Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар


Алмастыру сұлбасы және түрлендіру ерекшіліктері



бет14/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
7.1 Алмастыру сұлбасы және түрлендіру ерекшіліктері  
Алмастыру сұлбасы деп берілген мәндері бойынша есептік сұлбаға сәйкес келетін, бірақ барлық магнитті (трансформаторлық ) байланыстар электрлік байланысқа алмастырылған электр сұлбасын атайды.
Атаулы бірлікте есептер жүргізгенде сұлбаның барлық кедергілері Ом түрінде көрсетілуі керек және бір базистік кернеуге келтірілуі (электрлік сатысының бір орташа кернеуіне) керек. Егер есептеу салыстырмалы бірлікте орындалса, онда алмастыру сұлбасының барлық элементтерінің кедергілерін алдын-ала бір базалық шарттарға келтіру керек . Базалық қуат ретінде 100, 1000 немесе 10000 МВА мәндерін қабылдайды. Базалық кернеуге - сәйкесті орташа кернеуді қабылдайды.
Алмастыру сұлбасындағы әрбір кедергіге белгіленген номер тағайындалады, ол есеп соңына дейін сақталады. Алмастыру сұлбасы құрылғаннан соң және барлық элементтердің кедергісі анықталғаннан кейін ол неғұрлым қарапайым түрге келеді. Бұл кезде кедергілердің параллелді және тізбектелген қосылуы ережесі және ұшбұрышты жұлдызшаға айландыру немесе керісінше қолданылады.
Алмастыру сұлбасын түрлендіру процесінде, байланысты тізбектер деп аталатын, бірнеше тоқ көздері жалпы кедергіден х4 өткенде, оларды ажырату есебі жиі туындайды. Әрбір қорек көздерінен ҚТ нүктесіне ағатын тоқты анықтау үшін 7.1г суретінде көрсетілгендей сұлбаны сәулелік түрге түрлендіру керек.

7.1 Сурет - Байланысты тізбектерді ажырату


Сұлбаның нәтижелік кедергісін анықтайды
Хрез = хэк + х4
мұнда хэк – барлық қорек көздерінің сұлбадағы 1-ші нүктеге қатысты эквиваленттік кедергісі 
хэк = х1 // х2 // х3
Бұзылу орныныдағы тоқтың периодикалық құраушыларының салыстырмалы мәнін бірге тең деп алады  және таралу
коэффициенттерін табады , яғни әрбір көздердің ҚТ тоғында қатысты үлесін анықтайды.
Кирхгоф заңының негізінде келесі өрнекті жазуға болады
I п*I + Iп*II + Iп*III = Iп = 1, және де
және т.с.с. 
Осында тармақ бойынша таралу коэффициенті келесідей болады;
, және т.б.
Коэффициенттерді есептеу дұрыстығын келесі шарттар бойынша тексеруге болады;
С1 + С2 + С3 = 1 және ,  және т.б.
1 кВ төмен қондырғылардың алмастыру сұлбасының параметрлерін атаулы бірліктерде қабылдау ыңғайлы және олар активті кедергіні ескеріп есептеледі.
7.2-7.3 суретінде көрсетілген ҚТ жағдайы күрделі алмастыру сұлбасының мысалдары бола алады . Мұндай сұлбаларды түрлендіру 7.2 а, б суретінде көрсетілгендей біріктіру арқылы, әлде 7.3 суретінде көрсетілгендей үшбұрышты жұлдызшаға немесе керісінше тізбектеп айландыру арқылы іске асырылады. Сұлбаны ары қарай түрлендіру қарапайым ережелер бойынша орындалады.

7.2 - Сурет Симметриялы күрделі сұлбадағы қысқа тұйықталу











7.3 Сурет -Күрделі сұлбаны үшбұрыш– жұлдызша әдісі бойынша
түрлендіру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет