Коммуникация



Pdf көрінісі
бет9/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   188
тырып, біріктіреді. Қарым-қатынассыз қоғам, қоғамсыз әлеумет- 
тенген, мәдениетті, ақыл-парасатты, homo sapiens адам жоқ. Сөз 
бен тіл бір-бірімен қабыса отырып, адамды жануарлар әлемінен 
ажыратады. Оны қалай жақсы көрмессің?! Қалай оны ыждағатпен
зер сала, әр қырынан, жан-жақты зерттемессің? Бірде-бір ғылым, 
бірде-бір мамандық сөзсіз әрекет ете алмайды. Ол жоқ дегенде, 
білім мен тәжірибені түжьірымдап, сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу 
үшін қажет. Тіпті ұлы дәрігер де басқа дәрігерлермен, науқастар- 
мен, жалпы адамзат қауымының барлық мүшесімен сөз арқылы 
қарым-қатынасқа түседі.
Аса мәртебелі Қарым-қатынас (немесе аса мәртебелі Коммуника­
ция) адамзатқа билік жүргізіп, оның өмірін, дамуын, іс-әрекетін, жал­
пы танымы мен жаратылыстың бір бөлшегі ретінде өзін-өзі тануын 
басқарып отыр. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерделеуге 
және оған нетосқауыл болатынын немесе керісінше не ықпал ететінін 
түсінуге деген кез келген талпыныс маңызды әрі орынды, себебі қа- 
рым-қатынас әрқашан адамзаттыңтіршілік етуінің тірегі, негізі.
Бұл кітаптың мақсаты - адамзат қарым-қатынасында тілге бас- 
ты құрал ретінде қарау, алайда жалғыз құрал емес екенін ұмыт- 
тырмау!


Әсіресе халықтар, тілдер, мәдениеттер араласы айырықша 
күшейген бүгінгі таңда, өзге мәдениет өкіліне түсіністікпен қарап, 
оған қызығушылық танытып, құрмет көрсетуге тәрбиелеу өзекті 
мәселеге айналып отырған уақытта бұл талпынысымыз аса ма- 
ңызды. Көпшілік назарының мәдениетаралық, халықаралық ком­
муникация мәселелеріне ауып отырғанының да бірден-бір себебі 
- осы.
Коммуникацияға қандай факторлар ықпал етеді, керісінше не 
кедергі келтіреді, әртүрлі мәдениет өкілдерінің қарым-қатынасын 
қиындататын не нәрсе?
Тіл мен мәдениеттің арақатынасы қалай белгіленеді?
Сана арқылы сүзілген тіл жаратылысты қалай бейнелейді?
Жеке тұлғаның қалыптасуына тіл қалай ықпал етеді?
Жеке адамның, ұжымның ділі, идеологиясы, мәдениеті қалай 
қалыптасады және олартілде қалай бейнеленеді?
Ұлттық мінез дегеніміз не және оның қалыптасуында тілдің рөлі 
қандай?
Шет тілдерін меңгеруде әлеуметтік-мәдени фактордың рөлі 
қандай?
Тіл мен мәдениет арқылы, әуелі ана тілі арқылы, кейінірек өзге 
тілдерді меңгеруі арқылы дүниенің көрінісі қалай жасалады?
Не себепті Ресейдің Білім министрлігі «Шет тілі» мамандығын 
«Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» деп өзгертті?
Не себепті бүкіл әлемді мәдениетаралық қарым-қатынас, мәде- 
ниетаралық қақтығыс мәселелері алаңдатып отыр?
Белгілі америкалық саясаттанушы Сэмюэль Хантингтонның 
үшінші дүниежүзілік соғыс саяси-экономикалық жүйенің емес, мә- 
дениет пен өркениет соғысы болады деп болжам жасауына эсер 
еткен не?
«Форд» компаниясының бұрынғы басшысы Ли Йакоки: «Бүкіл 
қызмет істеген жылдарымда уақытымның тек 20%-ын қарым-қаты- 
наспен байланысты нәрселерге, қалған 80%-ын басқа жұмыстарға 
арнаппын. Бәрін қайта бастар болсам, керісінше істер ме едім?» -
дегені нені меңзеп тұр?
Ұсынылып отырған еңбекте осы сауалдардың барлығына жауап 
беруге тырысамын.
U




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет