Сіздің жауабыңыз:
Математикалық сала
|
|
Контекст
|
|
Оқу-танымдық әрекет түрі
|
|
Күрделілік деңгейі
|
|
1.3--тапсырма. «Велосипедші Айжан»
|
3-сұрақ: Айжан өз велосипедімен үйінен 4 км қашықтықтағы жатқан өзенге дейін барды. Оған 9 минут қажет болды. Ол үйіне 3 км қысқа жолмен қайтты. Бұл үшін оған 6 минут қажет болды. Айжанның өзенге дейінгі және артқа қарай орташа жылдамдығы (км/сағ) қандай?
Орташа жылдамдық ………….. км/сағ.
|
Сіздің жауабыңыз:
Математикалық сала
|
|
Контекст
|
|
Оқу-танымдық әрекет түрі
|
|
Күрделілік деңгейі
|
|
1.4--тапсырма. «Фудзи тауына шығу»
|
Фудзи тауы - Жапониядағы танымал сөнген жанартау и
|
3-сұрақ:
Марат Готемба соқпағымен жүру барысындағы қадамдарды өлшеу үшін педометр қолданды. Оның педометрі, оның жоғарыға шығатын жолмен 22500 қадам өткенін көрсетті. Марат Готемба соқпағымен 9 км жоғары көтеріліп бара жатқан кездегі оның қадамының орташа ұзындығын есептеңдер. Жауапты сантиметрмен жазыңдар.
Жауабы: ............................................. см.
|
Сіздің жауабыңыз:
Математикалық сала
|
|
Контекст
|
|
Оқу-танымдық әрекет түрі
|
|
Күрделілік деңгейі
|
|
1.5-тапсырма. «Айналмалы есік»
|
Сурет - Айналмалы есік
|
Айналмалы есік дөңгелек кеңістік ішінде айналатын үш ішкі есіктен тұрады. Ішкі диаметр 2 метрден тұрады (200 сантиметр). Есіктің үш қалқасы кеңістікті үш бірдей бөлімге бөледі. Төмендегі жоғары жағынан қарағандағы түрмен берілген жоспар есіктің қалқаларын үш түрлі қырынан көрсетеді.
|
1-сұрақ: Екі қалқаның арасындағы бұрыштың шамасы (градуспен) қандай?
Бұрыштың шамасы: ....... º
|
Сіздің жауабыңыз:
Математикалық сала
|
|
Контекст
|
|
Оқу-танымдық әрекет түрі
|
|
Күрделілік деңгейі
|
|
1.6-тапсырма. «Айналмалы есік»
|
Сурет - Айналмалы есік
|
3-сұрақ: Есік минутына толық 4 айналым жасайды. Есіктің әрбір үш бөліміне 2 адамнан сияды. 30 минут ішінде есіктен ғимаратқа кіре алатын ең көп адам саны қанша?
A 60
B 180
C 240
D 720
|
Сіздің жауабыңыз:
Математикалық сала
|
|
Контекст
|
|
Оқу-танымдық әрекет түрі
|
|
Күрделілік деңгейі
|
|
1.7-тапсырма. «Музыкалық дискілерді сату»
|
Қаңтарда «Рокерлер» және «Кенгуру» музыкалық топтарының жаңа компакт- дискілері шығарылды. Ақпанда музыкалық топтар «Түнгі құстар» және «Металлистер» музыкалық топтарының компакт-дискілері шығарылды. Келесі диаграммада осы компакт- дискілердің қаңтардан шілдеге дейінгі сатылуы көрсетілген.
Сурет - Музыкалық дискілерді сату
|
1-сұрақ: «Металлистер» музыкалық тобы сәуірде қанша компакт-дискілерін сатты?
А 250
В 500
С 1000
D 1270
|
Сіздің жауабыңыз:
Математикалық сала
|
|
Контекст
|
|
Оқу-танымдық әрекет түрі
|
|
Күрделілік деңгейі
|
|
1.8-тапсырма. «Адамның жүрісі»
|
Суретте жүріп келе жатқан адамның іздері көрсетілген. Қадамның ұзындығы P - екі қатар іздің өкшелерінің арасындағы ұзындық. Ер адамның жүрісі бойынша n мен P арасындағы байланыс n/P =140 формуласымен өрнектеледі, мұндағы n – бір минутта жасалған қадамдар саны, P – метрмен алынған қадамның ұзындығы.
|
1-сұрақ:
Егер Тимур минутына 70 қадам жасаса, оның қадамының ұзындығы қандай болатынын берілген формуланы қолданып анықтаңыз.
Жауабыңызды жазыңыз.
|
Сіздің жауабыңыз:
Математикалық сала
|
|
Контекст
|
|
Оқу-танымдық әрекет түрі
|
|
Күрделілік деңгейі
|
|
1.9--тапсырма. «Адамның жүрісі»
|
|
3-сұрақ:
Тимурдың қадамының ұзындығы 0,80 м. n/P =140 формуласы арқылы оның бір минуттағы (м/мин) және бір сағаттағы (км/сағ) жүрісінің жылдамдығын есептеңіз. Жауабыңызды жазыңыз.
|
Сіздің жауабыңыз:
Математикалық сала
|
|
Контекст
|
|
Оқу-танымдық әрекет түрі
|
|
Күрделілік деңгейі
|
|
1.10-тапсырма. «Түрлі түсті кәмпиттер»
|
1-сұрақ: Түрлі түсті кәмпиттер
Ринаттың анасы оған қорапқа қарамай қораптан бір кәмпит алуға рұқсат берді. Қораптағы түрлі түсті кәмпиттердің саны диаграммада көрсетілген.
Ринаттың қызыл кәмпитті алу ықтималдығы қандай?
|
A 10%
B 20%
C 25%
D 50%
|
Сіздің жауабыңыз:
Математикалық сала
|
|
Контекст
|
|
Оқу-танымдық әрекет түрі
|
|
Күрделілік деңгейі
|
|
1.11-тапсырма. «Бағбан»
|
Сыммен гүлзардың шекарасын белгілеу үшін бағбанның 32 м сымы бар. Ол гүлзардың пішінін келесі нұсқалардың ішінен таңдауы керек.
Шекараны белгілеу үшін бағбанның 32 м сымы жетекілікті немесе жеткіліксіз екеніне байланысты гүлзардың пішінінің жанында "Иә" немесе "Жоқ" сөзін қоршап көрсетіңіз.
Гүлзар пішіні
|
Гүлзардың шекарасын белгілеуге 32 м сым жете ме?
|
A
|
Да / Нет
|
B
|
Да / Нет
|
C
|
Да / Нет
|
D
|
Да / Нет
|
|
Сіздің жауабыңыз:
Математикалық сала
|
|
Контекст
|
|
Оқу-танымдық әрекет түрі
|
|
Күрделілік деңгейі
|
|
2-тапсырма.
Сатушыға балмұздақ қорабының екі түрі ұсынылды (төмендегі суретті қараңыз). Қораптардың сыйымдылығы бірдей, бірақ ол балмұздақ тез ерімейтін қорапты таңдауы керек. А нұсқасын таңдаса, сатушының таңдауы дұрыс бола ма?
3-тапсырма.
1) Конус тәрізді ыдысқа оның биіктігінің жартысына дейін 25 мл сұйықтық құйылды. Ыдысты бетіне дейін толтыру үшін оған қанша миллилитр сұйықтық құю керек?
Оқу нәтижесі:
айналу денесінің түрлерін анықтау (конус, қиық конус);
конус, қиық конустың элементтерін табуға арналған стереометриялық есептерді шығару
|
2) Конус тәрізді ыдыстағы көлемі 70 мл сұйықтықтың деңгейі оның биіктігінің жартысына жетеді. Ыдысты толтыру үшін қанша миллилитр сұйықтық құю керек?
4-тапсырма. Ержан кездейсоқ алынған натурал санның квадратының соңғы цифры 1-ге тең болу ықтималдығын тапқысы келеді. Оның достары Арсен, Болат және Саматтардың шешу әдістері төменде көрсетілген:
Арсен
|
Болат
|
Самат
|
Барлығы 10 цифр. Әрбір цифрдің соңғы болу ықтималдығы бірдей. Сондықтан жауабы:
|
Квадраттың соңғы цифры берілген санның соңғы цифрына байланысты. Алғашқы 10 натурал санның квадраты келесі цифрларға аяқталады: 1, 4, 9, 6, 5, 6, 9, 4, 1, 0.
1 цифры екі рет кездесетіндіктен, ықтималдық:
|
Ықтималдықты есептеу мүмкін емес, себебі натурал сандар шексіз көп.
|
Достардың қайсысының шешімі дұрыс? Екеуінің жіберген қателіктерін сипаттаңыз.
5-тапсырма. Параллелепипед пішінді ыдыс берілген. Басқа ешқандай ыдыссыз және өлшемей ақ ыдыстың көлемінің тең жартысын сумен толтыру қажет.
1-сұрақ. Суретін салып көрсетіп түсіндіріңіз.
2-сұрақ. Егер ыдыстың ұзындығы 6 м, ені биіктігінен 0,5 м артық, ал биіктігі ұзындығының 25%-ын құраса, осы судың көлемі қандай?
6-тапсырма. Биіктігі 27 см конус пішінді мыс тетік цилиндр етіп қайта балқытып құйылды, оның табанының радиусы осы конус пішінді тетіктің шеңбері радиусына тең. Цилиндрдің биіктіктігі қандай?
7-тапсырма. Табанының ұзындығы 48 см болатын цилиндр тәрізді құтының ішкі қабырғасында жоғарғы ернеуінен 3,5 см жерде бір тамшы бал жабысып тұр, ал оған диаметрлік қарама-қарсы сыртқы қабырғасында ара отыр. Ара балға тура жүріп жететін қысқа жолдың ұзындығын табыңыз.
8-тапсырма. Радиусы 12 см болатын шар қорытып шығару үшін радиусы 4 см шойын шардың қаншасы керек?
9-тапсырма. Құрылыс алаңындағы конус пішінді үйінді құмның бетінің ауданын және көлемін табыңыз. Үйінді қүмның табаны шеңберінің ұзындығын жұмсақ метрлік лентамен өлшегенде 21,6 м шықты. Метрлік лентаны үйіндінің төбесі арқылы асыра лақтырып өлшеп екі жасаушысының ұзындығы 7,8 м екені анықталды (π≈ 3деп алыңыз).
10-тапсырма. Қырлары 12 см болатын мыс текшенің әрбір жақтарын бергі бетінен арғы бетіне дейін тесіп, қабырғалары 4 см болатын шаршы тәрізді тесіктер жасалған. Мыстың салыстырмалы салмағы шамамен 0,9 г/см3-ге тең.
Сұрақ. Шыққан дененің салмағы неге тең?
11-тапсырма.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тапсырмасын әзірлеңіз (колледж бағыты мамандықтары бойынша).
Тексеру парағын қолданып, тапсырманы бағамдаңыз.
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Жабық тапсырма
|
Тапсырма оқу нәтижесіне, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?
Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (бірін-бірі терістеу, қажетсіз қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг, диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің қолданылмауы, т.б.)?
Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура немесе/және жанама түрде) меңзейтін тұстары жоқ па?
Тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?
Суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па?
Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?
Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт жеткілікті ме?
Берілген нұсқалардың ішінде тапсырманың дұрыс жауабы (кілті) бар ма?
Дистракторлар дұрыс құрастырылған ба?
Жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба?
|
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Ашық тапсырма
|
Тапсырма оқу нәтижесіне, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?
Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (бірін-бірі терістеу, қажетсіз қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг, диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің қолданылмауы, т.б.)?
Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура немесе/және жанама түрде) меңзейтін тұстары жоқ па?
Тапсырманың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?
Суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па?
Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?
Тапсырманы орындау қадамдары тапсырмаға сәйкес анықталған ба?
Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт жеткілікті ме?
Тапсырманың (сұрақтың) шартында білім алушылардың жауабында ескерілетін шектеулер берілген бе?
|
Достарыңызбен бөлісу: |