Концентрация 1 уровень / деңгей


Смешивают 200 г 80%-го раствора соли и 700 г 20%-го раствора той же соли. Сколько соли в полученном растворе?



бет2/2
Дата03.11.2022
өлшемі42,68 Kb.
#47293
1   2
Смешивают 200 г 80%-го раствора соли и 700 г 20%-го раствора той же соли. Сколько соли в полученном растворе?




80%-дық 200 г тұзбен 20%-дық 700 г дәл сондай тұзды араластырды. Алынған қоспада неше тұз бар?

11.

Смешали 600г 8%-го раствора серной кислоты 200 г 12%-го. Какова концентрация нового раствора?




600 г 8 % күкірт қышқылын 200 г 12%-пен араластырды. Жаңа қоспаның концентрациясы қандай?

12.

К 120 г раствора, содержащего 80% соли, добавили 480 г раствора, содержащего 20% той же соли. Сколько процентов соли содержится в получившемся растворе?






80% тұзы бар 120 г ертіндіні сондай 20% тұзы бар 480 г ертіндімен араластырады. Алынған ертіндідегі тұздың ертіндісі қанша пайыз?

13.

Один раствор содержит 20% (по объему) соляной кислоты, а второй – 70% кислоты. Сколько литров первого и второго растворов нужно взять, чтобы получить 100 л 50% раствора кислоты?




Бірінші ертіндіде (мөлшері бойынша) 20 % тұз қышқылы бар, ал екінші ертіндіде 70 % қышқыл бар. 100 л 50 %-ық қышқылды алу үшін әр ертіндіден қанша л алу керек?

14.

Смешали некоторое количество 15-процентного раствора некоторого вещества с таким же количеством 19-процентного раствора этого вещества. Сколько процентов составляет концентрация получившегося раствора?




15 %-ық бір ертіндіні сондай мөлшердегі 19 %-ық сол ертіндімен араластырды. Алынған ерітіндінің концентрациясы?

3 уровень / деңгей



1.

Два слитка, один из которых содержит 35 % серебра, а другой 65 %, сплавляют и получают слиток массой 30 г, содержащий 47 % серебра. Какова масса каждого из этих слитков?




Біреуінің құрамында 35 % күміс ал екіншісінде 65 % күмісі бар екі кесекті қорытып құрамында 47 % күмісі бар 30 г қорытпа алады. Әр кесектің массасы қандай?

2.

Имеются две смеси апельсинового и ананасового соков. Первая смесь содержит 40% апельсинового сока, а вторая – 80%. Сливаются x л первой смеси и y л второй смеси, в результате получается 20 л смеси, содержащей 70 % апельсинового сока. Определите x и y.




Ананас пен апельсиннан тұратын екі ертінді бар. Бірінші ертіндідегі апельсин – 40%, ал екіншісінде – 80%. х л бірінші ертіндіден және у л екінші ертіндіден қосылып құрамындағы апельсин мөлшері 70% болатын 20 л ертінді шығады. х пен у-ті анықтаңыз.

3.







Құрамында 80 г алтыны бар алтын мен күмістің қоспасы 100 г таза алтынмен қорытылған. Нәтижесінде алдыңғысына қарағанда жаңа қоспадағы алтынның үлесі 20%-ға артқан. Қоспадағы күмістің салмағы?

4.







Бірінші ертіндіде (мөлшері бойынша) 20 % тұз қышқылы бар, ал екінші ертіндіде 70% қышқыл бар. 100 л 50 %-ық қышқылды алу үшін әр ертіндіден қанша л алу керек?

5.







Екі бөлік күміс пен мыстың қорытпасы бар. Олардың біреуінде 81%, ал екіншісінде 95% мыс бар. Құрамында 87% мыс болатын жаңа қорытпа алу үшін әр бөліктен қанша килограмм алу қажет.

6.







Тот баспайтын болат темір мен хромның және никельдің қоспаларынан тұрады. Қоспада хромның үлесі 15 %, ал хром никельден 30 есе аз болуы үшін 67,6 кг темірмен қанша хром мен никель қорытуы қажет?

7.







Майлылығы 4 % болатын сүттен майлылығы 10,4% болатын ірімшік дайындады. Бұдан майлылығы 0,4% сарысу қалды. Осындай сүттің 500 кг-нан қанша ірімшік дайындалады.

8.







Майлылығы 3,5 % болатын сүттен майлылығы 12,7% болатын ірімшік дайындады. Бұдан майлылығы 0,7% сарысу қалды. 280 кг ірімшік дайындау үшін қанша сүт керек?

9.







Бір тонна кенде белгілі бір темір мөлшері бар. Кеннен 12,5% темірі бар 400 кг араласқан қоспаны алып тастағаннан соң, қалған кенде темірдің мөлшері 20%-ға өскен. Кенде тағы қанша темір қалды?

10.







Алтын мен күмістен тұратын екі құйма алынды.Бірінші құймада бұл металдардың қатынасы 1:2, ал екіншісінде 2:3. Алтын мен күміс 7:12 қатынасында болатындай 19 г құйма алу үшін бірінші құймадан қанша грамм алу қажет?

11.







Бір қорытпадағы А және В металдарының қатынасы 4:5, ал екіншісінде 6:7. А және В металдарының қатынасы 5:6 болатындай жаңа құйма алу үшін алғашқы екі құйманы массасы бойынша қандай қатынаста алу қажет?

12.







Қоспа жез бен мырыштан тұрады. Бірінші бөлікте жездің үлесі – 60% және мырыштың үлесі – 40 %, ал екінші бөлікте бұл қатынас 7:3-ке қатынасындай. 1 кг жаңа қоспадағы жез бен мырыштың мөлшері 11:5 қатынасындай болуы үшін әр бөліктен қанша алу керек?

13.







Бір бөшкенің құрамы су мен спирттің қосындысы, оның ішіндегі спирттің үлесі 40 %, ал екінші бөшкедегі спирттің үлесі – 30 %. Спирт пен су 3:5 қатынасындай болатын 12 декалитр спирт ертіндісін алу үшін әр бөшкеден қаншадан алу керек?

14.







Екі ыдыста салмағы 4 және 6 кг болатын концентрациялары әртүрлі екі қышқыл бар.Оларды қосқанда 35%-тік қышқыл ерітіндісі алынды. Егер оларды бірдей массада алып қоссақ 36%-тік қышқыл ерітіндісі алынады. Әр ыдыстағы қышқыл массасын тап.

15.







Екі ыдыс бар. Біріншісінде 30 кг, ал екіншісінде – әр түрлі концентрациядағы 20 кг қышқыл ерітінділері бар. Егер осы екі ерітіндіні араластырса, 68 % қышқылы бар ерітінді шығады. Егер екі ерітіндінің бірдей массасын араластырса, 70 % қышқыл шығады. Бірінші ыдыста қанша қышқыл бар?

16.







Мыс, алюминий мен магнийден тұратын құймада мыстың массасы алюминий мен магнийдің массаынан 5 есе аз,ал магниийдің массасы алюминий мен мыстың массасының 25%-ін құрайды. Алюминийдің массасының магний мен мыстың массасына қатынасын тап.

17.







12 %-тік тұз қышқылымен толтырылған бөтелкеден 1л тұз қышқылын төгіп 1 л су құйды.Нәтижесінде бөтелкеде 3 %-тік тұз қышқылы пайда болды. Бөтелкенің сыйымдылығы қандай?









Күмістің екі қорытпасын алды. Бірінші қорытпадағы күмістің мөлшері екіншіге қарағанда 25%-ке көп. Оларды қосқанда күмістің 30%-тік құймасы алынды. Бірінші қорытпада күмістің 4 кг, ал екіншісінде 8 кг екені белгілі болса, әр қорытпаның массасын тап.

19.







Бірінші ыдыста 0,36 л, ал екіншісінде 0,42 л таза спиртті ерітті. Бірінші ыдыстағы сприрттің проценттік мөлшері екіншісінен 6%-ке артық болып шықты. Бірінші ыдыстағы ерітінді 4 л-ге аз екені белгілі болса, онда әр ыдыстағы спирттің проценттік мөлшерін есепте.

20.







40%-тік және 15 %-тік қышқыл ерітінділерін араластырып,оған 3 кг су қосып 20%-тік қышқыл ерітіндісін алды. Егер 3 кг су орнына 3 кг 80%-тік сондай қышқыл ерітіндісінен қосқанда 50%-тік қышқыл ерітіндісін алуға болар еді. 40% -тік және 15 %-тік қышқыл ерітінділерінің қанша килограмы араластырылды?

21.







30 пайыздық және 60 пайыздық қышқыл ерітінділерді араластырып, оған 10 кг таза су қосып, 36 пайыздық қышқыл ерітінді алынды. Егер 10 кг судың орнына 50 пайыздық 10 кг сол ертіндіні қосса, 40 пайыздық қышқыл ерітінді алушы едік. Жаңа ерітінді алу үшін қанша килограмм 30 пайыздық қышқыл ертінді қолданылды?

22.







Екі кесек мырыш, жез және қалайының қорытпасынан тұрады. Бірінші кесекте жез – 40 %, ал екіншісінде – 26% жез бар. Мырыштың пайыздық мөлшері екі кесекте бірдей. Бірінші кесектің 150 г-ын және екіншісінің 250 –ын қорытқанда 30 % мырышы бар жаңа қоспа алынды. Жаңа қоспадағы қалайының салмағы?

23.







Мыстың екі әр түрлі ерітіндісін алды. Бірінші ерітіндідегі мыстың проценттік мөлшері екіншісінен 40%-ке аз. Екі ерітіндіні қоса қорытқанда құрамында мысы 36%-тік жаңа қорытпа пайда болды. Бірінші ерітіндіде мыс 5 кг , ал екіншісінде екі есе көп болғаны белгілі. Әр ерітіндідегі мыстың проценттік мөлшері қанша?

24.







Мыс пен мырыштың екі қорытпасы бар. Осы қорытпаларда мыстың пайыздық мөлшері сәйкесінше р1% және р2%. Екі қорытпаны бірге еріткенде, р% мыс алу үшін осы екі қорытпаның массасы қандай қатынаста болуы керек?

25.







Зауытқа 20 т мыс және 10 т қорғасын әкелінді. Олардан үш қорытпа әзірленді. Бірінші қорытпада мыс пен қорғасынның қатынасы сәйкесінше 3:2, екіншісінде 3:1 және үшінші қорытпада 5:1. Егер бірінші және екінші қорытпаны бірге әзірлегенде, одан үшіншіге қарағанда 4 есе көп мөлшерде алынса, қорытпаның массасы қанша?

26.







Үш ыдыс бар. Бірінші ыдысқа 4 кг 70%-дық қант шәрбатын, ал екіншісіне 6 кг 40%-дық қант шәрбатын құйдық. Егер бірінші ыдысты үшінші ыдыспен араластырса, 55%-дық қант шәрбатын аламыз. Ал екінші ыдысты үшінші ыдыспен араластырса, 35%-дық қант шәрбатын аламыз. Үшінші ыдыстағы қант шәрбатының массасын және концентрациясын табыңыз.

27.







Ыдыста С0 концентрациялы V0 литр тұз бар. Осы ыдыстан а литр қоспа алынып, а литр су құйылды. Ыдысты араластырып, осылай n рет қайталанды. n рет қайталанғаннан кейін тұздың концентрациясы қанша болады?

28.







Толып тұрған 256 кг-дық бактан n кг қышқыл алынып, сумен толтырылды. Араластырғаннан кейін n кг ерітінді алынды және тағы да сумен толтырылды. Осылай 8 рет қайталанып жасалғаннан кейін бакта 1 кг қышқыл алынды. n-ды табыңыз.

29.







Ыдыста 12 л тұз қышқылы бар. Бір бөлігін құйып алып, сумен толтырды. Осылайша тағы да құйып алып, сумен толтырды. Әр құйып алғанда қандай мөлшерде сұйықтық алынады, егер ыдыста 25% тұз қышқылының ертіндісі қалса?

30.







Ыдыста 1250 л 80 %-дық қышқыл бар. Одан үш рет бірнеше мөлшерде қышқыл құйып алынып, сонша мөлшерде сумен толтырылды. Соңында 125 л қоспасыз таза қышқыл қалды. Әр рет жасағанда қанша қышқыл алынды?

31.







Құрғақ құрылыс материалы цемент және құмнан тұрады. Цементтің мөлшері үштен бір болатындай Б қоспасын алу үшін, цемент және А қоспасын қандай қатынаста алу керек, егер цементтің мөлшері соңғы қоспада 20 % болса? 50 кг цемент және 200 кг А қоспасынан ең көп қандай мөлшерде Б қоспасын алуға болады?

32.







Мыс пен никельдің массалары бойынша қатынасы 2:1, 3:1 және 5:1 болатындай үш кесек бар. Олардан мыс пен никельдің қатынасы 4:1 болатындай массасы 12 кг-дық кесек балқытылды. Егер бірінші кесектің массасы екіншіге қарағанда екі есе көп болса, әр кесектің бастапқы массасы қанша?

33.







Үш қорытпа бар. Бірінші қорытпа 45 % қола және 55 % қорғасыннан, екіншісі 10% висмуттан, 40 % қоладан және 50 % қорғасыннан, ал үшіншісі 30% висмуттан және 70 % қорғасыннан тұрады. Олардан мөлшері 15 % висмуттан тұратын қорытпа алу керек. Осы қорытпада ең үлкен және ең кіші қорғасынның мөлшері қанша болуы мүмкін?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет