин А.Г. Танские хроники о государствах Центральной Азии.
Новосибирск, 1989.
22.
Қытайдың «Цзюаньду елінің баяны» атты дерек ХШ., гл. 96А, с.19 б, 8;
ХХШ, гл. 88, с. 20а, 2-4 (Қараңыз. Малявкин А.Г. 1989, с. 189).
23.
Цэвэл Я. Монгол хэлний тайлбар толь. УБ. 1966.
Қысқартылған атаулар
МК – Каšgari М. Divanu lugat-іt-Тürk
ДТС – Древнетюркский словарь
АС – Археологийн судлал
ТС – Тюркологический сборник
ЭСТЯ – Этимологический словарь тюркских языков
Suv. – Suvarnaprabhasa (Сутра «Золотой блеск»)
Терк. – Теркін мәтіні
10
Түйін (резюме)
І. Автор мақаласында ең әуелі байырғы түрік
⋈
таңбасы қола, темір
дәуірлерінен бастап, Түрік, ұйғур қағанат кезеңіндегі қолданысын, оның
археосемантикасын еуразия құрлығында сақталған бай материалдар арқылы
нақты деректермен көрсетеді.
Ежелгі дәуірдегі сақтар (скиф) мен хуннуларда таңба, геролдикалық
символ ретінде қолданыста болған осы таңбаны түркілер логографиялық
жазуында бүкіл бүтін сақтарды (скиф) белгілеген болуы мүмкін деген
ұсыныс білдіреді. Бұған дәлел ретінде Таулы Алтайдың Қош-ағаш
ауданының Бор-бурғасан деген жерінен табылған ұстындағы (tutmys)
деген жазудағы
⋈
таңбаға сақтардың мүйіз символын қоса қашап қалдырған
деректі аналог ретінде ұсынады.
Мүйіз – ежелгі сақтар (скиф) мен хуннулардың символы. Орта және
Орталық Азияның ежелгі сақтар (скиф) мен хуннуларда мүйіз символы күш-
қуаттың, биліктің, байлықтың, тектіліктің, өсіп-өнудің, батырлық рухтың,
тамырланып ұрпақ жаюдың символы [10, с.359]. Еуразияда сақталған мүйіз
символдарының нақты деректерін ұсына отырып, ежелгі сақ (скиф),
хуннулармен кейінгі Көк түріктердің этномәдениетінің, тарихи тегінің
жалғастығын, сабақтастығын паш етеді.
⋈
таңбаны бұған дейін түрколог ғалымдар bаš (W.Ваng), čа/čе
(R.Graud), lyq (И.В.Кормушин), rt (А.Аманжолов) деп оқып келгенімен
келіспейтінін білдіре келіп, И.Л.Кызласовтың «sу/sа» оқылымын қолдайды.
И.Л.Кызласовтың оқылымын археологиялық нақты деректерді аналог ретінде
пайдаланып, тіл білімінің этнолингвистикалық, этнопсихологиялық және
когнотивтік әдістемелерін қолдана отырып дәлелдейді.
Көк түріктер б.з. 552-570 жылдары байырғы түрік руникалық жазуға
реформа жасағанда ұлттық сабақтастықты сақтап, арғы бабаларының атауы
және киелі деп санаған қасиетті құндылықтарының атауын ұрпақ назарында
берік ұстауды ойластырған. Сондықтан да, «s» әрпін белгілеген
s¹ (s¹),
(s²)
11
әріп кескіндері бола тұра,
⋈
таңбаны қолданыстан шығарып тастамай, аs/sа,
уs/sу дыбыстарының мәнін беретін әріп кескіні ретінде қатар қолданған деген
тұжырым жасайды.
Нәтижесінде, Теркін (Монғолия) ұстынының 27-жолындағы
⋈
⋈
тіркесін «saq аjbas» (тайпа атауы) 28-жолындағы
⋈
«qas qayas»
(Нефрит қаласы – қала атауы) деп оқыған. Сақ (скиф) атауы Көк түрік
дәуірінде ұмытылмай, оның белді бір тайпасы Айбас түркілердің құрамында
өмір сүргенін көрсетеді. Сақтар (скифтер) Көк түріктердің арғы бабалары
болғандықтан ол түріктер үшін киелі, қасиетті атау. Ал қас тас (нефрит)
шығыс халықтарымен, түркілердің басты символының бірі. Қас тас (нефрит)
– адалдық, пәктік пен сабырлылық, ерліктің символы. Түріктердің киелі
құндылықтарының бірі. Міне, осы қасиетті атауларды киелі таңбамен жазып
қалдырған деген тұжырым жасайды.
ІІ. Моғойн Шинэ ус (Сэленгі тасы) ұстынындағы «uquruqyn»
лексемасын бұған дейін ғалымдар дұрыс оқи алмаған. МК сөздігінде бұл сөз
сақталған. В.Атлай оны «арқан» деп оқыған. Бұл оқылым дұрыс емес екенін
тарихи
фонетика
заңдылықтарын
ұстана
отырып
тіл
білімінің
этнолингвистикалық әдістемесі арқылы талқылай келе, uquruqyn – «құрық»
деген заттың атауы екенін дәлелдейді. Құрық – жылқы ұстауға арналған,
басында 1,5-2 м өрген арқаны бар ұзындығы 4-5 м сырық.
Достарыңызбен бөлісу: |