«Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті 1-тарау. Қолдану саласы Осы «Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар»



бет3/11
Дата16.11.2022
өлшемі140,42 Kb.
#50544
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3-тарау. Өнімді сәйкестендіру

8. Өнімді сәйкестендіру оның өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжатқа және осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілеріне тиесілілігіне сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.


9. Өнімді сәйкестендіруді сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар және сынақ зертханалары (орталықтары) мынадай жағдайларда жүргізеді:
- өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау (сертификаттау);
- өнімнің шығу тегі туралы сертификат беру;
акцизделетін өнім өндірісі;
- өнімді өндірушілер, жеткізушілер, сатушылар және тұтынушылар арасындағы келіспеушіліктер;
- өнімнің және өнімге құжаттардың бұрмалануын белгілеу;
- өнім туралы ақпараттағы толық емес сипаттама.
10. Өнімді сәйкестендіру әдістермен жүзеге асырылады:
1) көзбен шолу;
2) құжаттардың сараптамасы: жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарт (көмір), Қызмет түріне арналған лицензия (бар болса), өндіріс жобасы, технологиялық регламент; өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжат, өндіріс жоспары, шикізатты жеткізуге арналған шарт, өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжат, басқа да құжаттар( қажет болған жағдайда));
3) өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда және сынау әдістерінде белгіленген сәйкестендіру, сыныптау, кодификациялау, таңбалау көрсеткіштері, сондай-ақ тұтынушылар мен бақылаушы органдардың талаптары бойынша өнім үлгілеріне сынақтар жүргізу.
11. Өнімді сәйкестендіру нәтижелері өнімді сәйкестендіру жөніндегі қорытынды түрінде ресімделеді.


4-тарау. Қазақстан Республикасының нарығындағы өнім айналымының шарттары

13. Тұтынушыға өткізу үшін өнімді дайындаушы сериялық өндіріске беруге және өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжатпен жарақтандыруға тиіс.


14. Қазақстан Республикасының нарығында айналысқа шығарылатын өнім осы Техникалық регламенттің, сондай-ақ күші оған қолданылатын Қазақстан Республикасының басқа да техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
15. Әрбір өнім айналысқа шығарылғанға дейін осы Техникалық регламенттің 8-тарауына сәйкес өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растаудан (сертификаттаудан) өтуі тиіс.
16. Өнімді айналымға шығару кезінде дайындаушы, өнім беруші, сатушы тұтынушының талап етуі бойынша сәйкестікті растау жөніндегі құжаттардың көшірмелерін (сәйкестік сертификаты, сертификаттық сынақтар ХАТТАМАСЫ, қауіпсіздік паспорты және өнім сапасының куәлігі) ұсынуға міндетті.
17. Өнім сапасын куәландыру мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) Өнімнің атауы және тұтыну түрі;
2) өнімді дайындау елі және орны;
3) дайындаушының, жеткізушінің (сатушының) атауы және заңды мекенжайы);
4) өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың атауы және белгіленуі;
5) партия нөмірі;
6) массасы (нетто және / немесе брутто);
7) дайындалған (және/немесе тиеп-жөнелтілген) күні);
8) сақтау мерзімі (және/немесе жарамдылық);
9) ЕАЭО СЭҚ ТН коды;
10) сәйкестікті растау жөніндегі құжаттардың нөмірі мен берілген күні;
11) партия өнімін сынау хаттамасы (тұтынушымен келісім бойынша көрсеткіштерімен).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет