Комитетінде тіркеліп 24. 12



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата12.03.2017
өлшемі3,42 Mb.
#9212
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ISSN 2223-2389 

ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ 

 

Абай институтының 

ХАБАРШЫСЫ 

 

Алматы                                                           №1 (7)                                                            2011 

 

 

Ғылыми-ақпараттық,  



əдеби  журнал 2010 жылдан  

бері екі айда бір шығады.  

ҚР Мəдениет жəне ақпарат  

министрлігі  Ақпарат жəне мұрағат 

комитетінде тіркеліп  (24.12.2009), 

№ 10586-Ж куəлігі берілген 

 

(ЮНЕСКО, Франция, Париж, қ.) 



сериялық басылымдарды 

тіркейтін ISSN Халықаралық  

орталығында тіркелген жəне  

халықаралық нөмір берілген 



 

Бас редактор  

Дəдебаев Ж.Д. 

 

Редакциялық кеңес  

Əбдезұлы Қ., Абдуалиев А., 

Аманшаев Е.А., Əбдиманұлы Ө.,    

Əмірбеков Ш.А., Ғайыпов З.С. 

Мырзахметов М., Акматалиев Ж.А., 

Бисенбаев П.Қ. (ғылыми редактор), 

Есембеков Т., Есім Ғ., Шəріп А.Ж., 

Жақсылықов А.Ж., Омаров Б.Ж., 

Кəкішев Т.К., Қамзабекұлы Д., 

Момынова Б., Мадиева Г.Б. 



 

Редакциялық алқа 

Тарақ Ə.С., Мұсалы Л.Ж.,  

Ахмедьяров Қ.К., Кəрібаев Б.Б., 

Əбдікова Қ.Т., Адаева Е.С., 

Сағындық Н., Мəмбетов Ж., 

Медеубек С., Таева Р.М. 



 

Жауапты хатшы 

Дəуітова Г.Р. 

 

Құрылтайшы  

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 



Шығарушы 

Абай институты  



Редакция мен шығарушының  

мекен-жайы 

Алматы қ., əл-Фараби даңғылы,71. 

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

Абай ғылыми-зерттеу институты. 

E.mail: Abai_instkaznu@mail.ru 

 

ИБ № 5326 

Басуға 22.02.2011 ж. жіберілді.  

Пішімі 70х110 1/16. Тапсырыс № 559. 

Көлемі 12,5 б.т. Əл-Фараби атындағы  

Қазақ ұлттық университетінің 

«Қазақ университеті» баспасы. 

050040, Алматы қаласы, əл-Фараби даңғылы, 71. 

«Қазақ университеті» баспаханасында басылды 

 

Мақала авторларының пікірі редакцияның 



 көзқарасын білдірмейді. 

М А З М Ұ Н Ы  

 

 

АБАЙТАНУ 

 

Дəдебаев Ж. Абай институты .............................................................3 

Жеменей И. Абай жəне Шығыс..........................................................6 

Молдабеков Ж. Абай мен адамтану ..................................................14 

Жанатайұлы К. Абай туралы естелік................................................19 

Темирболат А. Категория хронотопа в поэзии Абая .......................24 

 

СӨЗ ӨНЕРІ 

 

Дəдебаев Ж.  Ғабдолла Тоқай: ғұмырбаян ғибраттары....................35 

 

ТІЛ БІЛІМІ 

 

Мəмбетова М. Ассоциативтік эксперимент......................................45

 

 

АУДАРМА ЖƏНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ  

ƏДЕБИЕТТАНУ 

 

Luther Martin An open letter on translating.........................................49 

Мұсалы Л. Аудармашы шеберханасына саяхат ...............................64 

 

ҚОҒАМТАНУ 



 

Кəрібаев Б. Тəуке хан..........................................................................67 

 

 

СЫН ЖƏНЕ БИБЛИОГРАФИЯ 

 

Кəрібозов Е. Ж.Молдабековтің жаңа кітабы туралы........................78 

 

 

ЖАС ҚАЛАМ 

 

Ешметова Б. Көне ру таңбаларының сыры.......................................80 

Дəуітова Г. Балалар прозасын аударудағы ізденістер......................82 

Бекбулатова Д. Поэтика заглавия рассказа С.Моэма ......................85 

 

ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ  

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 

 

Жусанбаева C. Пəн мазмұны жəне оқыту əдістемесі ......................88 

Программа инновационного развития кафедры ................................90 



Əбдікова К. О кафедре ........................................................................92 

Шет тілі кафедрасы ..............................................................................98 



 

 

 



 

                                             

 

 

 

 

БІЗДІҢ АВТОРЛАР 

 

 



Дəдебаев Ж.Д.  – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшесі,  ҚР  Ұлттық  жоғары  мектеп  ғылым  академиясының,  Халықаралық  Жоғары  мектеп  ғылым 

академиясының,  ҚР  Білім  академиясының,  Халықаралық  Айтматов  академиясының  академигі,  

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры. 

 

Жеменей И. филология ғылымдарының докторы, профессор, шығыстанушы 

 

Молдабеков Ж. – философия ғылымдарының докторы, профессор 

 

 

Кəрібозов Е – филология ғылымдарының кандидаты, əл-Фараби атындығы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы 

 

Темирболат  А.Б. – филология  ғылымдарының  докторы,  əдебиет  теориясы  жəне  фольклористика 

кафедрасының меңгерушісі

 

 



Мəмбетова М.Қ.– филология ғылымдарының кандидаты, əл-Фараби атындығы ҚазҰУ-дың доценты 

 

Мұсалы Л.Ж. – филология ғылымдарының кандидаты, əл-Фараби атындығы ҚазҰУ-дың доценты 

 

Кəрібаев Б.Б.. – тарих ғалымдарының докторы, əл-Фараби атындығы ҚазҰУ-дың профессоры 

 

Жусанбаева С. - филология ғылымдарының кандидаты, əл-Фараби атындығы ҚазҰУ-дың доценты 

 

Абдикова К.Т. - филология ғылымдарының кандидаты, əл-Фараби атындығы ҚазҰУ-дың доценты 

 

Дəуітова Г. - 

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ізденушісі



 

 

Бекбулатова Д. 

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты. 

Ғылыми жетекшісі – Есембеков  

 

Ешметова  Б.Б.  –

  əл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың  магистранты. 

Ғылыми  жетекшісі  –

 

Аманжолов А.С. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



АБАЙТАНУ 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж. Дəдебаев

 

АБАЙ ИНСТИТУТЫ 

Аннотация.  Мақалада  қарастырылған  мəселелер.  Абай  институтының  тарихы. 

Институттың ғылыми жұмыстары. Зерттеу нəтижелері. Абайдың шығармашылығы. 

Тірек сөздер. Абай,институт, ғылым, зерттеу, шығармашылық. 

       Ж. Дадебаев 



ИНСТИТУТ АБАЯ 

Аннотация.  Вопросы,  рассматриваемые  в  статье.  История  института  Абая.  Научные 

работы института. Результаты исследования. Творчество Абая. 

Ключевые слова. Абай, институт, наука, исследование, творчество. 

Zh. Dadebaev 

INSTITUTE OF ABAI 

Abstract. The issues dealt in this article.

 

History of the Abai Institute. The scientific work of the 

institute.

 

Creation of Abai. 

Keywords: Abai, institute,science, research, creation. 

 

Абай  ғылыми-зерттеу  институты – əл-



Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университе-

тінің жанындағы іргелі ғылыми орталықтардың 

бірі.  Университет  жанында  жемісті  жұмыс 

жасап  келе  жатқан  бірнеше  еншілес  ғылыми-

зерттеу институттары бар. Олардың басым көп-

шілігі  жаратылыстану  ғылымдары  саласында 

іргелі  жəне  қолданбалы  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізеді.  Абай  институты 2009 жылдың 24 

наурыз  айында  университеттің  сол  кездегі 

ректоры  Б.Т.  Жұмағұловтың  қолдауымен  Ғы-

лыми  кеңесінің  шешімі  негізінде  құрылды. 

Институттың  қызметінің  басты  нысаны – гу-

манитарлық  ғылымдар  саласы,  ал  негізгі 

мақсаты  аталған  салада  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізу,  жаңа  білім  жасау,  оны  сақтау,  өнді-

ріске енгізу, насихаттау бағыттарындағы шара-

ларды  ұйымдастыру,  үйлестіру  жəне  іс  жүзіне 

асыру болып белгіленді. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ə.  Назарбаевтың  əл-Фараби  атындағы  Қазақ 

ұлттық  университетінің 75 жылдық  мерей-

тойын  мерекелеуде  оқыған  «Қазақстан  дағда-

рыстан  кейінгі  дүниеде:  болашаққа  интеллек-

туалдық секіріс» тақырыбындағы актілік дəрісі, 

«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - 

Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты 

Қазақстан  халқына  Жолдауы  университеттің 

білім  беру  қызметінің  барлық  бағыттарын, 

тұтас  жүйесін  бүгінгі  инновациялық-ақпарат-

тық  даму  тұрғысынан  парықтауды  жəне 

жетілдіруді  талап  етті.  Елбасының  лекциясы 

мен  Қазақстан  халқына  Жолдауынан  туындай-

тын  міндеттердің  аясында  Абай  институты 

үшін  жаңа  білім  өндірудің,  оны  коммерция-

лаудың,  дайын  өнім  ретінде  ғылыми  өнімдер 

рыногында  бəсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз 

етудің  мəні  айрықша  жоғары.  Сондықтан  да 

Абай институты өз қызметінің алғашқы күнде-

рінен  бастап  іргелі  жəне  қолданбалы  ғылыми 

зерттеулер  жүргізуге  ерекше  маңыз  берді, 

іргелі  зерттеулердің  тиянақты  жүргізілуі  жаңа 

білім  жасаудың,  жаңа  технологияларды  игеру-

дің, сондай-ақ гуманитарлық ғылымдар саласы-

ның  бүгінгі  күн  үшін  аса  маңызды,  өзекті 

бағыттары бойынша жұмыс жасап келе жатқан 

ғылыми  мектептерді  жаңғырту  мен  жетілдіру-

дің,  сонымен  қатар  жаңа  ғылыми  мектептер 

қалыптастырудың  негізі  болады  деп  білді. 

Институт айналасында топтасқан ғалымдардың 

3


 

Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



əрқайсысы 

үлкен 


ізденістерге 

барды, 


гуманитарлық  ғылымдар  бойынша  жариялан-

ған  зерттеу  жұмыстарын  орындау  бағдарлама-

ларының  конкурстарына,  мемлекетаралық,  ха-

лықаралық  ғылыми  бағдарламалар  конкурста-

рына  қатысты,  жекелеген  ғалымдардың  баста-

масы  бойынша  жасалған  зерттеу  бағдарлама-

ларын  орындауға  атсалысты.  Қазақ  тілі  мен 

əдебиетінің,  əлем  тілдері  мен  əдебиетінің, 

тарих  пен  мəдениеттанудың,  философия  мен 

əлеуметтанудың  аса  маңызды  мəселелерін 

шешуге  қатысты.  Абайдың  шығармашылық 

мұрасын  бірнеше  ғылым  салаларының  тоғыс-

қан,  түйіскен  тораптары  аясында  зерттеу  жұ-

мыстарын  жүргізді.  Ұлттық  тіл  білімі,  салыс-

тырмалы  тіл  білімі,  жалпы  тіл  білімі,  ұлттық 

əдебиеттану, 

салыстырмалы 

əдебиеттану, 

жалпы  əдебиеттану  аясында,  əдебиеттану  мен 

тарих, əдебиеттану мен мəдениеттану, əдебиет-

тану мен заң, əдебиеттану мен этнопедагогика, 

əдебиеттану  мен  философия,  əдебиеттану  мен 

əлеуметтану,  саясаттану,  əдеби  компаративис-

тика  салаларында,  Жолдауда  көрсетілген  «елі-

міздің  тəуелсіздігін  баянды  ету,  қазақтың  ұлт 

болып  өркендеуіне  жол  ашу,  оның  тілі  мен 

мəдениетінің  кең  құлаш  жаюына  мүмкіндік 

туғызу»  мақсатындағы  стратегиялық  міндет-

терді  іс  жүзіне  асыру  жолдарын  пайымдау 

бағытында терең ізденіс жұмыстары жүргізілді. 

Шешендік  өнердің  байырғы  өрнектері  жəне 

олардық  қазақ  əдебиетінің  бастау-көздеріне 

қатысы  пайымдалды.  Айтыс  өнерінің  ірі 

өкілдерінің ақындық шеберлігі сараланды. 

Абайтану  ғылымының  өнген  ортасы, 

алтын  бесігі,  қалыптасқан  жері  əл-Фараби 

атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  екені 

белгілі.  Сондықтан  да  Абай  институтының 

зерттеу  жұмыстарының  аясында  абайтану 

ғылымына ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанда 

абайтану  ғылымы  саласында  аз  жұмыстар 

жасалған  жоқ.  Қыруар  ғылыми  жинақтар, 

монографиялар,  оқу  құралдары  жарық  көрді, 

кандидаттық  жəне  докторлық  диссертациялар 

қорғалды,  абайтану  ғылымымен  бірыңғай 

айналысатын  ұйымдар  мен  мекемелер  құрыл-

ды.  Абайдың  шығармалары  əлем  халықтары-

ның  тілдеріне  аударылды.  Алайда  абайтану 

ғылымының  ақынның  өз  Отанындағы  деңгейі 

бүгінгі заманның рухани сұраныстарына толық 

жауап  бере  алады  деп  айтуға  ерте.  Абайдың 

ойларын, көзқарасын, қағидаларын, ашық жəне 

жұмбақ  сырларын  қазақтың,  қазақ  ғалымда-

рының  өзі  толық  танып  болған  жоқ.  Əр  ізде-

нуші  өз  пікірін  айтатыны  рас.  Əр  зерттеуші 

Абайдың 


жұмбағын 

шешуге 


талпынды. 

Əрқайсысы  сол  жұмбақты  өзінше  шешкен 

болды.  Бəрі  дұрыс.  Дегенмен  Абайдың 

жұмбағын  толық  шешкен  зерттеушіні  қазақтан 

да,  басқадан  да  табу  оңай  емес.  Абайдың: 

«Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, сонан тапқан - 

шын  асыл,  тастай  көрме», - деген  бір  ауыз 

сөзінің  мəнін  терең  түсініп,  оның  барлық 

мағынасына бойлау тауқыметінің өзі ғасырдан- 

ғасырға  жетерлік  жүк.  Абай  сөзінің  мұндай 

жасырын  жатқан  сырын  бір  адам  емес,  Абай 

институты  сияқты  кемел  ғылыми  ұжым  ғана 

тани  алуы  мүмкін.  Осы  орайда  институт  Абай 

шығармашылығын 

гуманитарлық 

ғылым 


саласының  барлық  бағыттары  бойынша  жəне 

барлық ғылым салаларының тоғысқан жүйесін-

де,  пəнаралық  деңгейде  зерттеуді  отандық 

ғылымда бірінші рет жолға қойып отыр.  

Абай шығармашылығын, қазақ халқының 

əдебиеті  мен  мəдениетін,  əдебі  мен  əдетін, 

даналығы  мен  даралығын  танудың,  білудің, 

пайымдаудың,  бағалаудың  өз  еліміздегі  жəне 

өзге  елдердегі  əлеуметтік,  көркемдік,  эстети-

калық  мəселелерінің  зерттелуіне  келетін 

болсақ,  бұл  бағытта  да  шешімін,  зерттелуін 

күтіп  жатқан  сан  түрлі  міндеттер  бар.  Абай 

институты бұл жерде қазақ əдебиетін, Абайдың 

əдеби  мұрасын  туысқан  халықтар  елінде, 

шектес  елдерде,  əлемдік  деңгейде  қабылдау, 

түсіну,  бағалау  жайын  бағдарлауды  өз  алдын-

дағы көкейкесті ғылыми міндеттердің қатарына 

жатқызады. 

Институт  алдында  қыруар  ғылыми 

міндеттер  тұр.  Институттың  беті  мен  бағытын 

анықтауда  оның  алдында  тұрған  міндеттерді 

сипаттап  өтудің  артықшылығы  жоқ.  Бірақ 

мақсат  пен  міндет  бар  да,  сол  мақсат  пен 

міндеттерді  шешу  жолында  атқарылған  істер, 

ол істердің нақты нəтижелері жəне бар. Мақсат 

пен  міндет  қанша  биік,  маңызды  болғанмен, 

оларды  жүзеге  асыруға  келгенде,  нақты 

ғылыми  нəтижелер  болмаса,  істің  бəрін  бос 

деуге  тура  келеді.  Абай  институты  өз  алдына 

биік  мақсат,  маңызды  міндеттер  қоюмен  бірге 

оларды  іс  жүзіне  асырудың  мүмкіншіліктері 

мен  жолдарын  да  дəл  анықтай  алды.  Бұл  өте 

маңызды еді. 

Абай  институтының  ұйымдастыру  жəне 

үйлестіру  жүмыстарының  аясында  Абайдың 

əдеби  мұрасы  негізінде  диплом  жұмыстары, 

магистрлік,  кандидаттық,  докторлық  диссерта-

циялар  орындалуда.  Абай  шығармаларының 

туысқан  халықтар  тілдеріне  (қырғыз,  өзбек, 

қарақалпақ,  татар,  башқұрт,  құмық,  түрік, 

түркімен,  т.б.),  өзге  тілдерге  (қытай,  орыс, 

ағылшын, француз, неміс, парсы, т.б.) аударылуы 

жəне 

бағалануы 



туралы 

монографиялық 

зерттеулер  жүргізілуде.  Олардың  басты  нəтиже-

лері  «Абай  институтының  хабаршысында»  жəне 

басқа ғылыми басылымдарда жарияланып келеді.  

4


 

Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



Қазақ  əдебиетінің,  Абайдың  əдеби 

мұрасының 

өзге 

халықтардың 



тілдеріне 

аударылуы, 

өзге 

халықтар 



танымында 

қабылдануы  жəне  бағалануы  əдебиетаралық 

мəселе  болып  табылады.  Оны  тек  қазақ 

əдебиеттануы  шегінде  қарастыру,  тану,  шешу 

қиын.  Бұл  мəселе  салыстырмалы  əдебиеттану 

аясында  ғана  түпкілікті  шешімін  таба  алады. 

Негізінде,  қазақ  əдебиетінің  əлемдік  кеңістікте 

танылуы  мен  бағалануын  бағамдау  тек  қана 

салыстырмалы  əдебиеттану  аясында  нəтижелі 

бола  алады.  Салыстырмалы  əдебиеттану, 

басқаша  айтқанда,  əдеби  компаративистика, 

əлем  университеттерінің  бəрінде  арнайы 

мамандық  ретінде  оқытылады  жəне  зерттеледі. 

Салыстырмалы  əдебиеттану  (əдеби  компа-

ративистика) 

саласындағы 

дүниежүзілік 

қауымдастық  та  бұған  өзінің  игі  əсерін 

тигізуде.  Осы  бағыттағы  əлемде  болып  жатқан 

үдерістердің  сипатын  зерделеу  барысында 

институт салыстырмалы əдебиеттануды дамыту 

(əдеби  компаративистиканы)  ұлт  əдебиет-

терінің  өз  аумақтарында  шектелмей,  əлемдік 

кеңістікке  шығуының  басты  шарты  жəне 

бірден-бір  ұтымды  жолы  деген  маңызды 

ғылыми  тұжырымға  келді.  Тиісті  мемлекеттік 

органға  магистратура  жəне  докторантура 

сатылары  бойынша  «Əдебиеттану»  маман-

дығын  ашу  туралы  ұсыныс  берді.  Ұсыныс  оң 

шешімін  тапты.  Əлемдік  білім  беру  тəжіри-

белерін  тереңдеп  зерттеу  мен  зерделеу  ендігі 

тұста  «Салыстырмалы  əдебиеттануды» (Əдеби 

компаративистиканы)  жеке  мамандық  ретінде 

арнайы  ашқанда  ғана  отандық  əдебиетта-

нуымыздың  əлемдік  білім  беру  жəне  ғылыми 

педагогикалық  мамандар  даярлау  кеңістігіне 

ене  алатыны  туралы  ақиқатқа  көз  жеткізіп 

отыр.  Институт  бұл  мəселені  де  жете  зерттеп, 

ғылыми  негізделген  қағидалары  мен  ұсыныс-

тарын  дайындады.  Институттың  осы  мəселе 

бойынша  дайындаған  негіздемесін  қабылдау 

мен  іс  жүзіне  асырудың  ұлттық  жоғары  білім 

жəне  жоғары  білімнен  кейінгі  білім  жүйесін 

жетілдіру  үшін  аса  зор  əлеуметтік  маңызы 

барын  атап  айту  орынды.  Өйткені  бұл 

негіздемеде  инновациялық  мəн  жатыр.  Абай 

институты  ұлттық  əдебиетті,  ұлттық  əдебиет-

тануды  əлемдік  ғылым  жəне  білім  кеңістігінде 

тану  мен  танытудың  бірден-бір  тиімді  жолы 

осы деп біледі. 

Абай  институтының  ерекше  мəн  беріп, 

арнайы  зерттеп  келе  жатқан  мəселелерінің 

қатарында  білім  берудің  инновациялық  техно-

логияларын  жасаудың  алатын  орны  үлкен. Бұл 

бағытта  бірнеше  өзекті  тақырып  бойынша 

ізденіс 


жұмыстары 

жүргізілді: 

білім 

алушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру 



мен  бағалаудың  инновациялық  технологиясы 

жасалды;  диплом  жұмысы  мен  магистрлік 

диссертацияның 

сапасын 


бақылау 

мен 


бағалаудың 

инновациялық 

технологиясы 

дайындалды; 

бакалавриатта 

білім 


алу-

шылардың  кəсіби  тəжірибесін  ұйымдастыру 

мен  өткізудің  инновациялық  технологиясы 

жасалып, өндіріске енгізілді; магистранттардың 

ғылыми-педагогикалық  тəжірибесін  өткізудің 

инновациялық  технологиясы  жасалды,  т.б. 

Аталған  технологиялар  сыннан  өткізілді, 

жетілдірілді, коммерцияландырылды.  

Абай институты өзінің материалдық жəне 

интеллектуалдық 

ресурстарымен 

студент-


тердің,  магистранттар  мен  докторанттардың 

(РһD)  кəсіби,  ғылыми,  ғылыми-педагогикалық 

тəжірибелерін  өткізудің  базасы  қызметін  де 

атқаруда.  Білім  алушылар  тəжірибеден  өту 

кезеңдерінде  теориялық  білімдерін  іс  жүзінде 

пайдалана  отырып,  оқытушылық,  зерттеушілік 

қабілеттерін 

ашуға 


мүмкіншілік 

тапты, 


сонымен  қатар  тəжірибелі  профессорлардың 

басшылығымен 

жаңа 

білімді 


өндіріске 

енгізудің  жолдарын  үйренді,  білім  берудің 

инновациялық  технологияларын  жасау  үдеріс-

теріне  тікелей  қатысып,  нақты  саланың 

əлеуметтік сұраныстарымен танысты, білімдері 

мен 


біліктіліктерінің, 

кəсіби 


компетен-

циясының  ұшталуына  қол  жеткізді,  теориялық 

ізденістері  соны  өріске  шықты.  Мұның  өзі 

институттың  іргелі  жəне  қолданбалы  зерттеу-

лерінің ғылыми жəне практикалық маңызының 

айтарлықтай  үлкен  əлеуметтік  мəні  барына 

білім  алушылардың,  болашақ  мамандардың 

көзін  жеткізді,  олардың  алдағы  кəсіби 

қызметтерінің  нəтижелі  болатынына  сенімін 

нығайтты. 

Институттың  сан  салалы  қызметінің 

басты нəтижелері 2010 жылдан бері қарай 12,5 

б.т.  көлемінде  екі  айда  бір  шығатын  «Абай 

институтының  хабаршысы»  атты  ғылыми-

ақпараттық, 

əдеби 


журналда 

жариялана 

бастады. 2010 жылы журналдың 6 саны жарық 

көрді. 


Журналда 

институттың 

зерттеу 

жұмыстарының  нəтижелері  бірнеше  тұрақты 

бөлімдер бойынша жарияланатын болды: а) сөз 

өнері;  ə)  тіл  білімі;  б)  салыстырмалы  əдебиет-

тану; в) қоғамтану; г) сын жəне библиография; 

д)  абайтану  тарихынан;  е)  жас  қалам;  ж) 

оқытудың  инновациялық  технологиялары.  Əр 

бөлімнің  өз  талаптары  бар.  Олар  институттың 

Жарғысында  анықталған  мақсат  пен  міндет-

терді іс жүзіне асыруға бағытталған. 

Ғылыми 

зерттеулердің 



нəтижелерін 

бағалаудың,  сынақтан  өткізудің  жолдары  көп. 

Абай  институты  өз  зерттеулерінің  негізгі 

нəтижелерін 

ғылыми 

конференцияларда 



5

 

Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



талқылауды  дұрыс  деп  тапты. 2010 жылы 

халықаралық  бірнеше  ғылыми  конференция 

өткізді.  Олардың  ішінде  бұрыннан  жалғасып 

келе  жатқан  «М.  Əуезов  жəне  əлем  əдебиеті», 

«Көркем 

аударма 


жəне 

əдеби 


компа-

ративистика»  секілді  дəстүрлі  конференциялар 

бар.  Олардың  əрқайсысының  тұрақты  қаты-

сушылары, мамандары  қалыптасқан. Ал  «Абай 

жəне қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми 

конференция алғаш рет өткізілді. Онда Абайды 

танудың  қазіргі  замандағы  маңызы  мен  мəні, 

басты  даму  бағыттары  мен  өзекті  мəселелері, 

оларды 

шешудің 


жолдары, 

күтілетін 

нəтижелердің қоғамдық сананы байытуға, адам 

капиталының бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, 

еліміздің  өсуі  мен  өркендеуіне  қосатын  үлесі 

туралы  іргелі  ойлар,  келелі  кеңестер  талқы-

ланды.  Абайтану  саласында  соңғы  жылдары 

қол  жеткен  ғылыми  нəтижелерге,  олардың 

теориялық  деңгейлері  мен  практикалық  маңы-

зына терең талдау жасалды, абайтанудың алтын 

бесігі  болған  Қазақ  ұлттық  университетінде 

қоғамдық  жəне  гуманитарлық  ғылым  салала-

рында  соны  серпілістер,  тың  толғаныстар, 

заман талабына сай жаңару мен жаңғыру барын 

көрсетті.  Филология,  тарих,  философия,  əлеу-

меттану,  шығыстану  ғылымдарында  шығарма-

шылық  ізденістердің  тереңдігі  мен  іргелілігі 

аталып  өтті.  Конференцияға  қатысушылар 

«Абай  жəне  қазіргі  заман»  конференциясын 

жыл  сайын  өткізіп  тұру  туралы  шешім 

қабылдады.  

Институтта  ғылыми,  əдістемелік,  көркем 

əдебиеттер  мен  оқулықтардың,  оқу  құрал-

дарының  электронды  қоры  жасалған.  Онда 

мыңнан  аса  əдебиеттер  бар  жəне  мұның  өзі 

ұдайы толықтырылуда. Абайдың əдеби мұрасы 

жанрлық ерекшеліктеріне орай топтастырылып, 

қазақ,  орыс,  ағылшын,  француз,  парсы,  түрік 

жəне  басқа  тілдерде  веб-сайтқа  орналастыруға 

дайындалған.  Абайдың  өмірі  мен  шығар-

машылығы  туралы  еңбектер  өз  алдына  бөлек 

топтастырылған.  Абайдың  өмірі  мен  шығар-

машылығы  туралы  еңбектердің  алфавиттік 

жүйедегі 

электронды 

библиографиясы 

жасалды.  Бұл  қазіргі  шақтағы  Абайдың  өмірі 

мен  шығармашылығы  туралы  ең  толық 

көрсеткіш  болып  табылады. «Абай  институ-

тының  хабаршысында»  аталған  əдебиеттердің 

тізімі 

«Абай 


институтының 

электронды 

мұрағатынан»  деген  айдармен  тұрақты  түрде 

жариялануда.  

Институт  ғалымдарының  бір  тобы  өз 

бастамалары  негізінде  жасалған  халықаралық 

зерттеу  бағдарламасы  бойынша  ізденістер 

жүргізуде.  Бағдарламаны  орындауға  отандық 

зерттеушілермен 

қатар 


Қырғызстанның, 

Өзбекстанның, 

Тəжікстанның, 

Қытайдың, 

Түркиянің  мамандары  қатысады.  Институт 

өзінің  халықаралық  байланыстарын  алдағы 

уақыттарда кеңейтуді көздеп отыр. 

«Абай  жəне  қазіргі  заман»  деп  аталатын 

ғылыми  зерттеу  жобасын  орындау  бағытында 

іргелі  істер  атқарылуда.  Бағдарламаның  өзіне 

тəн  ерекшеліктері  бар:  біріншіден,  бағдарлама 

арнайы 


қаржыландырусыз 

орындалады; 

екіншіден, бағдарламаны орындауға əл-Фараби 

атындағы 

Қазақ 

ұлттық 


университетінің 

ғалымдары ғана қатысады. Бағдарлама аясында 

жүргізілген  зерттеу  жұмыстарының  нəти-

желерін  «Абайтану.  Абай  институтының 

еңбектері»  деген  атпен  көптомдық  серия 

түрінде  баспадан  шығару  көзделеді.  Серияның 

бірінші 

томы 


Қазақстан 

Республикасы 

тəуелсіздігінің 20 жылдығына  арналады.  Бұл 

еңбек 


монография 

түрінде 


университет 

баспасынан  тақырыптық  жоспар  шегінде 

жарыққа  шығатын  болар  деген  үмітіміз  бар. 

Сонымен  қатар  осы  бағытта  университетте 

абайтану  саласында  бұған  дейін  жүргізілген 

зерттеулердің  нəтижелері  толық  жинақталып, 

аталған  серия  аясында 10 том  көлемінде 

баспаға  дайындалу  үстінде.  Əрине,  абайтану 

саласында  жасалатын  жұмыстар  осымен 

шектелмейді, жалғаса береді.  

Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 

университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу 

институты  қалыптасу  үстінде.  Мақсат  үлкен. 

Міндет зор.  

                                                                       

* * * 


 

 И. Жеменей 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет