Конрад Аденауэр атындағы Қор


Қазақстанның шикізат саясаты және шикізатқа



Pdf көрінісі
бет167/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   178
Қазақстанның шикізат саясаты және шикізатқа 
тәуелділіктен шығу шаралары
Қазақстан өз тарапынан бай табиғи ресурстарға ие ел бола отырып, 
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ресурстық саясат туралы 
мәселені ойластырып келеді. Қазақстандағы көмірсутектерді өндіру 1899 
жылы 
4
 басталғанына қарамастан, Кеңес Одағы кезінде саяси уәждермен 
мұнай әлеуеті толығымен пайдаланылмады.
Сонымен қатар, 90-жылдардың басындағы алғашқы шетелдік инвести-
цияларды тартқан сектор мұнай-газ секторы болды. Елдің экономика-
лық және сыртқы саясатын қалыптастыруда маңызды мәселелердің бірі 
айқын себептер бойынша жер қойнауын пайдалануды басқару және рет-
теу болып табылады.
Сол жылдары ел басшылығы Қазақстанға «голланд ауруының» әсерін 
тигізбеу керектігін бірнеше мәрте атап өтті, көбінесе мұнай бағасынан 
тәуелсіз әртараптандырылған экономиканың маңыздылығы туралы 
айтылды, содан кейін тауарға тәуелділіктен арылудың алғашқы шара-
лары мен ұсыныстары әзірленді.
1994 жылы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орында-
рын геологиялық зерттеу және игеру жөніндегі жер қойнауын пайдалану, 
жер қойнауын қорғау және инвестициялық бағдарламаларды басқару 
мен реттеу тұжырымдамасы бекітілді. Осы тұжырымдамаға сәйкес, пай-
далы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу мен игеру саласын-
дағы инвестициялық саланы ашу және дамыту бойынша алғашқы қадам-
дар жасалды. Осылайша, инвесторлардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуі 
үшін геологиялық- экономикалық деректер жария етілді. Сонымен қатар, 
«Қазақстанның жаһандық теңгерімдегі стратегиялық жағдайын анықтау 
үшін әлемдік шикізат өнімдерінің әлемдік минералдық- шикізат кешенін, 
өндірісті, тұтынуды және сауда жасауды, сондай-ақ әлемнің дамыған және 
дамушы елдерінің шикізат саясаты туралы ақпаратты жинақтауға дайын-
дық» туралы шешім қабылдады 
5
.
Үкіметтің 2012 жылғы тамызда бекітілген «2030 жылға дейінгі Қазақстан 
Республикасының геологиялық саласын дамыту тұжырымдамасы» жер 
4
 http://www.neftegaz.kz/analitik- articles/istoriya- kazaxstanskoj-neftyanoj- otrasli.html.
5
 http://kazakhstan.news-city.info/docs/sistemsi/dok_pegmli/index.htm.


326
Қазақстан экономикасының трансформациясы
қойнауын ұтымды пайдалануға, геологиялық саланың инфрақұрылы-
мын дамытуға, инновациялық технологиялар мен қызметкерлерді дамы-
туға, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықты арттыруға және мемле-
кеттік жекешелік серіктестік тетіктерін дамыту үшін заңнамалық базаны 
жетілдіруге бағытталған 
6
.
Соған қарамастан, бүгінгі күні экономиканың мұнай бағасына тәуелділігі 
әлі де күшті болып отыр. Ресурстардың көптігі экономикалық дағдары-
стың алдын алуға мүмкіндік бере алмайды, ел экономикасының барлық 
секторларында оның айқын көрінісі болды.
2001 жылдан бастап Қазақстанда тұрақтандыру қорын құру немесе ШОБ 
субъектілерін қолдау, экономиканы әртараптандыру бойынша қабылданған 
түрлі бағдарламалар сияқты қолданылған құралдар жеткіліксіз болды. 
Бұрыннан бекітілген институциялық негіздер жеткілікті деңгейде орнықты 
емес және сыбайлас жемқорлыққа байланысты транспаренттіліктің 
жоқтығы шикізат тәуелділігін болдырмау үшін қабылданған шараларды 
әлсіретеді.
Қазақстан экономикасындағы шикізат саласының мәні барлық салаларда 
көрініс табады. Мысалы, 2015 жылы өнеркәсіп өндірісінің 2/3-і мұнай-газ 
секторына, тау-кен өнеркәсібіне және металл өнімдерін 
7
 өндіруге тиесілі. 
Тікелей инвестициялардың басым бөлігі
 
2017 жылы шамамен 70% тау-кен 
өнеркәсібі мен барлау жұмыстарын қамтиды 
8
. Қазақстанның экспортын-
дағы шикізаттың үлесі кейбір ауытқуларға қарамастан, өсіп келеді және 
2017 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша 86,6% құрайды (төмен-
дегі кестені қараңыз) 
9
.
6
 http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1200001042.
7
 https://www.oaoev.de/sites/default/files/page_files/Kasachstan- Update- Ost- Ausschuss.pdf.
8
 http://www.gtai.de/GTAI/Content/DE/Trade/Fachdaten/MKT/2016/11/
mkt201611222083_159840_wirtschaftsdaten- kompakt—-kasachstan.pdf?v=8.
9
 https://365info.kz/2017/08/kazahstan- menyaet-strukturu- eksporta/.


327
Германияның шикізаттық стратегиясы және Қазақстанның экономикалық саясатының 
бөлігі ретіндегі Германия мен Қазақстанның шикізаттық серіктестігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет