Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар


Қондырғылар құрамы және ТҚ сұлбасының жіктелуі



бет18/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
9.1 Қондырғылар құрамы және ТҚ сұлбасының жіктелуі
Бір сызықты сұлбалар құрамына ажыратқыштар, айырғыштар, өлшеуіш трансформаторлар, жинақтаушы шиналар, токшектегіш реакторлар және асқын кернеуден қорғаныс құрылғыларымен қатар барлық қосылыстар кіреді.
Барлық қосылыстар ұяшықтар құрады, олар жинақтауышы шиналарға қосылу орнын анықтап, қосалқы станцияның аумағында орналасады . Жинақтаушы шиналары қосылыстармен сәйкесті кернеудегі ТҚ-сын құрады.
Энергоқондырғының кернеуіне тәуелді қосылыстар саны, электржабдықтаудағы сенімділікпен иілгіштікті қамтамасыз ету қажеттілігі үшін, күту және жөндеу ыңғайлылығы үшін ТҚ әртүрлі сұлбаларын қолданады: бір жүйелі жинақтағыш шинасы бар, бір жүйелі жұмысшы және жинақтаушы шинасының айналма жүйесі бар, екі жүйелі
жинақтаушы жүйесі бар , екі жүйелі жұмысшы және бір жүйелі жинақтаушы шинаның айналма жүйесі бар , сақиналы сұлбалар және т.б.
ТҚ сұлбалары келесідей жіктеледі: бір қосылысқа ажыратқыштар санымен: екі қосылысқа ажыратқыштар санымен; қосылысқа бір ажыратқыш санымен; бөлшекті (екі қосылысқа үш ажыратқыш, төрт қосылысқа үш ажыратқыш) сұлбалар және т.б. 
9.2 Бір жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбасы 
Неғұрлым қарапайым сұлба 9.1 а суретінде көрсетілгендей секцияланбаған бір жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбасы болып табылады. Сұлба қарапайым және көрнекі. Әрбір тізбекке осы тізбекті қалыпты және апатты режімдерде қосып ажырататын бір ажыратқыштан келеді . Айырғыштармен операциялар, тек қана қосылыстарды шығарғанда жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Жинақтаушы шиналарды және кез-келген қосылыстағы шиналық айырғыштарды жөндеу үшін жинақтаушы шинадан толығымен кернеуді сөндіру керек, яғни қорек көздерін өшіру керек. Жинақтаушы шиналардағы қысқа тұйықталуда (К2 нүктесі) қорек көздерін өшіруді туғызады яғни тұтынушылардың электрмен жабдықталуы тоқтатылады.

9.1 Сурет - Бір жүйелі жинақтаушы секцияланбаған (а) және секцияланған(б) шиналар сұлбалары
Ажыратқышпен секциялау бір жүйелі шиналар сұлбасының құндылығын сақтайды, жинақтаушы шиналардағы апат тек бір ғана тоқ көздерін және тұтынушылардың жартысын сөндіреді.
Бір жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбалары кернеуі 6 – 10 кВ қосалқы станциясында және стацияның өзіндік мұқтаждығында кеңінен
қолданылады, өзіндік мұқтаждықта бұл сұлбалардың құндылықтарын толық пайдалануға болады, әсіресе ол КТҚ қолдану арқасында іске асырылады.
Электростанцияның электроэнергияның көп бөлігі жақында орналасқан тұтынушыларға беріледі. Ол үшін генераторлық кернеудің 9.2. суретінде көрсетілгендей сақиналы қосылған бір жүйелі шиналар сұлбасының қоладанылуы мүмкін.

9.2 Сурет - Сақиналы қосылған бір жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбасы
Қалыпты жұмыста барлық секциялық ажыратқыштар қосылған және генераторлар параллелді жұмыс істейді. Бір секцияда Қ.Т. болса осы секцияның генераторы және екі секциялық ажыратқыштар өшіріледі, алайда , басқа генераторлардың параллелді жұмысы бұзылмайды.
Бір генератор өшірілгенде осы секция тұтынушылары екі жақтан қоректенеді, бұл секцияда кернеу айырмашылығының мәні аз болады және тұйықталмаған шиналар жүйесі сұлбасына қарағанда секциялық реакторларды аз тоққа таңдауға мүмкіндік береді.
Генераторлары 63 МВт-қа дейінгі ЖЭО-на егер оның тұтынушылары резервтенген желімен қоректеніп, секцияға қосылыс саны алты – сегізден аспаса қарастырылған сұлба ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет