Тақырыбы: Көркем мәтіндегі «автор» ұғымының мәні– 1 сағ. 4 апта Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте «кейін шегінуі» мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, «жанрлық жад» қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады.
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының поэтикалық үрдісінің жаңаруын бір кездері жаңа көпжанрлық бірліктің қалыптасуына себепші болған әртүрлі жанрлық парадигмалардың (фольклорлық, әдеби, өзге мәдениеттің) өзгерістері мен өзара ықпалдасуын осы кезең өлеңтануының жетістігі деп білеміз. Қазіргі кезеңдегі жанрлық – поэтикалық үрдісті зерттеу мақсатында, жанр – мәтіннің барлық деңгейлерін әлемнің бір көрінісіне біріктіретін, шығарманың нақты тарихи түрі деген жанр тұжырымдамасын ұсынамыз.
Постмодернизмнің үндесу мәдениеті жанрлық ғұрыптардың біркелкіленуіне әкеліп, ұлттық-генетикалық және «кірме» жанрлардың типологиялық біртектілігін анықтайды. Өзімізге бұрыннан белгілі балладалар, поэмалар, толғаулар, сонеттер, эллегиялар, одалар сияқты жанрлармен қатар, бұдан сирегірек кездесетін жанрлар мен жанр тұлғалары (сонымен қатар, эпитафия, мадригал, эпиграмма, идиллия, дифрамб, рондо, секстина, сега, рубаят, хокку, спич, памфлет, гимн, реквием, күнделік, дәптер және т.б.) сияқты жанрлардың тілдік көркемдіктерінің өзгеріске ұшырау барысы оның пішіндік қалпын да түрлендіруге саяды.
Әдетте, элегия субьектісінің эмоционалдық күш-қуаты көбіне-көп біржақты болады. Бірақ, тәуелсіздік жылдар поэзиясының элегиялық эксперименттері бір сәтте бірнеше түрлі сезімді бастан кешіруге қабілетті объектінің күрделенген сана-сезімін көрсетеді. Мәтіннен тыс шынайылыққа және мәтінішілік кеңістікті құруға жанр тақырыбы ықпалдасады. Өлең атауынан айрылған «элегия» түсінігі мәтінді ұғынудың жолын табуға мүмкіндік береді. Сондықтан да біз элегия жанрындағы осындай өзгешелікті талдай отырып, ол туралы өз түсінігімізді келтіргенді жөн көрдік. Элегия деп мәңгілік болмысының жеке тіршілік ету мазмұнына сәйкес идеяны ұстанатын және оны жанр түзілудің барлық деңгейлерінде іске асыратын әлем көрінісі бар лирика жанрын атауды ұсынамыз. Әрине, бұл жылдардағы поэзияның жанрлық-түрлілік сипаты кішігірім өзгеріске түскендігін мойындауымыз керек. Ақындарымыздың қай-қайсысы (М. Шаханов, Т. Әбдікәкімов, С. Нұржан, Е. Раушанов, Н. Мәукенұлы, Ә. Қайран, Ж. Әскербекқызы, Д. Берікқажыұлы, Б. Бабажанұлы т.б.) болмасын дәстүрлі өлеңдік үлгілерді түрлендіруде жаңа үрдісті ұстануға талпыныстар жасады. Мәселен, жоғарыда аталған жанрларға қоса, болашақта ішкі жанрлық өзгеріске түсуі мүмкін жанр тудырушы өлеңдер көрініс бере бастады. Оны осы жылдар ақындарының жаңалыққа, жаңа форма іздеуге деген талпыныстарынан көруге болады. Тіпті, кейде бір ақынның тек бір жинағынан жаңа түрлік сипаттың бірнешеуін табамыз.
Қазіргі замандық жанрлық түзілістерді талдаудың арқасында, әлемнің жанрлық моделін қалпына келтіру үрдісінің барысында жанрдың барлық сыңарлары әртүрлі ауқымдағы өзгерістерге ұшырап жататыны белгілі болды. Әрбір жанрдың әлем көрінісі жанрдың кеңістіктік-уақыттық әлем түзуші сыңары арқылы берілетіндіктен, олардың ішіндегі өзгерістерге ең тұрақтысы кеңістіктік-уақыттық категория болып табылады.
№5 лекция.