36
Хабарламаларды көрсететін импульстардың ұзақтығы неғұрлым қысқа
болса, соғұрлым олар уақыт бірлігіне көбірек жіберіледі. Импульс
ұзақтығының кері шамасы телеграфтау жылдамдығы деп аталады: В = 1/ф
и
,
мұнда ф
и
– импульс ұзақтығы, с.
Телеграфтау жылдамдығының бірлігі бод
деп аталды. ф
и
= 1 импульс ұзақтығы кезінде В = 1 Бод жылдамдықпен
таралады.
Телеграфта ұзақтығы 0.02 с импульстері қолданылады, бұл 50 Бод
стандартты телеграфтау жылдамдығына сәйкес келеді.
Деректерді тарату
жылдамдығы айтарлықтай жоғары (200, 600, 1200 Бод және одан да көп).
Телеграф және деректер сигналдары әдетте тікбұрышты импульстар
тізбегі түрінде болады (1.4, а сурет).
Екілік сигналдарды тарату кезінде тек импульстардың белгісін
екіполярлы сигналмен немесе бірполярлы сигналдың болуымен немесе
болмауымен бекіту жеткілікті. Егер оларды тарату үшін жиілік жолағының ені
қолданылса, онда ол бод жылдамдығына тең болады және импульс нақты
түрде жазылады. Стандартты түрде телеграфтау жылдамдығы 50 Бод,
телеграф сигналы спектрінің ені - 450 Гц.
2400 Бод жылдамдығы кезінде
(деректерді таратудың орташа жылдамдық жүйесі) сигнал спектрінің ені
шамамен 2400 Гц тең болады.
Хабарламаларының орташа қуаты Р
СР
ұзақ уақыт аралығында өлшеу
нәтижелерді орталандыру арқылы анықталады.
1 Ом резисторда s(t) кездейсоқ сигналының орташа қуаты:
;
)
(
2
1
lim
2
Достарыңызбен бөлісу: