Комитетінде тіркеліп 24. 12



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата12.03.2017
өлшемі3,42 Mb.
#9212
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 

 

 



 

 

 

 

 

 

Е. Кəрібозов 

Ж. МОЛДАБЕКОВТІҢ  ЖАҢА КІТАБЫ ТУРАЛЫ  

Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Шешендік шеберлік. Дидактикалық ойлар. 

Өмірлік тəжірибе. 

Тірек сөздер: Шешендік. Шешен. Шеберлік. Дидактика. Тəжірибе. 

Е. Карбозов 

СЛОВО О НОВОЙ КНИГЕ Ж. МОЛДАБЕКОВА  

Аннотация. 

Вопросы,  рассматриваемые  в  статье

.  Ораторское  мастерство.Дидактические 

мышления. Жизненный опыт. 

Ключевые слова:ораторство,оратор, мастерство, дидактика, практика. 

Е. Кarbozov 

THE WORD ON THE NEW BOOK BY ZH. MOLDABEKOVA  

Abstract. The issues dealt in this article.

 Mastery of o

ratory. Teaching thinking.

 

Life e

xperience. 

Keywords:

 

oratory, the speaker, skills, didactics, practice. 

 

Құладын  ұшса  қанаты  талатын,  құлан 



жортса  тұяғы  тозатын  шетсіз-шексіз  байтақ 

өлкеміздің  ұшқан  құсын,  жортқан  аңын, 

уілдеген  желін,  мамыражай  табиғатын,  ататын 

күні мен бататын түнін қазақ табиғатына жақын 

болғандықтан 

өлең-жырына, 

мақал-мəтел, 

нақыл  сөздеріне  қосып  отырған.  Қазақ  мақал-

мəтелді,  ақыл,  нақыл  сөздерді – сөздің  мəйегі 

деп  түсінген.  Ердің  құнын  екі  ауыз  сөзбен 

шешкен қазақ сөзге тоқтай білген. «Орынды сөз 

жүйесін  табады,  орынсыз  сөз  иесін  табады» 

демекші, орынды айтылған жүйелі сөзден, атам 

қазақ  асып  кетпеген.  Сондықтан  мақал-мəтел, 

нақыл  сөздер  қазақтың  болмыс-бітімімен 

тыныс-тіршілігімен  бірге  жасасып  келеді.  Аз 

сөзге үлкен ойды сыйдыра білуді парыз санаған. 

Соның ішінде нақыл сөздер əрқашан көпті көріп 

ақыл  тоқтатқан,  аузы  дуалы,  сөзі  уəлі  ел 

ағаларының  аузынан  шығып,  отыз  тістен 

шыққан  ордалы  ой  отыз  рулы  елге  тарап 

отырған.  Қазақ  əдебиетінде  ауыздан-ауызға 

тараған  халық  нақылдарымен  бірге,  авторы  бар 

нақыл  сөздер  де  көптеп  саналады.  Жазба 

əдебиетіміз  дамығаннан  бастап,  Абай  бастаған 

данышпандардың  нақыл  сөздері  қазір  сөз 

байлығымызды молайтқаны шындық.  

Сол  секілді  əл-Фараби  атындағы  Қазақ 

ұлттық  университетінің  профессоры,  ф.ғ.д. 

Жақан 


Молдабеков 

ағамыз 


да 

өмірлік 


тəжірибеден  түйген,  көңілдегі  кейбір  ойларын 

нақыл түрінде қағаз бетіне түсіріпті. «Ой сазы – 

көңіл  назы»  деп  аталатын  кітабы  осы  нақыл 

сөздеріне арналған екен. Бас аяғы бес бөлімнен 

тұратын  нақыл  сөздерден  құралған  кітапта 

қаламгер  əрбір  ой-пікіріне,  көрген-түйгеніне, 

яғни  қағазға  түсіре  алған  дүниелерінің 

барлығын  өз  формасымен  беретіндігі  ұтымды 

көрінді. Қазақ ғасырлар бойы қалыптасқан салт-

сана,  əдет-ғұрып,  психологиясын  осы  ақыл, 

нақыл  сөздер  арқылы  ұрпаққа  өсиет  айтуды 

мақсат  тұтқаны  белгілі.  Қаламгер  осы  кітапты 

жазарда  осы  мақсатта  қолына  қалам  алған 

секілді.  Кітаптағы  сүйріктей  сұлу  ақыл,  нақыл 

сөздерде  жақсылық  пен  жамандық,  имандылық 

пен  имансыздық,  тектілік  пен  тексіздік  атты 

рухани  дүниелер  нақышты  өріліп,  болашақ 

ұрпаққа насихат үлгісінде жарасымын тапқан.  

Ақыл  (дидактикалық)  сөздер - мынаны 

жасама, 


мынадан 

без 


деген 

секілді 


ескертулермен  қорытылып  отырса,  нақыл 

сөздер  (афоризмдер) – ескерту,  бұйрықтан  гөрі 

болған  іс-қимылдың  себеп-салдарын  көрсете 

78


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



отырып, 

шешімді 


оқырманның 

өзіне 


қалдырады. 

Автордың 

кітабында 

түрлі 


тақырыптағы  ақыл  сөздер  мен  нақыл  сөздер 

араласып  кетеді.  Алайда  нақыл  сөздер  ақыл 

сөздерге қарағанда көбірек кездеседі. Мысалы 

 

Жұртыңа бол тілектес, 



Жылы шырай жүдетпес

 



Ұнатпасаң да бұққанды 

Ұлағат тұт ұққанды 

Кісіге тигіз қолғабыс, 

Қасиеттіден тиер алғыс 

 

Бағытыңды дұрыс ұқ, 



Діттегенді меже тұт, - 

 

деп  келетін  ақыл  (дидактикалық)  сөздерде 



«тілектес  бол», «ұлағат  тұт», «қолғабыс  тигіз», 

«дұрыс  ұқ»  деген  бұйрық  райлы  сөздермен 

басталып,  оның  артынан  болатын  жақсылығын 

түсіндіре  келе, «жаман  болмайсың,  пайдасын 

көресің» деген насихат сөздермен аяқтайды. Ал: 

 

Иманы пəк – сауатты, 



Ары таза жауапты. 

 

Өнегелі сөз тозбас, 



Бітімге бірлік оңдас. 

 

Шындық – естіге, 



Əдеп – тектіге. 

 

Саулықты – тəнің таза, 



Тектікте – ұрпақ таза 

 

Бос сөздің көп азабы 



Зар илетер мазағы,- 

 

деп келетін нақыл сөздерде (афоризмдер) жақсы 



мен жаманды, ақ пен қараны, ащы мен тұщыны 

өзінше  бағамдай  келе,  ой  елегінен  өткізіп,  аз 

сөзбен  көп  мағынаны  жеткізуге  тырысқан  сөз 

түйінін  көруге болады.  Мұнда  мағына  жағынан 

алғанда, ақыл сөз тəрізді, мынаны істе – жақсы, 

ананы  істеме – жаман  демейді.  Керісінше, 

өмірдегі  өзінің  көргенін,  сезгенін,  бақылағанын 

қорытып айтады да қояды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Нені істемеген жөн, нені істеген абзал екенінен 

тұжырым  жасауды  оқырманның  еншісіне 

қалдырады 

Жақан 

Молдабековтің 



үгіт-насихат 

ретінде айтқан ойлы ақыл, нақылдарымен қатар, 

теріс  қылықтарды  сынайтын  уытты  сарти-

ралары  да  бар. «Атасын  сыйлайды,  батасын 

қимайды», - деп  «көзден  кеткесін  көңілден 

кетіретіндерді  сынаса, «Ақылы  байлаулының, 

тісі  қайраулы»  деген  нақылдан  «ашу  дұшпан, 

ақыл дос» мəтелінің мəнін ұғуға болады. Ендігі 

бір  кезекте  сатиралық  мəндегі  ақыл-нақыл-

дарында  қоғамдағы  кенеуі  кеткен  теріс 

қылықтарды  сынап  қана  қоймай,  қазақ  елі 

қандай  себептермен  осыған  душар  болып  отыр 

деген сұрақтарға жауап іздейді. 

Автордың кейбір ақыл, нақыл сөздерін бір 

оқығанда  түсіну  қиын.  Қайта  оқығанда  барып, 

автор  осыны  айтқысы  келген  шығар-ау  деген 

ойға  келесіз.  Мұны  біз  қаламгердің  философия 

маманы  болғандықтан,  ойға  философиялық 

тұрғыдан  келген  секілді  деп  түсіндік.  Кітапта 

көпшілік  жиі  қолдана  бермейтін («сөзге  тұрсаң 

дат», «талғамыңа  тоқтам  бап», «дітке  жеткен», 

«қаймыжыққа  дүние  тар»)  тіркестерді  де 

кездестіруге  болады.  Бұл  сөздерде  толық 

мағына  беретін  сөз  тіркестерінің  негізгі  бөлігін 

алып,  қалғанын  емеурінмен  түсіндіру  тəсілін 

қолданған.  Бұл  тəсіл  де  өз  кезегінде  сəтті 

шыққан  деуге  болады.  Автордың  ой  қуамын, 

ұйқас  қуамын  деп  мағынаны  шашыратып 

алатын  сəттері  де  аз  кездеспейді.  Дегенмен 

ақыл,  нақыл  сөздерді  жеткізуде  өзіне  тəн 

философиялық стиль тапқан секілді. 

Қорыта  келгенде,  өмірде  болып  жатқан 

құбылыстарға  өзіндік  көзқарасы  бар  қалам-

гердің  ақыл,  нақыл  сөздерге  толы  кітабы 

болашақ  ұрпақтың  тəлім  алар,  жол  сілтер 

темірқазығы  деуге  лайық.  Жиылып  келгенде 

осынау  дүниелер  бүгінгі  күні  ұлттық  рухани 

құндылықтарымыздың  қалың  ортасынан  өз 

орнын  алатын,  әдеби-көркем  мұрамызды 

толықтырар  құнды  дүние  десек  қателеспейміз.

 

                                                                                  * * *  



Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



 

ЖАС ҚАЛАМ 



 

 

 



 

 

 



Б. Ешметова 

КӨНЕ РУ ТАҢБАЛАРЫ 

Аннотация.Мақалада қарастырылған мəселелер. Жазу тарихы. Көне жазу мен қазіргі жазу. 

Таңба жəне символдық бейнелер. 

Тірек сөздер: жазу, көне жазу, қазіргі жазу, таңба, символ. 

Б. Ешметова 

ДРЕВНИЕ ЗНАКИ ПИСЬМЕННОСТИ 

Аннотация.

Вопросы,  рассматриваемые  в  статье.

  История  письма.  Древняя  и  современная 

письменность. Знаки и символические изображение.  

Ключевые слова: письмо, древняя письменность, современное письменность, знак, символ. 

B. Eshmetova 

ANCIENT MARKS OF WRITING 

Abstract. The issues dealt in this article. History of writing. Ancient and mordern writing. Signs and 

symbolic image.  

Keywords: writing, ancient writing, mordern writing, signs, symbol.  

 

Жазудың  тарихы  өте  ерте  замандардан 

басталады.  Көне  жазу  мен  қазіргі  жазуды 

зерттеп  білудің  əрі  теориялық,  əрі  практикалық 

мəні зор.  

Жазу  мен  қоғам  тығыз  байланыста 

болғандықтан,  бұрын  жазуды  пайдаланған 

қоғамның  өмір  сүрген  жері  мен  тарихына  көз 

жүгірте  отырып,  көне  ру  таңбаларының  сыры 

тереңде екендігін ұғына түсетіндігіміз айқын.  

Жазу теориясының ең басты сұрағы деп – 

жазу 


мəнінің, 

яғни 


оның 

қалыптасуы, 

қолданылатын  элементтері,  тілге  жəне  ойлауға 

қарым-қатынасын айтамыз. 

Дыбыстық  тіл  қажетті  материалдық 

қабықшаны  құрайды,  ойлаудың  дамуы  мен 

оның негізгі адамдардың қарым-қатынасындағы 

құралы болып табылады.  

Жазу – дыбыстық  тілдегі  қарым-

қатынастың  қосымша  құралы, «жаңғыртудың», 

«бекітудің» амалы.  

Алфавиттік  жазудың  пайда  болу  тарихы, 

шығу тегі өте күрделі шешілмеген жұмбақтарға 

толы.  Өйткені  алфавиттік  жазу – дүниежүзі 

мəдениетінің  қол  жеткен  орасан  зор  табысы 

болса,  бұл  мəдени  мұраға  біздің  ата-

бабаларымыз  да  өзіндік  үлес  қосып,  келер 

ұрпаққа  мирас  еткен.  Алғашқы  əріп  жазуының 

бір тармағы – руникалық көне түркі алфавиті.  

      Арғы  замандағы  жазудың  тегі  суреттен 

басталғанын 

білеміз. 

Пиктографикалық 

жазудың  біртіндеп  даму  барысында  идеогра-

фиялық  жазу  пайда  болды.  Идеографиялық 

таңба  (идеограмма)  не  жеке  сөзді  немесе  оның 

атауыш бөлшегін белгілейді.  

Кестелі,  кейіннен  символдық  бейнелерді, 

ақырында  түгел  шартты  белгілерді  қолдану 

жазу  тəсілін  графикалық  өнер  тəсілінен 

ажыратудың  ең  маңызды  ерекшелігі  болып 

табылады.  Жазудың  дамуына  байланысты  бұл 

ерекшелік  күшейе  түседі,  жазу  таңбалық 

сипатқа ие болып, бірте-бірте бейнелеу өнерінен 

алшақтайды  (қолдану  тəсіліне  қарай).  Қазіргі 

(дыбыстық–əріптік жазуды) жазу белгісі – əріп-

суреттік  сипаты  мүлде  жойылған  дыбыстың 

немесе фонеманың шартты белгісі. 

Бастапқы жазу фразеографикалық болған, 

яғни  жеке  сөздерге  бөлінбеген  тұтас  бір 

хабарды  берген.  Қолдану  аясына  қарай  фразео-

граммаларды 2 санатқа  бөлеміз:  бейнелеу  пик-

тограммалар жəне шартты белгілер. 

Жеке 

қолданылған 

көне 

шартты 

белгілер: 

80


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



1)  рулық 

жəне 


тайпалық 

таңбалар, 

сонымен қатар тотемдік; 

2)  рулық,  тайпалық  немесе  жеке  меншікті 

көрсететін  белгі  (таңба),  жануарларға 

салатын таңба; 

3)  шеберлер  өздері  жасаған  бұйымдарына 

салатын белгі; 

4)  əскер  басылардың  мөрлері,  теңгелер, 

елтаңба, т.б.; 

5)  сиқыршылық  жəне 

діни  белгілер, 

зұлымдықтан  сақтау  (тыйым  салу 

белгісі); 

6)  шартты оқшауланған таңбалар.  

Ауыз  əдебиетінде  сақталып  келген  өлең-

жырларда,  археологиялық  қазыналарда,  ескі 

кітаптардың  мұқабалары,  тарауларында  жəне 

бөлім  аралықтарында  кездесетін  өрнектер  мен 

суреттер,  жұлдызшалар  мен  айшықтар,  батыр-

лардың  қару-жарақтарында  кездесетін  кейбір 

жеке  белгілер,  таңбалар,  əшекей  əріптер  де 

халықтық  тарихи  этнографиялық  мұралар. 

Олардың құрамында əртүрлі ен-таңбалардың, ру 

таңбаларының элементтері жиі ұшырайды. 

Ал  жалпы  ою-өрнек  атаулары  мағы-

насына қарай бірнеше топ құрайды:  

1)  ай,  күн,  жұлдыздарға – көк  əлеміне 

байланысты өрнектер; 

2)  малға,  денесіне,  ізіне  байланысты 

өрнектер; 

3)  аңға, 

денесіне, 

ізіне 


байланысты 

өрнектер; 

4)  құрт-құмырсқаларға  байланысты  өрнек-

тер; 


5)  құстарға байланысты өрнектер; 

6)  жер,  су,  өсімдік,  гүл,  жапырақ,  бұтақ 

бейнелі өрнектер; 

7)  қару-құралдарға байланысты өрнектер; 

8)  геометриялық  фигуралар  тектес  өрнек-

тер [1, 39-42]. 

Сонымен,  қазақ  өрнектері  молшылық, 

көші-қон,  жорықшылық  заманындағы  тұрмыс-

ты,  айналасындағы  табиғатты,  аңшылықты, 

геометриялық  түсініктердің  сырт  тұрпатын 

байқаудан  туған  ұғым  негізінде  дамығаны 

байқалады.  Мысалы: «Баған  өрнек» (бақан  деп 

те  айтады)  тіреу  діңгек  деген  ұғымды 

тұспалдайды. «Балға», «балта» өрнектері өздері 

аттас жəне соған ұқсас өрнектердің де жасалуы 

мүмкін.  Өйткені  қайсыбір  шеберлер  өз  ісінің 

маркасы  есебінде,  осы  өз  руының  таңбасын 

бейнелеген  болуы  керек  деген  жорамалдар  да 

бар. «Бес  дөңгелек»,  кейде  төрт  бұрыш  түрінде 

келетін  өрнектер  бір  кездердегі  ру  таңба-

ларымен  төрт  түлік  малға  басылатын  таң-

баларды  еске  түсіреді. «Құмырсқа», «Шөміш», 

«Қос  дөңгелек»  өрнектері  төрт  түлік  малдың 

ендері мен таңбаларынан шыққан [1, 28-29]. 

Ертедегі 

ою-өрнектің 

семантикалық 

элементтері  идеографикалық  жазуға  айналып 

отырған  еді,  мəселен,  дөңгелек  (шеңбер) – 

күннің символы (күнтаңба), ирек сызықтар – су 

символы, крест – дүниенің төрт бұрышы, т.б. 

Алғашқы  жазу  мен  ертедегі  ою-өрнектің 

бір-біріне  қатыстылығы – маңызды  мəселенің 

бірі. 


Қазақтың 

ру 


тайпалары 

мен 


ен-

таңбаларын  идеограмма  (идеографикалық  жазу 

нұсқасы)  деп  түсінсек,  мұндағы  заттық  бейне 

мен  ұғымның,  таңба  мен  оның  аталуында 

байланыс  бар  екендігін  аңғару  қиын  емес. 

Өйткені  бейнелік  идеограммалардың  тегінде 

заттық  кескіннің  өрнектелетіні  белгілі.  Демек, 

арғынның  «көз  таңбасы»,  қоңыраттың  «босаға 

таңбасы» сияқты айғақтық белгілер мен ертедегі 

ру таңбаларының қорын жасайтын мезгіл жетті. 

Өйткені оларды жинап, зерттеудің мəні сол: ен-

таңбалар  мен  белгілердің  тиісті  заманда 

атқарған  қызметін  айқындап,  əлеуметтік  орнын 

белгілеудің  халқымыздың  этногенезін  шешуде 

ерекше орны бар [2, 65]. 

Қазақстан 

жерінде 

тасқа 


түсірген 

мыңдаған  көне  ен-таңбалар,  түрлі  ою-өрнектер 

(қошқар  мүйіз,  түйетабан,  т.б).  кездеседі.  Ен 

мен  таңбаның  сурет  үлгісінің  де,  олардың 

атауларының да, осы атаулар қатысып жасалған 

тұрақты тіркестердің де тіл тарихы үшін, халық 

тарихы  үшін  берер  дерегі  өте  мол. «Таңбасыз 

тай, енсіз қой» деген сөз тіркесінде ен мен таңба 

салуға  дейінгі  дəуір  «мал-мүлік  ру  тайпаның 

ортақ меншігі болған дəуір» деген ұғым бар. Ол 

дəуірді  суреттегенде  қазақтар  «Алаш  алаш 

болғанда,  ала  тай  ат  болғанда,  таңбасыз  тай, 

енсіз қой болғанда» деп бастайтын. 

Қазіргі 


ғылымға 

белгілі 


таңбалар 

болмысына  қарасақ,  алғаш  ірі  тайпалардың 

таңбасы  белгіленіп,  кейін  тайпа  құрамындағы 

жекелеген  ру  өз  тайпасының  таңбасы  негізінде 

өздеріне жеке рулық таңбаларды жасап алғанын 

көреміз. Ғалымдардың (Н.А. Аристов, В.В. Бар-

тольд,  А.И.  Левшин,  М.  Тынышпаев,  С.  Аман-

жолов)  тұжырымдауынша  негізгі  ұйытқы 

тайпаның  өзіндік  белгілі  бір  таңбасы  болады. 

Ал  сол  тайпадан  кейін  бөлініп  шыққан,  не 

сырттан  келіп  қосылып,  кірігіп  кеткен  рулар 

əлгі тайпадағы ортақ таңбаға қосымша бір белгі 

салу  арқылы  өзінің  жаңа  таңбасын  жасайды [3, 

299]. 


Н.  Аристов  таңбалардың  ұқсастығына 

қарап,  ертедегі  ру  тайпалардың  туыстық 

жақындығын  айыруға  болады  дейді [4, 283]. 

Оның  айтқан  пікірін  қолдай  отырып,  С.  Аман-

жолов  қазақтың  ру  тайпаларының  таңба 

белгілерін  салыстырып  тиісінше  қорытынды 

жасайды,  қазақтың  ең  негізгі  жəне  маңызды 

81


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



рулары  мен  тайпаларын  атап  шығады.  Қаңлы 

(таңбасы  «І»,  көсеу  таңбасы»),  дулат  (таңбасы 

«О», «дөңгелек  тостаған»),  жалайыр  (таңбасы 

«ІІІ», «тарақ»),  арғын  (таңбасы  «ОО», «көз 

таңбасы»),  қоңырат  (таңбасы  «ІІ», «босаға»), 

қыпшақ  (таңбасы  «ІІ», «қос  əліп»),  найман 

(таңбасы «V»), шанышқылы  (таңбасы  «↓↑», 

«қолтаңба»),  жаппас ( таңбасы «Z», «түйе-

мойын») т.б. 

Қыпшақ – негізгі  тайпа,  салыстырып 

қарасақ,  алшын  мен  найман  таңбалары  ұқсас, 

себебі  таңбалардың  орналасуы  ешқандай  мəнге 

ие  емес,  оның  төңкеріліп  те,  жантайып  та, 

қисайып  та  түсе  беретіні  белгілі.  Бірақ  бұл  əлі 

де болса зерттеуді қажет етеді. 



Алшын – негізгі  тайпа.  Алшынға  таздар 

мен  жаппас  рулар  кіреді.  Таңбалары Z (зет) 

əрпіне  ұқсас  болғанымен,  үшінші  бір  сызық 

қосу  арқылы  негізгі  алшын  (А)  таңбасында 

жатыр.  Алшын  құрамында  əлімнің  таңбасы  екі 

алшын таңбасының қосылуынан М əрпіне ұқсас 

[5, 14-15] . 

Ə.  Марғұланның  көрсетуі  бойынша [7, 

145] орта ғасырдағы үйсін тайпасының таңбасы 

«үш əліп» түрінде кездеседі, ал «Қазақтың көне 

тарихы»  деген  кітаптағы  деректе  қазіргі  қазақ 

ішіндегі  үйсіндер  тайпасының  таңбасы  «ту» 

жəне «ағын су» формасында делінген [9, 62]. 

Сіргелі тайпасының таңбасы: 

Біріншісі «қурай» – далада өсетін өсімдік 

атауы. 

Екіншісі – керейдің таңбасына ұқсас. 



Үшіншісі – бұрынғы ноғайлы тайпасының 

руы үш таңбалының таңбасына ұқсас [10, 91]. 

Керей – негізгі  тайпа.  Таңбасы - + 

(ашамай). 

Бұл 

таңба 


басқа 

рулардікіне 

ұқсамайды.  

Табын  таңбалары  əртүрлі.  Ортақ  таңбасы 

– «О» (тостаған), «І» (əліп).  

Дулат таңбасына О «дөңгелек», таңбаның 

варианттары: 

«О» (шөміш) – шөмішті табын таңбасы, 

«Ш» (тарақ)  тарақты  табын  таңбасы, 

жалайыр руының таңбасына ұқсас. 

«І» (əліп)  қаңлы  таңбасымен  бірдей. 

Бұрын 


табындықтар 

Дулаттардан 

бөлін-

гендіктен  кіші  жүзде  негізгі  болып  есептеледі 



де,  ал  басқа  руларды  одан  таратады. 

Таңбаларының ұқсастығын басқаша түсіндіруге 

келмейтін сияқты.  

Сиқым руының таңбасы «♀IL» (Гродеков, 

Аманжолов,  Тынышпаев  деректері).  Біріншісі 

дулаттың  «О» «дөңгелек  таңбасы»  негізінде 

десек,  екіншісі  «көсеу»  қаңлы  мен  ысты 

таңбасына  ұқсас.  Үшіншісі  «тік  бұрышты 

таңба» басқа еш жүзде жоқ [10, 98-102]. 

С.  Аманжоловтың  айтуы  бойынша: 

көптеген  тайпалар  мен  рулар  үш  ордада  да 

кездеседі.  Көптеген  тайпалар  мен  руларды  үш 

жүзге  де  бірдей  жатқызуға  болады.  Осы 

мəліметтерге 

сүйене 


отырып, 

мынадай 


қорытынды  жасауға  болады:  жүзге  (ордаға) 

бөлу  тайпалардың  туыстық  белгілеріне  қарап 

емес,  оларды  аймақ  бойынша  орналасуына 

байланысты 

бөлу, 

яғни 


жеке 

ру 


мен 

тайпалардың  экономикалық  мүддесі  жағынан 

бірігуіне байланысты [5, 35-36]. 

Тайпалардың  табиғи  өсуіне  байланысты 

олардың  жайлауы  мен  көшіп-қонатын  жерін 

кеңейту болды. Күшті тайпалар əлсіз тайпаларға 

мезгіл-мезгіл  шапқыншылық  жасауы  оларды 

тайпалық одаққа бірігуге мəжбүр етті. Алғашқы 

қоғамдық топтар біресе бөлініп (дифференция), 

біресе  бірігіп  (интеграция)  отыруының  нəтиже-

сінде  бір-бірімен  біртіндеп  қосылып,  сан 

жағынан  кеміп  отырды,  оның  есесіне  тайпа 

одағы іріленіп, саны ұлғая түсті. 

Демек, 


Н.А.Аристов, 

В.В.Бартольд, 

А.И.Левшин, Гродеков, М.Тынышпаев, С.Аман-

жолов,  Ə.Марғұлан,  т.б.  ғалымдарымыздың 

еңбектері  негізінде  қазақ  ру-тайпаларын  бүкіл 

түркітілдес  халықтар  таңбасымен  салыстыра 

зерттеу қажет. 

 

ƏДЕБИЕТ 



1.Қасиманов С. Қазақ халқының кол өнері. - Алматы,1969. 

2.Аманжолов А. Түркі филологиясы жəне жазу тарихы. – 

Алматы, 1996. 

3.Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Алматы, 1992. 

4.Аристов. Заметки об этническом составе тюркских 

племен и народностей и сведения об их численност // 

Живая старина. - Ввып. 3-4, сп. 5. – 1896. 

5.Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории 

казахского языка. - Алматы, 1959. 

6.Марғұлан Ə. Тамғалы тас жазуы // Жұлдыз. – 1984. – 

№1. 

7.Марғұлан Ə. Найман, керей, оңгіттердің жазулары // 

Ақиқат. -  1993. - № 7. - 70-76 б. 

8.Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского 

народа. - Ташкент, 1925 (Алматыда 1990 қайта 

басылған). 

9.Востров В.В., Мұқанов М.С. Родоплеменной состав и 

расселение казахов. - Алматы, 1968.    

 

Г. Дəуітова 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет