«Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті 1-тарау. Қолдану саласы Осы «Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар»



бет1/11
Дата16.11.2022
өлшемі140,42 Kb.
#50544
түріРегламент
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
@ 5 B 11.02 07



Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2021 жылғы « »_______
№ бұйрығымен
бекітілді
«Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті


1-тарау. Қолдану саласы

1. Осы «Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8–бабының 1-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне (бұдан әрі-өнім) қойылатын талаптарды белгілейді.


2. Техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, өнімнің мақсатына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында, сондай-ақ энергетикалық тиімділік пен ресурсты үнемдеуді қамтамасыз ету үшін әзірленді.
3. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу объектілері болып табылады:
1) көмір және оларды сұрыптау, байыту және агломерациялау өнімдері:
қатардағы көмір, байытылмаған көмір (сұрыпталған), байытылған көмір (концентрат), өнеркәсіптік өнім, шлам, өлшеп-оралған көмір, көмірлі жыныс, жанғыш тақтатастар, агломерацияланған отын;
2) Көмірді термохимиялық қайта өңдеу өнімдері:
кокс, жартылай кокс, көмір шайыры, көмір майы, көмір қазандығы отыны, белсендірілген көмір, көмір пегі, көмір пегі коксы;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтары:
күл, қож, ұшпа күл( шығару күлі), микросфера;
4) қатты балама отын:
биоотын қатты, техникалық көміртек.
4. Осы Техникалық регламент қолданылатын өнімнің тізбесі осы Регламентке 1-қосымшада Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (бұдан әрі-ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес келтірілген.
5. Өнім халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне, әлеуметтік нысандарға, стационарлық қондырғыларда қабатты және шаңды жағу, кокстеу (жартылай кокстеу), гидрогенизация және газдандыру, металлургия, химия, құрылыс, ауыл шаруашылығы, медицина және басқа да өнеркәсіп салаларының қажеттіліктеріне арналған.
6. Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін болдырмауға және ескеруге тиісті негізгі қауіпті факторлар (тәуекелдер):
1) Қоршаған ортаны ластау;
2) радиациялық қауіп:
3) өрт қауіптілігі;
4) жарылыс қаупі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет